Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_SABIROVA_K_1241_siporyn_ekonomikasy.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
814 Кб
Скачать
☆

4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

Өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi бағыттары:

  1. ҒТП.- жаңа технологияға көшу:мембрандық, лазерлiк, плазмалық, жоғары қысымды пайдалану, т.б.

  • өндiрiстi автоматтандыру-робот техникасы, роторлы, роторлы-конвейерлiк желiлер,пластикалық, металл өнiмдерiн, металл ұнтағын, керамика, т.б. материалдарды қолдану.

  1. Үнемдеу режимi-ресурс үнемдеу, сақтау, қалдықсыз технология,

  2. өндiрiстiк негiзгi қорды қолдану деңгейiн жоғарылату,

  3. экономика құрылымын жетiлдiру.

2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі

4-тақырып (4 сағат)

Кәсіпорынның негізгі капиталы

Дәріс сұрақтары.

  1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы

  2. Негізгі өндірістік қорларды бағалау.

  3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері.

  4. Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.

5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары

1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы

Кәсiпорын капиталы материалдық-заттық көрiнiсiнде негiзгi капитал мен айналым капиталынан тұрады. Негiзгi капиталға ұзақ мерзiмдi қолданылатын (ғимарат, қондырғы, машина, құралдар, т.б.) материалдық факторлар жатады. Көп жағдайда негiзгi капитал негiзгi қормен теңестiрiледi, бiрақ негiзгi капитал ұғымы одан гөрi кеңiрек, яғни негiзгi капитал - негiзгi қор + аяқталмаған құрылыс және ұзақ мерзiмдi инвестиция, яғни, капитал запасының өсiмiне бағытталған ақшалай қаражат.

Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін, өзінің құнын дайын өнімге амаортизациялық аударым ретінде біртіндеп аударатын, өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын кәсіпорынның материалдық құндылықтардың бір бөлігін немесе өндіріс құралдарын айтамыз.

Негізгі қорлардың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар (өндірістік емес негізгі қорлар).

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады ( тұрғын үйлер, мәдениет, спорт кешендері, балашақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер)

Негізгі қорлар - ұлттық байлықтың негізгі бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет.

Негізгі қорлардың сипаттамасы

Топтардың аттары

Қолданылуы және қысқаша мінездемесі

I.Ғимараттар

өндірістік архитектура және құрылыс объектілері(цехтар, қоймалар, өндірістік лаборваториялар және т.б.)

II.Құрылыстар

өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс объектілері(тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары,автомобиль және темір жолдары т.б.)

III.Жіберу құралдары

Энергияны сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)

IV.Машиналар мен құралдар

1.Күш машиналары мен құралдар

(генераторлар, электр бөлшектер,бу машиналары, трубиналар т.б.)

2.Жұмыс машиналар мен құралдар

Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар ( станоктар, прессмашиналар, терминалдық пештер, көтеру тасымалдау механизмдері т.б.)

3.Өлшеу реттеу приборлары мен құралдары,лабороториялық құралдар

өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, тезнологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабороториялық зерттеулер жүргізуге қажетті

4.Есептеу техникасы

Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы

5.Басқа да машиналар мен құралдар

(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)

V.Тасымалдау құралдар

Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)

VI.Құрал-сайман

өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу,ұру саймандары, штамптар т.б.)

VII.Өндірістік түгендеме (инвентарь)

өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)

VIII.Шаруашылық түгендеме (инвентарь)

Көбейту және қайта түсіру аппараттары,стол, шкаф т.б.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және гоеграфиялық жағдайлары және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]