- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
Өнім сапасы
Өнім сапасы – өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі.
Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін.
Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған.
Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс.
Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т.б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.
Өнім сапасын жақсарту – өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т.б.
1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құраңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
Өнім сапасы дегеніміз не?
Өнім сапасының көрсеткіштері қандай болуы мүмкін?
Өнімнің сапалық қасиеттері қалай бөлінеді?
Өнім сапасын жақсарту дегеніміз не?
4-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз таптарына және сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді.
5-тапсырма. Берілген сөздерді және сөз тіркестерін пайдалана отырып, құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны.
СОӨЖ:
«Бағасы арзан, сапасы жоғары отандық өнім» тақырыбына әңгіме жазу.
«Өнім сапасын жақсарту» пікірталас.
СӨЖ:
«Қазақстан республикасында өнім сапасын басқару жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбына эссе жазу.
«Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару» тақырыбына реферат жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Қазақ Энциклопедиясы». Алматы, 2005ж
Экспорт
Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ «ноу-хау» нысанында) орналастыру.
Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерциялық операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықаралық экономикалық ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.
Тауардың экспорттық құны - шетелдік сатып алушыға ұсынылған шот бойынша айқындалатын құн, мұнда белгілі бір тауарлардың өткізілуіне байланысты шетелдік валюта түріндегі үстеме шығындар шегеріп тасталады.
Экспорттық баж (әкетілім бажы) — тауарлар экспорты кезінде мемлекет өндіріп алатын кеден бажы; елдің ішінде үлкен сұранымға ие өнім тапшылығына жол бермеу мақсатымен белгіленеді. Баждың мұндай түрінің шамасын белгілеу кезінде бұрын төленген сатудан алынатын салықтар мен акциздік алымдардың мөлшері ескеріледі.
1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құраңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз таптарына және сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Импортшылар мен экспортшылар несиені тікелей өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банкілерден алады.
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын жазбаша түрде ашыңыз.
Экспорттық лизинг, экспорттық әлеует, экспорттық детаксация, экспорттық кредиттер, экспорттық сыйлықтар.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Экспорт дегеніміз не?
Тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізуді не деп атайды?
Тауардың экспорттық құны дегеніміз не?
Экспорттық баж (әкетілім бажы) дегеніміз не?
СОӨЖ:
«Экспорттық лизинг, әлеует, детаксация, кредиттер, сыйлықтар» тақырыбына әңгіме жазу.
«Экспорт және ұлттық экономика» тақырыбына пікірталас.
СӨЖ:
«Шетелге астық шығару» тақырыбына эссе жазу.
«Қазақстанның тауар экспорты» тақырыбына реферат жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2;
Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі./ Ғ.Сейіткасымов, Б.Бейсенғалиев, Ж.Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9.
|
|
ИМпорт ? Э.Қ
8-тақырып.
