- •Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
- •1. Қр экономикасының даму жағдайы
- •2. Қр экономикасының салалық құрылымы
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
- •Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Кәсіпорын мәні, оның басты мақсаты мен қызметтері
- •Мемлекеттік;
- •Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
- •4.Өндіріс типтері.
- •Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
- •Өндіріс тиімділігі. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тиімділік көрсеткіштері.
- •Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:
- •4.Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
- •2 Тарау. Кәсіпорын ресурстары және оларды қолданудың тиімділігі
- •Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, құрамы және құрылымы
- •Негізгі қорлардың сипаттамасы
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау
- •5. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
- •1.Айналым капиталының мәні , оның құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
- •Айналым қаражаты
- •Айналыс қорлары
- •Айналым қорларының ауыспалы айналысы және оны жеделдету жолдары
- •Мұндағы Нб - өндiрiстегi материалдың бiркүндiк шығыны, теңге,
- •Мұндағы н а.Қ.- айналым құралын нормалау
- •Зтран-материалдың транспорттық запасы
- •Еңбек ресурстары
- •2 Кәсіпорын кадрлар қозғалысы және оның көрсеткіштері.
- •Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
- •Еңбекақы төлеу.
- •2.Еңбекақыны анықтайтын факторлар
- •3. Еңбекақы түрлері
- •Еңбекақы төлеудің формалары мен жүйелері.
- •Мерзімді еңбек ақы төлеуде еңбек өлшемі жасалған жұмыспен көрінеді, ал еңбек ақы оның тарифтік ставкасына сәйкес есептеледі немесе нақты жұмыс жасаған уақытына берілетін ақымен есептеледі.
- •Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
- •1. Инвестицияның мәні мен түрлері.
- •Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т.Б.
- •2. Инвестициялық жобаны талдау, оның түрлері.
- •3. Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
- •4. Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.
- •Өнімді өндіру мен өткізу шығындары
- •Кәсіпорын шығындары және олардың түрлері
- •3.Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау
- •4.Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау
- •Цехтың өзіндік құны
- •Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •1. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің мәні
- •3 Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы
- •4. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы. Өндірістік бағдарлама
- •Өндірістік бағдарлама көрсеткіштері
- •Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Кәсіпорын пайдасы
- •Кесте 1 Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
- •2. Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы
- •3 Өндіріс пайдалылығы (рентабельділігі)
- •Кәсіпорын қаржысы
- •1. Кәсіпорынның қаржы түсінігі, қаржылық қатынастар
- •2. Кәсіпорынның қаржы ресурстары және олардың қалыптасу көздері.
- •3. Кәсіпорын қаржысын басқару
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі
- •Коллоквиум сұрақтары:
Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру адамның еңбек ету жағдайын қалыпты жағдай жасау және бұл кәсіпорындардың табысын жоғарылатады.
Тиімді еңбек жағдайын жасау үшін еңбек процессін реттеу қажет, ол үшін еңбек өнімділігінің және жұмыс уақытының шығынын талдау керек.
Еңбек өнімділігі өнімді өндіру процесінде еңбектің тиімділігі және нәтижелігі.
Еңбек өнімділігінің деңгейі уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен көрінеді.
Еңбек өнімділігі экономикалық көрсеткіш,тек жеке адам жұмысының нәтижелігі ғана емес,тұтас ұжымның іс-әрекетінің нәтижесі.
Еңбек өнімділігін өлшеу өндірілген өнім көлемін еңбек шығымына салыстыру түрінде еңбек нәтижесін салыстыру жолымен жүзеге асады. Осы шамалардың тікелей немесе кері қатысына байланысты екі көрсеткіш қолданылады:
өнімділік (выработка) және еңбек сиымдылығы (субек сіңіргіштігі).
Өнімділік (сағаттық,күндік,айлық)-жұмыс уақытының бірлігінде (Т) өндірілген өнім саны (Q) немесе айдағы,тоқсан немесе жылдағы орташа тізім жұмыскеріне келетін өнім саны.
Өнімділік=Q/Т, яғни өндірілген өнім санының жұмыс уақыты шығынына қатынасы.
Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.
Еңбек өнімділігі - өндіріс процесінде еңбектіңтиімділігі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады:
белгілі еңбек бірлігінде өнім шығарумен ( тура көрсеткіш)
еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш).
в = В/Т;
t = Т/В,
мұндағы: в – белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім
t – еңбек сыйымдылығы;
В – шығарылған өнім көлемі;
Т - өнім шығаруға кеткен нақты еңбек шығындары.
Еңбек өнімділігінң негізгі көрсеткіші - өнім шығару көрсеткіші.
Өнім шығаруды белгілеуге әртүрлі өлшем бірліктері қолданылады.
Табиғи өлшем бірліктері – тонна, метр, дана, дара, және т.б.
Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма/сағат бойынша алынады.
Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін артырудың ұйымдық- техникалық шаралары қарастырылып отырылады.
Еңбек өнімділігін арттырудың резервтеріне мыналар жатады:
1. Өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату:
өндірісті механикаландыру және автоматтандыру;
құрал-жабдықтардың жаңа түрін қолдану;
жаңа технологиялық процестерді қолдану;
өнімнің конструкциялық қасиеттерін жақсарту;
шикізаттың және жаңа конструкциялық материалдардың
сапасын арттыру.
2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:
қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту;
нормаларды орындамайтын жұмысшылардың санын азайту;
есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру;
өндірісті мамандандырудың деңгейін арттыру;
басқару құрылымын жақсарту.
3. Өндірістегі құрылымдық өщгерістер;
өнімнің жеке түрлерінің көлемі деңгейін өзгерту;
өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығын өзгерту;
жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектердің
көлемін өзгерту.
Өндірістің ішкі резервтеріне – техника мен жұмыс күшін аса тиімді қолдану және дамыту, жұмыс уақытын азайту, шикізат пен материалдарды үнемдеу, құрал- жабдықтарды дұрыс қолдану жатады.
Еңбекті нормалау.
Кәсіпорында еңбекті дұрыс ұйымдастыру үшін қандай да бір жұмыстың орындалуына еңбектің қандай саны керек екендігін білу қажет,басқаша айтқанда әрбір жұмыскердің еңбек шамасын қою,яғни еңбек нормасын анықтау керек.
Еңбекті нормалау-берілген өндіріс жағдайында нақты жұмыс немесе операцияны орындау үшін максималды мүмкіндік болатын уақыт санын анықтау(уақыт бірлігінде (сағат,смена) жасалатын
Кәсіпорындарда еңбекті нормалау- дұрыс субекті және жалақы ұйымдастырудың негізі; ол прогрессивті ,техникалық негізделген нормаларды енгізу негізінде құрылуы тиіс.
Еңбекті нормалаудың тәжірибе статистикалық және аналитикалық тәсілдері көрінеді. Барынша прогрессивті түрі деп аналитикалық тәсілді айтамыз, өйткені ол нормаларды қоюды ғылыми жағынан қарастырады, ал тәжірибе-статистикалық тәсіл кәсіпорында қалыптасуы жағдайда тек белгіленеді және оны жаңа кезең үшін салыстыруда ғана пайдаланады.
Аналитикалық тәсіл бір қатар операциялардың жүргізілуін қарастырады:
-құрамдас элементтерге бөлшектенген еңбек процестерін зерттеу
-еңбек шығындарына әсер ететін барлық факторларды зерттеу
-операцияның ең жетілген құрамын жобалау және оның орындалуын жобалау.
-жұмыс орындарына қызмет көрсетуді жақсартатын шараларды дайындау
-жұмыстарды орындауға кететін уақытты есептеу
-өндіріске нормаларды енгізу.
Аналитикалық тәсіл: 1) аналитикалық есептеу (дайын уақыт нормативтерін қолдану)
2) аналитикалық зерттеу (әртүрлі тәсілдерді хронометраж арқылы жұмыс уақытын зерттеуде нормалар анықталады.
Хронометраж – бұл жұмыс күнін суретке түсіру арқылы уақыт нормасын анықтаймыз.
Уақыт нормасы – белгілі бір ұйымдық техникалық жағдайда шығарылатын өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалатын уақыт шығыны.
Уақыт нормасының құрамына келесі элементтер кіреді:
Тн= Тн + Тк + Тк.ету + Тд.а. + Тү + Тдем,
Мұндағы: Тн – негізгі уақыт;
Тк – көмекші уақыт;
Тк.ету – жұмыс орнына қызмет ету уақыты;
Тд.а. – дайындау және аяқтау уақыты;
Тдем – демалыс уақыты;
Тү – технологияларға және өндіріс процесін ұйымдастыруға
байланысты болатын үзілістер уақыты.
5. Еңбек ресурстарын басқару Нарық экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвестициялық бағыты, ғылыми – техникалық процестің соңғы нәтижелерін қолдану? өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчестволық жағынан қарауға және жоғарғы дәрежеге мамандар дайындауға ықпал жасайды.
Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз – жұмысшылардың еңбек функцияларын атқарған кезде өздерінің барлық мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдануына әсер ететін принциптер мен әдістердің жиынтығы. Еңбек ресурстарын басқару мынадай бағыттарын тұрады:
еңбек ресурстарын жоспарлау;
өндіріске қажетті еңбек ресурстарын анықтап, оған кететін шығындарды жұмысқа қабылдау;
еңбек ресурстарын жұмысқа қабылдау;
жұмыс орындарына кандидаттар дайындау, конкурс ұйымдастыру арқылы жұмыскерді таңдап алу;
жұмыскердің еңбекақысын анықтау, еңбекақылы құрылымын анықтау;
жұмысқа алынған адамдарды кәсіпорынмен, ұйыммен, және оның басқа да бөлімшелерімен таныстырып, болашақ жұмыс орны жайлы түсінік беру;
берілген жұмысты неғұрлым тиімді орындау үшін еңбек ресурстарын оқыту және оқыту бағдарламасын жасау;
жұмыскердің еңбек іс-әрекетін бағалау, және бағалау әдістерін жасап, онымен жұмыскерді таныстыру;
еңбек етушінің жұмысын өсіру, төмендету, жұмыстан шығару, бір қызметтен басқа қызметке ауыстыру;
басқарушы кадрларды дайындау, келісім-шартын тоқтату, басқарушы кадрларды дайындаудың бағдарламасын жасау; басқарушы кадрлардың еңбек тиімділігін арттыру және мүмкіншіліктерін арттыруға бағыттау;
еңбек қарым-қатынастарын жақсарту;
халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын басқару әдістері үш топтан тұрады:
әкімшілік;
экономикалық;
әлеуметтік – психологиялық.
Осы топтаулар арқылы еңбек ұжымына, не болмаса жеке жұмыскерге әсер ету әдістері анықталады.
Кәсіпорындарға кадрларды басқаратын негізгі бөлімше – кадр бөлімі. Олар жұмысқа алу, жұмыстан шығару, жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыруды, іс қағаздарын дайындау және т. б. көптеген функцияларды атқарады.
8- ТАҚЫРЫП (2 САҒАТ).
