Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517 Кб
Скачать
☆

48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.

Қазақ әдебиетінде Отан қорғау жолында шаһит болған жауыгерлер мұрасын жинақтауда белгілі ғалым, аудармашы Көбей Сейдеханов бірсыпыра еңбек сіңіріп келеді. Ғалым құрбан болған жауынгерлер өлеңдерін жинақтап, жазушы Б.Момышұлына «Алғысөз» жаздырып, «Жыраманат» аталатын тәуір жинақ құрастырды. К.Сейдеханов себелеп оқтың астында шын сағыныштан туған, жеке жолдарды архивтерден жинап жауынгерлерге үлкен ескерткіш жазады. Жауыргер жан сырын ашып, көсіліп хат жазуы үшін де сеніскен көңіл, ет-жақын туыстық керек. Өз отбасының жайы бір бөлек, мұндай да жауынгерлер рухани жетекшісі – жазушыларға көбірек үміт артады. Олардан рухани қамқорлық күтеді. Орыс әдебиетінде А.Толстой, Н.Тихонов, М.Шолохов, А.Сурков секілді аға буын жазушылар жауынгерлерден қисапсыз көп хат алған. Қазақ әдебиетінде жазушы мен жауынгер аралық байланыс – Жамбыл, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев тәжірибесінде қайталанған болуы керек. Қоршаудағы Ленинград халқы жампоз жыраудың «Ленинградтық өрендерім» жырын жырға жапсырып қойып, сол жыр рухымен тыныстады. Сондықтан майданнан, түрлі ұлт өкілдерінен ұлы жырауға хаттың ағыл-тегіл келіп жатуы заңды еді.

Майданда от кешіп жүрген жауынгерлермен жанды байланыста отырған кісінің бірі – жазушы Сәбит Мұқанов. Тап Сәбеңдей жауынгер жанына жақын келіп, жан сырын ақтарысқан екінші бір жазушы бола қоймаған шығар ол жылдары. С.Мұқанов мүмкін-қадары жауынгер тілегін орындап, жауап хат жазып отырған. Кейде майдандық баспасөз арқылы топтап жауап береді. Ойын бөліседі. С.Мұқанов сақтаған хаттар – жауынгер сөзі, көзі, жан сыры, ерлік рухы, адамгершілік келбеті. Жауынгер хаттары. Олар не жайында? Табиғатына, мазмұнына қарай топтасақ жауынгер хаттары әр алуан мәселелерді қамтиды. Таратып айтсақ, олар мынадай:

Бірінші сарын – майданға аттанып бара жатқан жауынгерлердің Отан алдындағы анты. Жан дүниесінің ерлік үні болып жеткен ақтық сөзін олар С.Мұқановқа айтып барады. Мәселен, комбат Бекішев Хакім: «Ақтөбедегі ұлттық бригадада комбат болып қызмет етеміз. Қызыл Армияның жиырма төрт жылдық тойын неміс басқыншыларымен күресіп отырған уақытта өткіздік. Жуырда майданға аттанғалы отырмын. Сәке, жұмысшы кедей табына жарық күн туғызған партия үшін, болашақ өмір үшін қызмет етемін. Керек болған уақытта қанымды, жанымды құрбан етемін. Інің Хакім», - деп жазды хатында. Демек, Отан қорғау жолында басын бәйгеге тігушілік – әрбір қазақ жауынгері үшін қағидаға айналған дерлік. Әрбір қазақ жауынгері Қаым ақын айтқан «Жау жолына атам сені, Бомба бол да жарыл жүрек» - деген девизбен енген еді қан майданға. Жазушыға жолданған бірсыпыра хаттардан біз осыны көреміз.

Екінші сарын – шайқасқа араласып лгереген түбіт мұрт жігіттер майдан ерлігін, жаудан алынған кекті жазушыға хат арқылы жеткізеді. Ерлік сипатын жеткізу, жазушының сол ерлік жайында шығарма жазуын өтіну сарындары бар ол хаттарда. «Мен 1992 Жылы туған құрдастарыммен бірге Отан қорғауға аттандым. Міне, содан бері...алты ай. Сізге хат жазып отрған кезімде екінші рет жараландым. Сізге арнап хат жазуға жарағаныма мақтанамын. Мен зенитшік-артиллеристердің қатарындамын. Неміс қара құстарының жазасын берудеміз. Олардың бірнеше самолеттерін атып түсірдік. Ілгері басып, елді пункттерді қайтарып алудамыз.

...Біз қан сасыған майданда, өткен, жауынгер бабаларымыздың жолын нық ұстаудамыз. Өз басымызды ойламаймыз. Ойлағанымыз қарындастың қамы.

...Мен биыл жиырма жастамын. Алайда, осы алты ай ішінде көрген қиындықты жиырма жылда көрген жоқпын. Әлі де талай қиындықтарды бастан кешірерміз. Туған жер, өскен елге сәлем айтыңыз. Тағы да жаза түсуге болатын еді, денемдегі жара мұрсат етпеді. Блиндажға түсіп демалуға тура келеді», - деп жазады хатында Орымбай Асылбаев деген жауынгер хатында.

Сол секілді ерлік даусын есіттірген хаттың бірі – лейтенант Андиржановтың хаты. Ол «Елдің жауға аттанарда үйімнен екі-ақ нәрсе алдым. Бірі – Сіздің «Сөз – Советтік Армия» деген кітапшаңыз, екіншісі – әкемнің ескі қылышы». Бұл екеуі қиын-қыстакһу күнде жакынгерлік досым болды. Сары аязда қатып, арып шарша,анда қолыма алып оқысам әр сөзі жауынгерлік рух, рухани азық болатын еді», - дейді.

Үшінші сарын – көптеген жауынгерлер Сәбеңді тылдағы тірегі санаған. Семьялық жағдайын айтып, үй-ішінен хат-хабар жеткізіп, жағдайы келіспей жатса отбасына қамқорлық жасауын өтінеді. «Елдегілерден хат ала-алмай жүргеніме жылдан асты», - деп жазады Ілиясов Сабыр. Ғали Орманов: «Сәбит.Аман-есенсіңдер ме? Балаларың сау ма? Жакеннің халі жақсы ма? Біз Москваға келіп, концертімізді комиссияға көрсеттік. Жақсы баға берді. Шарипов, Толыбеков, Тәжиев қатынасты. Бүгін жүреміз. Бағытымыз Солтүстік батыс жақ болар. Бірнеше өлең жаздым.

Ал, Сәбе, біздің үйдің халі не? Көз қырыңды сала жүр. Маркке арнайы сәлем айт, Әбділда, Мұхтар және басқаларына тегіс сәлем. Қош, Ғалиың!»

Төртінші сарын – көркем шығарма хақында. Қазақ жауынгерлері туған халқын, ана тілін сағынғанда жазушыға қазақ кітаптарын жіберсеңіз екен деп өтініш айтады. Көбіне олар С.Мұқановтың өз шығармаларын сұрайды. Бірнеше хаттан үзінді келтірейік.

...Тек бір арманым «Шах-нама» кітабының толық хикаясы мен «Мың бір түн» әңгімесінің жалғасын оқи алмай кеттім. Мүмкін, үмітсіз шайтан деген, тірі қалсақ оқуға да жетермін. Сәке, сізден сұрайтыным, қолыңыз тие қалса маған...әдебиет кітаптардан жіберсеңіз» (Асылбай Орымбаев хаты).

«Менен майдандық, гвардиялық сәлем. Кеше...көрші бөлмеге барып ем, жігіттердің бірінен Сіздің «Жұмбақ жалауды» көрдім де жатып жабыстым. Кеше землянкеме әкеліп түнимен оқып шықтым. Бұл бесінші рет оқуым еді.Оны үш рет майданнан бұрын, елде жүргенде оқыддым. Соңғы оқуым Ұлы Отан соғысы үстінде. Сонау майданның бір шебінде неміс бандаларын батысқа қарай қуып бара жатып қоналқалық жерде оқыдым. «Ат жалы, атан қомы» сияқты жерде оқысам да...өте мол әсер берді. Егер мүмкін болса «Есіл» деген романыңыздың бірер данасын және жолдас Әуезовтің «Абай» романының бірер данасын жіберсеңіз жақсы болар еді. (Шұғайып Бәшіров хаты).

Хат үзінділерінен не байқауға болады? Қазақ жігіттері шайқасқан кейбір жауынгерлік сапта қазақ тілінде газет шықпаған. Сол себепті олар 4-5 жыл бойы ана тілінде ешқандай материал оқымаған. Ана тілін сағынған. Сағыныштан туған халқының азаматтық тарихын білуге деген құштарлыққа ұласқанын көреміз.

Бесінші сарын – майдан комиссарлары, майдан газеттері тілшілері жауынгерлерді ерлік рухында тәрбиелеудің жолын, жөнін ақылдасады, патриоттық тақырыпта мақала, өлең жазып беруін өтінеді. «Сәке. Оңтүсітік Батыс майданындағы қазақ жауынгерлері мен командирлеріне 80-100 жол өлең жазыңыз. Газеттің көлемі шағын», - дейді Ілиясов Сабыр.

Алтыншы сарын – жаумен жағаласып жүрген жазушы ағайын өздері жаңбырша жауған оқтың астында жүріп жазған жаңа шығармасын аға жазушыға қуана хабарлайды. Қолжазбасын жолдап, баспасөзге ұсыну, қадағалауды Сәбеңе тапсырады. Өлеңі өртке тиген дауылдай Қасым ақынның атақты «Абдолла» поэмасы баспасөзге Сәбең арқылы жол алды. «Байкал», «Сәбитке» т.б. өлеңдері жазушы қолында сақталып, кейін өздері оралған соң өңделіп, жарық көрді. Ақша бұлт жыршысы Әбу Сәрсенбаевтың майданнан жазған мына хаты да пікірімізді қуаттайды. «Жұмыс баяғыдан гөрі де көбейіп барады. Алайда еңбек еткен болып жатырмын. Қазір «Қыр баласы» деген үлкен поэма үстіндемін. Әзірге 3000 жолы жазылды. Әлі көп жазу керек. Егерде мүмкін болса 25 жылдыққа шақырта көріңіз», - деп жазды ол.

Арқалы ақын Қасым Аманжолов «...Сізге, Сәке, борышым көп. Тірі болсам бір өтермін-ау деп жүрмін» деген хат жолдарын оқ өтінде жүрген қолында қаламы бар барша қазақ ақын-жазушылары ризашылығы деп қабылдасақ жарасады.

Жетінші сарын – туған топырақ, ел жұртына аман оралған жауынгер қанды майдан шежіресін хатқа түсіріп мемуарист райында көрінгіс келеді. Сәбит Мұқановтай жазушыға «жазғанымды сырлап берсеңіз» - деген тілек айтады. Бір ғана хатқа аялдайықшы. Совет Одағының Батыры Жәлле Қизатов: «Бірталай бастан кешкен әңгімені қазақ халқы білсе екен деген тілегім бар. Бірақ оны әшекейлеп жазуға халім жоқ. Одан маған қырғын соғыста ондап фашист өлтіру оңай. Сондықтан, Сіз, көмек бересіз бе? Жазып жіберсем, Сіз сырлауыңыз керек. Егер қолыңыз тисе жауап жазыңыз» - дейді.

Сегізінші сарын – қан майданда жиырма миллион құрбандықтың біріне айналып қаза болған, әйтпесе хабарсыз кеткен ағайын туыс, сүйген жар дерегін сұрап, анықтап беруін өтініп хат жазатындар бар.