- •Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Қр экономикасының даму жағдайы
- •2. Қр экономикасының салалық құрылымы
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
- •Мемлекеттік;
- •Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4.Өндіріс типтері.
- •Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тиімділік көрсеткіштері.
- •Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
- •4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •Негізгі қорлардың сипаттамасы
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау
- •5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •1.Айналым капиталының мәні , оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаты
- •Айналыс қорлары
- •Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
- •Мұндағы н а.Қ.- айналым құралын нормалау
- •Зтран-материалдың транспорттық запасы
- •Еңбек ресурстары
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
- •Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Еңбекақы төлеу.
- •2.Еңбекақыны анықтайтын факторлар
- •3. Еңбекақы түрлері
- •Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
- •Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.Б.
- •2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
- •3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау
- •4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
- •3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
- •Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Кәсіпорын пайдасы
- •Кесте 1 Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
- •2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар
- •2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.
- •3. Кәсіпорын қаржысын басқару
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Коллоквиум сұрақтары:
1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудын басты көрсеткіші ретінде қаралады.
Осыған байланысты, ол нақты тұтынушылардың , нақты зеттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы ішкі және сыртөы нарығының қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады.
Сонымен қатар,кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелестікті зерттеу, баға саясатын өамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды қалыптастыру жәнеде т.б. шаралар жатады.
Тауар өндіруші мен тұтынушыны байланыстыру және олардын бірін-бірі табуға жәрдем беру- маркетинг іс-әрекетінің басты мақсаты болып табылады.Маркетинг,кәсіпорынның кез-келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің манызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг- бұл нарықты талдау, кәсіпорындар қызметінің түрлерін өзара іс-әрекеттерін қамтмтын өндірісті ұыймдастыру жәнеөнімді өткізудегі кешенді жүйе: жоспарлау, баға құрылымы,сату операциялары, шикізаттарды,тауарларды жеткізужәнет.б. қызметтер.
Маркетингтін негізгі мақсаты-сату операцияларынан ең жоғарғы пайда табу,негізгі міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын және стратегиялық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету.
2. Кәсіпорынның маркетингтік ортасы дегеніміз маркетинг қызметінің басшыларына өз клиенттерімен сәтті байланыс жасауларына тиімді ықпал ететін және кәсіпорыннан тыс іс атқаратын субъектілер жиынтығы.
Маркетингтік орта:
үлкен;
ықшам ортадан тұрады.
Үлкен орта – ұйымның маркетингтік қызметіне шешуші ықпал ететін демография, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және мәдени факторлардың жиынтығы (2.1-схема).
2.1-схема. Кәсіпорын қызметін қамтитын үлкен ортаның негізгі факторлары
-
-
Орталар
Демографиялық
Экономикалық
Табиғи
Ғылыми-техникалық
Саяси
Мәдени
Кәсіпорын
-
Демографиялық орта:
адамдардың жасы, жынысы, отбасы мүшелерінің саны;
табыс мөлшері, кәсіби мамандығы, білімін;
адамдардың өсу, туу, өлу көрсеткіштері.
Экономикалық орта:
тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі;
баға, жинақ, несиелер;
жұмыссыздық;
инфляция және табыс көздері;
тұтыну шығынының көлемі;
Жалпы ұлттық өнім;
Жалпы ішкі өнім;
жан басына шаққандағы табыс пен шығын және басқа да мәселелер.
Табиғи орта:
айналадағы ортаны қорғау және оны тиімді пайдалану;
шикізат түрлерінің жетіспеушілігі (дефицит);
тұщы су;
энергия көздері;
айналадағы ортаның ластануы;
өнеркәсіп қалдықтары және басқа да мәселелер.
Ғылыми-техникалық орта:
ғылым мен техниканың жетістіктері және оларды жеделдету жолдары;
өндірісті автоматтандыру;
ғарыш кешендері;
медицина және фармакология;
тәжірибелер жасау;
жаңалықтар ашу және басқа да салалар.
Саяси орта:
кәсіпкерлік қызметті реттеу заңдылықтары;
заңдылықтардың сақталуын қадағалау;
қоғамдағы әр түрлі заңдар, ережелер, қаулылар, нұсқаулар мен жарлықтардың дұрыс қабылданбауы мен олардың дер кезінде орындалуын және басқа да салаларды қадағалау.
Мәдени орта:
халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары;
өнер, кино, театр туындылары;
атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани құндылықтар;
мәдениет және өнер туындылары, сондай-ақ қолөнері;
адамдардың өзіне деген пайымы, адамдардың өзара қарым-қатынастары, адамдардың қоғамдық құрылымдармен қарым-қатынасы, адамдардың қоғаммен байланыстары, адамдардың табиғатпен қарым-қатынасы, адамдардың шартараппен, әлеммен байланыстары.
Ықшам орта – кәсіпорынның өзіне және клинтураға зат берушілер, клиенттер, бәсекелестер, қарым-қатынас аясы және т.б. қызмет ету мүмкіндіктеріне қатысты элементтердің жиынтығы
Қаржы бөлімі қаржы жағдайын қарастырады. Ол маркетингтік жоспарды нақтылы іске асыру үшін қажетті қолма-қол ақшамен, оларды қолдану жұмыстарымен айналысады.
Ал ғылыми зерттеу бөлімі зиянсыз тауарларды жобалау жұмыстарымен, техникалық зәруліктерді анықтаумен және оларды өндірудің тиімді әдістерін іздестіріп, табумен шұғылданады.
Өндіріс бөлімінің негізгі бағыты қажетті мөлшерде тауарларды өндіруді қамтамасыз ету.
Материал және техникамен қамту бөлімі қажетті ішкі заттар мен бөлшекетердің жеткізіп тұруына тиісті жағдай жасауға міндетті.
Бухгалтерлік есеп бөлімі кәсіпорынның кірісі мен шығысын бақылайды және маркетинг қызметкерлерін көзделген мақсатқа жетудің қаншалықты сәтті жүріп жатқандығы жөнінде хабардар етіп отырады.
Жабдықтаушы – бұл кейбір нақты тауарлар өндірісіне және көрсетілетін қызметтерді қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын іскер кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.
Маркетингтік делдалдар – бұл кәсіпорынға тауарлардың клиенттер арасындағы қозғалысын реттеуіне, тауарды өткізіп, таратуына көмектесетін кәсіпорындар.
Бұларға:
тауар өндіруді ұйымдастыратын кәсіпорындар;
маркетинг қызметімен айналысатын агенттіктер мен қаржы мекемелері жатады.
Сауда делдалдары – клиенттерді іздеумен, оларға тауарды тиімді сатумен айналысатын іскер кәсіпорындар. Тауар қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіпорындар компанияға өз өнімдерінің қорын құруға да көмектеседі.
Маркетингтік қызмет көрсететін агенттіктер: маркетингтік ғылыми зерттеулер кәсіпорындары, жарнама агенттігі, жарнама құралдарын іздестіруді немесе жасап шығаруды ұйымдастыру, маркетингтік қызмет туралы тиісті кеңестер беретін кәсіпорындар. Олар компанияның көздеген мақсаттарына жетулеріне ең қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді.
Қаржы-несие ұйымдары – банктер, несие және сыртқы ұйымдар. Олар тауарларды сату және сатып алу барысында туындайтын төтенше, қолайсыз жағдайлардан сақтануға жәрдемдесетін, сондай-ақ кәсіпорынға нендей бір істі қаржыландыруда ақшалай көмек беретін ұйымдар.
Клиенттер
Кәсіпорын өз клиенттерін нарықтың төмендегі бес түрі бойынша анықтайды Тұтыну нарығы. Өздерінің жеке тұтынулары үшін тауарларды (ақылы қызмет көрсетуді) сатып алатын үй шаруашылығындағы адамдар.
Өндірушілер нарығы. Тауарларды өндіріс процесінде қолдану үшін сатып алатын ұйымдар.
Белгілі бір уақыт аралығындағы сатушылар нарығы. Бұл белгілі бір мөлшерде пайда табу мақсатында тауарлар мен қызмет көрсетуді қайта сату үшін алатын ұйымдар.
Мемлекеттік мекемелер нарығы. Бұл тауарлар мен қызмет түрлерін коммуналды қызмет саласында қолдану немесе оларды тұтынатын адамдарға беру мақсатында сатып алатын мемлекеттік ұйымдар.
Белгілі бір уақыт аралығындағы нарық. Бұл – шетел тұтынушылары мен тауар өндірушілері, яғни халықаралық нарық.
Бәсекелестер
Қандай да бір кәсіпорын болмасын өзінің қызмет барысында көптеген бәсекелестермен кездеседі. Бұл нарықтық қатынастар заңдылығы.
Кәсіпорындардың маркетинг қызметі бәсекелестерін танып-білуі үшін ең алдымен адамдардың сатып алушылардың қандай шешім қабылдайтынына көз жеткізу қажет. Кәсіпорындардың және оларға субъектілері: делдалдардың, бәсекелестердің, байланыс саласының макро деңгейдегі ортада атқарылады.
Нарықтық экономикада бәсекенің негізінен төрт түрі кездеседі (2.5-схема):
Тілекті бәсеке, яғни тұтынушының тауарға қанағаттануынан туған ізгі тілек.
Тауарлы-сабақтас бәсеке, яғни қандай да бір нақты тілектерді қанағаттандырудың басқа да әдістері.
Тауарлы-көрнекті бәсеке, яғни тұтынушының талап-тілегін қанағттандыру үшін, сол тауардың алуан түрлі болуы.
Маркалы бәсеке, тұтынушының қажетін қанағаттандыру үшін тауар маркаларының көп болуы.
. Бәсекенің негізгі түрлері
Мен қандай тілегімді
қанағаттандыра аламын?
Көліктік жағдайымды
жақсарту үшін нені сатып алуым қажет?
Көліктің қандай
маркасын алуым керек?
Көліктің қандай
маркасын алуым керек?
Тілекті бәсеке:
Көлік құралы; Жиһаз; Саяхат.
Маркалы бәсеке:
Жигули; Мерседес; Ауди.
Тауарлы-көрнекті
бәсеке: Үш жылдамдықты; Бес жылдамдықты.
Тауарлы-сабақтас
бәсеке: Машина алу; Мотоцикл алу;
Велосипед алу.
Байланыс аясы
Байланыс аясы кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына жетулеріне ықпал ететін немесе ұйымдастыру жұмыстарында нақтылы немесе мейлінше мүдделі кез келген топ..
Игілікті аудитория – кәсіпорын қажетсінбейтін топ, өндіріс орны өзінің іс-әрекетіне мүдделі топтарды тартпауға тырысады. Алайда олар пайда болған ретте мұнымен есептесуге тура келеді.
Қажетсіз аудитория – кәсіпорын қажетсінбейтін топ, өндіріс орны өзінің іс-әрекеттеріне мүдделі топтарды тартпауға тырсады. Алайда олар пайда болған ретте мұнымен есептесуге тура келеді.
Кез келген кәсіпорын байланыс аудиториясының мына төмендегі жеті түрінің пайда болу жағдайында қызмет етеді:
Қаржы бөлімі. Бұл кәсіпорынның өзін-өзі қаржымен қамтамасыз ету жүйесі.
Мұндағы негізгі байланыс аудиториялары:
банктер;
инвестициялық компаниялар;
қор биржасының брокерлік фирмалары;
акционерлер.
Ақпарат құралдарының байланыс аясы. Бұл жаңалықтардың, мақалалар мен редакциялық түсініктемелердің мезгілінде таратылуын ұйымдастыру. Мұны газет-журналдар және басқа басылымдарды тарататын органдар, радиостанция, теледидар орталықтары және т.б. жүзеге асырып отырады.
Мемлекеттік мекемелердің байланыс аясы. Кәсіпорын міндетті түрде мемлекеттік жүйедегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы үнемі хабардар болуы тиіс.
Жұмыс істеп тұрған азаматтық топтар. Бұлар маркетингтік шешім қабылдау барысында тұтынушылардың сұранысын, талап-тілектерін ескеруі қажет.
Жергілікті байланыс аясымен кез келген кәсіпорын тығыз қарым-қатынаста болуға тиіс.
