Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби тақырыптар. 2-семестр 16г.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597 Кб
Скачать
☆

Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар

Басылымдар — мерзімді ақпарат көздерінің жиынтығы. Басылымдар — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді басылымдарға, олардың ішінде кәсіби салаға байланысты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшалары жатады.

Қазақстандық кәсіби басылымдар қатарына тоқталсақ: «AgroƏlem» HYPERLINK "http://www.agroalem.kz/about-journal"ауылшаруашылық журналы. Бұл АӨК саласындағы материалдарды дайындаудың халықаралық стандарттарына толық сәйкес келетін Қазақстандағы жалғыз салалық басылым. Материалдар қос тілде – мемлекеттік және орыс тілінде жарияланатындықтан жоғары сұраныста. «Аграрный сектор»HYPERLINK "http://www.agrosektor.kz/" ауылшаруашылық журналындаHYPERLINK "http://www.agrosektor.kz/" аграрлық салаға қатысты жаңалықтар, астық нарығы, егін шаруашылығы, агротехнология, мал шаруашылығы, өсімдік қорғау, ауыл шаруашылығының қайта өңделуі, ауыл шаруашылығы бойынша сұрақтар мен жауаптар келтірілген.

Ресейлік газеттер мен журналдар жайлы айтатын болсақ, мына кәсіби басылымдар мысал бола алады: «Новое сельское хозяйство» журналы бұл Ресей және ТМД елдеріндегі ауылшаруашылық саласына арналған танымал басылым. Журналда менеджмент, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақты өңдеу және сақтау мәселелерін шешу; ауыл шаруашылығының ең озық технологиялары; ресейлік, украиндық, белорустық қожалықтардың іс-тәжірибесі; басқа елдердің аграрларының іс-тәжірибесі; ауыл шаруашылық техникасы, өсімдіктер тыңайтқышы мен қорғау құралдары жайлы деректер берілген. «Ценовик» - ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мамандары мен басшыларына арналған журнал. 1997 жылдан бері жарыққа шығып келеді. АӨК мамандарына құнды, пайдалы ақпараттар ұсынатын «АГРО XXI века» журналы өсімдік шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды талқылайды. «Поле деятельности» журналы оқырмандарды озық технологиялармен, өсімдіктерді қорғаудың тиімді құралдарымен және минералды тыңайтқыштармен, жоғары өнімді тұқымдармен, пайдалы тәжірибелік кеңестермен, өзекті сұрақтар төңірегіндегі мамандардың кәсіби ұсыныстарымен, өздеріне тиімді коммерциялық ұсыныстармен, АӨК арналған жаңа құралдармен және заманауи ауыл шаруашылығы техникасының спектрімен таныстырады.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз және аударыңыз.

2-тапсырма.Оқыңыз және есте сақтаңыз. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Кәсіби сала

Ақпарат жиынтығы

Мерзімді басылымдар

Ағымдағы нөмір

Танымал басылым

Ақпарат көздері

Отандық басылымдар

Шетелдік басылымдар

Озық технологиялар

3-тапсырма. Бірнеше сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

4-тапсырма.Берілген тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

Жоғары өнім, өзекті сұрақтар, жаңа құралдар, заманауи техника.

5-тапсырма. Сөздерді жұптастырыңыз.

Ауыл шықты

жарыққа өнеркәсібі

Тамақ стандарт

халықаралық шаруашылығы

СОӨЖ

  • Білікті маман ол қандай? Сұхбат.

  • Отандық басылымдар туралы пікіріңіз.

СӨЖ

  • Отбасымызбен оқитын басылымдар. Шағын әңгіме жазу.

  • Мәтінді баяндаңыз.

12-тақырып.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырмалар орындату.