- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
Кәсіби мереке
Кәсіби және өзге де мерекелер – ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.
Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.
ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстанда келесі кәсіби және басқа да мерекелер атап өтілмек:
Ғылым күні – сәуірдің бірінші жексенбісі;
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – 21 мамыр;
Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі;
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
Эколог күні – 5 маусым;
Қаржы полициясы күні – 6 маусым;
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі;
Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі;
Полиция күні – 23 маусым;
Мемлекеттік қызметкер күні – 23 маусым;
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні – 28 маусым;
Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде;
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні – 13 шілде;
Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі;
Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі;
Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;
Шекарашы күні – 18 тамыз;
Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі;
Білім күні – 1 қыркүйек;
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі;
Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
Қазақстан халқы тілдерінің күні – қыркүйектің үшінші жексенбісі;
Атом саласының қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек;
Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
Әділет органдары қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек;
Мұғалім күні – қазанның бірінші жексенбісі;
Құтқарушы күні – 19 қазан;
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – қазанның соңғы жексенбісі;
Статистика күні – 8 қараша;
Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі – 15 қараша;
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі;
Прокуратура күні – 6 желтоқсан;
Кеден органдары қызметкерлерінің күні – 12 желтоқсан;
Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі.
Отан қорғаушы күні
1992 жылғы мамырдың 7-інде Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Нақ осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі – жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштері бас штабтары бекітіліп, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қайта құрылды. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери – Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.
Дәстүр бойынша Отан қорғаушы күні Қазақстан Президенті (Жоғарғы Бас қолбасшы) кезекті әскери атақтар тағайындап, көзге түскен әскери қызметшілерге наградалар тапсырады.
