- •Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Қр экономикасының даму жағдайы
- •2. Қр экономикасының салалық құрылымы
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
- •Мемлекеттік;
- •Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4.Өндіріс типтері.
- •Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тиімділік көрсеткіштері.
- •Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
- •4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •Негізгі қорлардың сипаттамасы
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау
- •5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •1.Айналым капиталының мәні , оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаты
- •Айналыс қорлары
- •Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
- •Мұндағы н а.Қ.- айналым құралын нормалау
- •Зтран-материалдың транспорттық запасы
- •Еңбек ресурстары
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
- •Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Еңбекақы төлеу.
- •2.Еңбекақыны анықтайтын факторлар
- •3. Еңбекақы түрлері
- •Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
- •Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.Б.
- •2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
- •3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау
- •4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
- •3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
- •Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Кәсіпорын пайдасы
- •Кесте 1 Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
- •2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар
- •2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.
- •3. Кәсіпорын қаржысын басқару
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Коллоквиум сұрақтары:
Еңбек ресурстары
Дәріс сұрақтары:
Кәсіпорын кадрлары және олардың құрамы мен құрылымы
Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау.
Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
Еңбек ресурстарын басқару
Кәсіпорынның кадрлары немесе еңбек ресурстары сол кәсіпорында жұмыспен қамтылған және оның тізім құрамына кіретін әртүрлі кәсіптік- квалификациялық топтарындағы жұмыскерлер жиынтығы. Тізім құрамына жұмысқа алынған, негізгі және негізгі емес жұмыспен айналысатын барлық жұмыскерлер кіреді.
Кәсіпорын кадрлар құрамының сандық, сапалық құрамдық сипаттары бар.
Еңбек ресурстарының сандық сипаттары мынандай көрсеткіштермен көрінеді.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің тізім саны - белгілі бір күнде негізгі және уақытша тізім құрамындағы жұмыскерлердің саны.
Келгендер саны - жұмысқа келген жұмыскерлер саны. Жұмысқа келгендер мен тізім құрамының арасындағы айырма бір күндік жұмысқа шықпау санын білдіреді.
Белгілі бір кезеңде жұмыскерлердің сандарын анықтау үшін орташа тізім саны көрсеткіші қолданылады. Бір айдағы жұмыскерлердің орташа тізім саны айдың әрбір календарлық күніндегі (мереке және демалыс күндері кіреді) жұмыскерлердің тізім құрамын қосып, айдың календарлық күндерінің санына бөлу арқылы табылады.
Орташа тізім санын дұрыс анықтау үшін жұмысқа алу жөніндегі бұйрық, басқа жұмыстарға ауыстыру, еңбек келісімін доғару туралы (жарлық) есепке алып, жұмыскерлердің тізім құрамының күнсайын есебін жүргізу қажет.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарының сандық көрсеткіштері еңбек ресурстарының қоры (Қер) (адам-күн немесе адам-сағат) ол мына формуламен анықталады:
Қер=Ротх Тор
Рот- жұмыскерлердің орташа тізім саны
Т-жұмыс кезеңінің орташа ұзақтығы (күн,сағат)
Сандық құрамы, біліктілік деңгейі бойынша кәсіпорын ұжымы тұрақты шама емес, ол әрдайым өзгереді: бір қызметкерлер жұмыстан босатылса, басқаларын жұмысқа алады.
Жұмыскерлердің орташа тізім саны мына формула бойынша анықталады:
Рор=1/2Р1+Р2+Р11+1/2Р12/12, ондағы Р1 ,Р2,Р3 ,Р11 , Р12 айлар бойынша жұмыскерлер саны.
2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
Кәсіпорында кадрлар тұрақты өлшем емес. Бір жұмыскерлер жұмыстан шығып жатса, екінші бірі жұмысқа қабылданып жатады. Кәсіпорындағы жұмыскерлердің қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер Мыналар:
Кадрларды қабылдау коэффициенті (Кқ) белгілі бір уақыт бірлігінде кәсіпорынға қабылданған жұмыскерлер санын сол кезеңдегі персоналдың орташа тізім санына бөлу арқылы табылады:
Рқ=Рқ/Рорт
Рқ - жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны, адам;
Рорт - персоналдың орташа тізім саны, адам.
Жұмыстан шыққан кадрлар коэффициенті (Кш)
Барлық себептер бойынша жұмыстан шығарылған жұмыскерлердің барлық санын, сол кезеңдегі орташа тізім санына қатынасы:
Рш=Рбос/Рорт
Рбос- кезең ішінде кәсіпорыннан босаған жұмыскерлер саны, адам.
Кадрлардың тұрақтылық коэффициенті (Кт) жалпы кәсіпорын бойынша, сондай -ақ жеке бөлімшелеріндегі өндірісті басқаруды ұйымдастыру деңгейін анықтағанда қолданылады:
Р т = 1-Рбос /Б +Рқ х 100
Бұндағы Рбос-есепті кезеңдегі өз қалауы бойынша және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан шыққандар саны.
Кадрлардың айналым коэффициенті Р айн = (Р бос + Рқаб) / Рорт
Кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті - белгілі бір мерзімде еңбек тәртібін бұзып немесе өз қалауымен жұмыстан шыққан адамдар санын сол кезеңдегі кадрлардың орташа тізім санына бөлу арқылы табылады.
Р тұр = Р шық / Рорт
Сапалық сипаты кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке категориялары мен топтарының құрамы мен сандық қатынастарымен анықталады.
Өндірістік кәсіпорындарда жұмыскерлердің атқаратын қызметіне қарай бірнеше категориялар мен топтарға бөлінеді.
Кәсіпорынның балансыда тұрған сауда мен қоғамдық, тамақ, медициналық және сауықтыру мекемелерінің, балалар бақшасының жұмыскерлері кәсіпорынның өнеркәсіптік еместік персоналына жатады.
Кәсіпорында тікелей өнімді өндірумен айналысатын адамдар өнеркәсіптік -өндірістік персоналға жатады.
Оған барлық кәсіпорынға негізгі, көмекші,қосалқы, қызмет көрсететін цехтардың; ғылыми-зерттеу,конструкторлық, технологиялық ұйымдар мен лабораториялардың ,заводты басқаратын барлық бөлімдер мен қызметтер,жабдықтардың,транспорттық құралдары күрделі және ағымдағы жөнделуін қамтамасыз ететін қызмет бөлімдерінің жұмыскерлері жатады.
Өнеркәсіптік -өндірістің персоналдық жұмыскерлері 2-ге бөлінеді:жұмысшылар және қызметкерлер.
Жұмысшыларға тікелей материалдық бағалауына жасайтын, негізгі құралдарды жөндейтін, жүк тиейтін, таситын ,материалдық қызмет көрсететін және т.б. адамдар жатады.
Олар негізгі және көмекші жұмысшылар болып бөлінеді.
Қызметкерлер тобына басшылар, мамандар және қызметкерлер жатады.
Басшыларға - кәсіпорын басшысы, оның бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, бас мамандар (бас бух,бас инженер, бас механик, бас эконом, бас технолог және т.б.)
Қызметкерлерге құжатты дайындаумен оны, есепке алып, бақылайтын, іс қағазын жүргізетін (агент, кассир, контролер, есепшілер, конструкторлар және т.б.)
Еңбек қызметтерінің сипатына қарай кәсіпорын кадрлары кәсібіне және мамандығына қарай бөлінеді.
Мысалы: экономист кәсібі бойынша жоспарлаушы, маркетолог, финансист, менеджер, бухгалтер т.б.бөлінеді.
Кәсіптік -квалификациялық құрылым штат кестесінде көрсетіледі.
Адам факторының кәсіпорын жұмысының тиімділігін жоғарылатуға әсер етуінің негізгі жақтары:
-кадрларды таңдау және олардың қозғалысы
-кадрларды дайындау және оларды үздіксіз оқуы
-жұмыскерлер құрамының тұрақтылығы және икемділігі
-жұмыскерлердің еңбегінің материалдық және моралдық бағалауды жетілдіру.
Жұмыскерлерді таңдау мен олардың қозғалысының екі белгісі бар:
1) жоғары кәсіби біліктілік және оқып үйренуге қабілетінің болуы
2) қарым-қатынас тәжірибесі мен бірігіп қызмет етуге дайын болу.
Кәсіпорын жұмыскерлеріне оқуға кеткен қаражат шығын емес,тұрақты жетіліп тұрудың,жұмыс күнін икемді пайдаланудың,өндірістік емес шығындарды азайтудың бірден-бір құрамы.
Жұмыспен қамтудың кепілі,кадрлардың кетуінің азаюы экономикалық эффекті қамтамасыз етеді; және ;жұмыскердің өз ісін тиімді жасауына, шығарып тастайды деген оймен алаңдамауға жағдай жасайды.
Қазіргі кезде еңбек өнімділігін және тиімділігін арттыру үшін тек сңбек ақы төлеу жүйесін жақсарту қажет.
3. Еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау және оның санын жоспарлау.
Персоналға қажеттілікті анықтау персоналды басқарудағы маңызды бағыт болып табылады. Персоналдың қажетті санын анықтау үшін қажетті мәлімет олардың кәсіби және біліктілік құрамы, өндііірістік бағдарлама, өнімділік (уақыт) нормасы, еңбек өнімділігінің жоспарланған өсуі, жұмыс құрылымы болып табылады. Кәсіпорынның персоналға деген жалпы қажеттілігі С(Ч) өндііріс көлемін К жоспарланған өнімділікке Ө бөлу арқылы табады.
С=К | Ө немесе Ч=О| В;
Адам санын дәл жоспарлау үшін есептеуді кесімді еңбек ақы алатын, мерзімді еңбек ақы алатын жұмысшылар, маман-қызметкерлер,қызмет көрсету персоналы бойынша саны есептеледі.
Еңбек қабілеттілігі бойынша жұмысшылардың санын анықтау.
Жұмысшылардың санын жоспарлауда бір жұмысшының бір жылдағы жұмыс уақытының балансы жасалады,сағат-адам, сағат-күнмен өлшенеді.
Өндірістік бағдарламаның жоспарлы еңбек сиымдылығы өнім бірлігіне еңбек шығынының жоспарлы нормативін жоспарланған өнімге көбейту арқылы табылады.
Осы мәліметтер негізінде және кесілді еңбек ақы алатын негізгі жұмысшылардың саны есептеледі:
А1к,ж,=Тжос,тех/ Фж х Кө.н
Мұндағы Ак.ж-кесімді еңбек ақы алатын негізгі жұмысшылардың саны
Тжос,тех- жоспарлы технологиялық еңбек сиымдылығы:
Фжос-бір жұмысшының жұмыс уақытының балансы
Көн-жұмысшының өнімділігін (уақыт) нормасының жоспарланған орындалу проценті
Мысалы: Жұмыстардың өндірістік еңбек сиымдылығы бір жылда 2.100 мың норма-сағат, бір жұмысшының жоспарланған жұмыс уақытының қоры, бір жылда 1870 сағат, өнімділік нормасының жоспарлы орындалуы 110%
Кесімді еңбек ақы алатын өндірістік жұмысшылардың санын анықтау қажет.
Шешуі: Ак.ж.=2.100000 /1870 х 1,1 х1021 адам.
Жұмысшылардың санын қызмет көрсету нормасы мен жұмыс саны бойынша анықтау.
Құрмет көрсету нормасы бойынша жұмысшылардың саны мына формула бойынша есептеледі.
Аж =М х С / Ну.н х Кауыс.,
Мұндағы Аж жұмысшылар саны
М-қызмет көрсету обьектілер саны
С- тәулігіне сменаның саны
К пер- келгендер санын тізім санына ауыстыру коэффициенті
Мысалы:
Цехта қызмет көрсетілетін станоктар саны-120, қызмет көрсету нормасы-8 станок, смена саны-2, бір жылдағы бір жұмысшының номинал жұмыс уақыт қоры-262 күн, нақты 232 күн. Қызмет көрсететін жұмысшылардың қажетті тізім санын анықтау қажет.
Шешуі: Аж= М хС /Нқ.к х Кауыс= 120 х 2 /8 х 1,13 =34 адам
Жұмыс орны саны бойынша жұмысшылар санын табу:
Аж = М х С хКауыс
Мұндағы: М-жұмыс орындарының саны
Басшылардың , мамандар мен қызметкерлердің санын анықтау
Олардың санын жоспарлау нормативтік әдіс негізіне жүзеге асады.
Әкімшілік- басқару персоналының санын анықтау үшін Розенкрану формуласы қолданылады:
п
А= ∑ х mі-tі /Т х Квн+tp/T х Кқ.у.б,/Кн.у.б.;
і=1
А- белгілі бір кәсіп, мамандық,бөлімнің әкімшілік- басқару персоналының саны
П- мамандардың белгілі бір категориялар жүктемесін анықтайтын ұйымдық-басқару жұмыс саны
Т- маманның есептеуде алынған календарлық уақыт аралығындағы еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс уақыты
Кқ.у.б -қажетті уақытты бөлу коэффициент
Кн.у.б.- қажетті нақты уақыт бөлу коэффициенті
tр-алдын-ала ессептеуде есептеуге мүмкін емес әртүрлі жұмыстарға кеткен уақыт
mі-тағайындалған уақыт ішінде (мысалы 1 жыл ішінде) і-ші ұйымдық басқару жұмыс түрі шеңберіндегі белгілі бір іс-әрекеттердің орташа саны
tі-і-ші ұйымдық басқару жұмыс түрі шеңберіндегі жұмыс түрін орындауға қажет уақыт
