- •Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Қр экономикасының даму жағдайы
- •2. Қр экономикасының салалық құрылымы
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
- •Мемлекеттік;
- •Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4.Өндіріс типтері.
- •Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тиімділік көрсеткіштері.
- •Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
- •4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •Негізгі қорлардың сипаттамасы
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау
- •5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •1.Айналым капиталының мәні , оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаты
- •Айналыс қорлары
- •Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
- •Мұндағы н а.Қ.- айналым құралын нормалау
- •Зтран-материалдың транспорттық запасы
- •Еңбек ресурстары
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
- •Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Еңбекақы төлеу.
- •2.Еңбекақыны анықтайтын факторлар
- •3. Еңбекақы түрлері
- •Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
- •Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.Б.
- •2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
- •3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау
- •4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
- •3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
- •Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Кәсіпорын пайдасы
- •Кесте 1 Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
- •2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар
- •2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.
- •3. Кәсіпорын қаржысын басқару
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Коллоквиум сұрақтары:
Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
Дәріс сұрақтары:
Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
Өнімнің өзіндік құны
Шығындарды экономикалық -элементтер бойынша топтау
Шығындарды калькуляция статьялары бойынша топтау
Өнімнің өзіндік құнын анықтау
Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар деп өнімді өндіру процесінде қолданылған табиғат ресурстарының, шикізат, материалдар , отын, энергия, негізгі қор,еңбек ресурстарының өндіруге, өткізуге кеткен шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Кәсіпорын шығындары олардың экономикалық қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын,оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар. Бұл ағымдағы шығындар , ол айналым капиталының ауыспалы айналымы арқасында өнімді өткізуден түскен түсім арқылы жабылады;
Өндірісті кеңейту мен жаңартуға кеткен шығындар. Ол негізгі қорға күрделі жұмсалымнан, айналым құралының норматив өсімінен, жаңа өндіріс үшін қосымша жұмыс күшін қалыптастыруға кеткен шығындардан тұрады. Олардың арнайы қаржыландыру көздері бар: амортизациялық аударым пайда, бағалы қағаздар шығару, несие т.б
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық және т.б кәсіпорын шығындары. Ол тікелей өндіріспен байланысты емес, көбіне арнайы қорлардан қаржыландырылады, көбіне бөлінген пайдадан;
Өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар мынадай белгілер бойынша жіктеледі:
Өндіріс процесіндегі атқаратын роліне қарай негізгі және қосымша шығындар деп бөлінеді. Негізгі шығындар тікелей өндірілетін өнімді қалыптастырады: материал,шикізат,жартылай фабрикаттар, жалақы,т.б.
Қосымша шығындар өндіріске қызмет көрсетуімен байланысты жабдықты ұстауға, цех, жалпы заводтың персоналға кеткен шығындар т.б.
Өнімнің өзіндік құнына ену тәсіліне қарай тікелей және жанама деп бөлінеді.
Тікелей шығындар бұйымның әрбір түрінің өзіндік құнына тікелей қатысты. Жанама шығындар тауар алынған базаға пропорционалды жеке өнім топтарына бөлінеді.
-Шығарылатын өнім көлемінің өзгерісіне қатысты шығындар тұрақты және айнымалы деп бөлінеді. Тұрақты шығындар шамасы өнім көлемінің өсуіне және азаюына байланысты өзгеріп отырады: (шикізат,мат, жұмысшы жалақысы,т.б.) тұрақты+ айнымалы=жалпы шығындар
Өндірісте пайдалану мерзіміне қарай күн сайынғы және ағымдағы және бір мезгілдек (бір реттік) шығындар.
2.Өнімнің өзіндік құны
Өзіндік құн деп өнімнің бір өлшем бірлігін өндіруге кеткен өндірістік шығындардың ақшалай формасы.Өнімнің өзіндік құны мынадай қызметтер атқарады:
1.Шығындардың есебін жүргізу.
2.Баға қалыптастырады.
3. инвестиция салу үшін экономикалық негіздеме жасайды.
4. Кәсіпорынның оптималды көлемін анықтайды.
Өзіндік құнның мынадай 2 түрін анықтайды:
1.Өндірістік өзіндік құн
2.Толық өзіндік құн
Өндірістік өзіндік құн өнімді өндіруге жұмсалатын барлық шығындардың жиынтығынан тұрады. Толық өзіндік құн өндірілген шығынға өнімді өткізу шығынының қоса есептейді.
Шығындар өскен сайын өнімнің бағасы да өседі. Ал ол нарықтағы бәсекелестік деңгейіне әсер етеді. Сондықтанда кез-келген кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құның төмендетуге тырысады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету кәсіпорын үшін мынадай артықшылығы бар
1.Тауар бағасын төмендетуге көмектеседі
2.Кәсіпорын пайдасын ұлғайтуға жол ашады.
3.Кәсіпорын қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
4.Кәсіпорын бәсекелестігін көтереді. Өнімнің өзіндік құны өнімді өндіріс процесінде қолданылатын табиғат ресурстарының, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары т.б. шығындардың құндық бағасын білдіреді.
Өзіндік құн ағымдағы шығын шамасын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар экономикалық мазмұны бойынша былай топталады.
Материалдық шығындар, еңбек ақы төлеу шығындары,әлеуметтік қажеттілік аудару, негізгі қор амортизациясы, басқа шығындар.
Материалдық шығындар халық шаруашылығының барлық саласында (қазып шығаратын өндірістен басқасында)өзіндік құнының негізгі бөлігін құрайды. Оның құрамына: шикізат,материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар отын ,энергия тағы басқа кіреді(ыдыс ,орау материалдары,инстремент,зап части,т.б)
Материалдық ресурстар шығынымен қайтарылған қолдану құны шегеріліп тасталады. (шикізат, матер, жарт.фабрикаттар өз тұтыну қасиетін жойып,тікелей қолдануға болмайды).
Еңбек ақы төлеу шығыны өнімнің өзіндік құнына қажетті жанды еңбектің қатысатынын білдіреді. Оған негізгі өндірістік персоналдың еңбек ақысы кіреді. Кесімді баға бойынша, тарифтік ставка және қызмет баға бойынша есептелінген еңбек ақы немесе натуралды төлеу, қосымша төленген ақы.Өндірістік нәтиже үшін төленген сыйақы, кезекті және қосымша демалыс алып қызмет еткен мерзімі үшін төленетін төлем выслуга работ) т.б
Өзіндік құнға мыналар кірмейді: материалдың көмек,ветерандарға төленген ақы, емделуге немесе демалуға берілген жолдама ақысы,дивиденттер, компенсация, жол ақысы т.б.
3. “Әлеуметтілік қажеттілікке аудару”
Бұрын жейнеткер қорына, Мемлекеттік жұмыспен қамту қорына, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру органдарының қойған нормасы бойынша аударымдар кірген болатын. Бюджеттен тыс қорлар, мақсатты қорларды деп аталды.Қазір тек әлеуметтік салық кіреді. Әлеуметтік қажеттілік алдын ала белгіленген норматив бойынша еңбек ақыдан есептелінеді.Оған жататындар еңбек ақы жинақтау жарнасы, сақтандыру жарнасы,медициналық сақтандыру жарнасы.
Негізгі қор амортизациясы- негізгі өндіріс қорлардың тығыз қалпына келтірілуі үшін олардың аударымдар сомасы кіреді, ол баланстық құн болып септеледі.
Босқа шығындар-салықтар, алымдар, арнайы қорларға аудару, несие бойынша төлемдер, командировкаға кеткен шығын, байланыс қызметіне төлеу, т.б. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем,амортизациялауға төлеу,т.б.
Өндірілген өнім өзіндік құнына кірген шығындар жалпы өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайды.
Егер өндірістік өзіндік құнда аяқталмаған өндірістің қалдық өзгерісін ескерсек (алсақ немесе қоссақ). Онда товар өімінің өндірістік өзіндік құнын анықтаймыз. Оған өнімді өткізуге кеткен шығындар мен жоғарғы ұйымдарға аударылатын аударымдармен байланысты өндірістен тыс шығындарды қоссақ,товар өнімінің толық өзіндік ақысын аламыз.
