- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
Авторлық құқық
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама авторлық құқықты – автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар деп түсіндіреді. Ал автор өз кезегінде – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға. Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары.
Қазақстан Республикасының авторлық құқық саласында заңнамасы басты мақсаттарға және міндеттерге жетуіне бағытталған. Біріншіден, авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларды жасау бойынша қызметін ынталандыруы қажет. Осы мақсаттарда авторлық құқық шығармашылық еңбекпен айналысуға жағдай жасап мүмкіндік туғызады, жеткен шығармашылық нәтижелерінің қорғауын, құқықтық тануын және авторлардың соңынан олармен жасаған туындыларды қолдануына құқықты бекіту және табысты алуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, авторлық құқық қоғамның мүдделерінде туындылардың кең қолдануына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасының авторлық құқықтар туралы Заңның 7 бабына сәйкес авторлық құқық объектiлерi мыналар болып табылады:
әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
Авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Авторлық құқық объектілерінің авторлары оларға өте мәнді мүліктік (айрықша) және жеке мүліктік емес құқықтары бар, авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпiс жыл бойы күшiнде болады.
Авторлық құқықты қорғау – ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты қалпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.
1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құраңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
Авторлық құқық дегеніміз не?
Авторлық құқық не үшін қажет?
Авторлық құқыққа нелер жатады?
Туынды шығармалар авторлық құқыққа жатады ма?
Автор қайтыс болғаннан кейiн авторлық құқық қанша жыл бойы күшiнде болады?
Авторлық құқықты қорғау немен реттеледі?
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасының авторлық құқықтар туралы Заңның 7 бабына сәйкес авторлық құқық объектiлерi неше топқа бөлінеді?
Авторлық құқық маған не береді?
Авторлық құқық қажет пе?
4-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз таптарына және сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Қазақстан Республикасының авторлық құқық саласында заңнамасы басты мақсаттарға және міндеттерге жетуіне бағытталған.
5-тапсырма. Берілген сөздердің нобайлар, сәулет, туындылар, кескiндеме, мүсiндеме мағынасын жазбаша түрде ашыңыз.
СОӨЖ:
«Авторлық құқық объектілері болып табылмайтын туындылар» тақырыбына әңгіме жазу.
«Автордың мүліктік және мүліктік емес құқықтары» жайлы әңгіме жазу.
СӨЖ:
«Авторлық құқық интелектуалдық меншік объектілері ретінде» тақырыбына реферат жазу.
«Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы» эссе жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5;
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3;
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6.
ПАТЕНТ
Патент (лат. patents – ашылым).
1. Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және оның өнертапқыштықты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
2. Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға руқсат беретін құжат.
Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен — өнертапқыштықтың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Патенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапқыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін арнайы заңдар болып саналады.
Патент заңы (ағылш. patent law;). Осы Заңмен өнеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.
Интеллектуалдық меншіктің өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсіл топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердің атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі.
1-тапсырма. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, сөздік құраңыз.
2-тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
Патент латын тілінде нені білдіреді?
Патент қандай құжат?
Патенттік құқық дегеніміз не?
Патент заңы дегеніміз не?
Интеллектуалдық меншіктің өзге объектілерін қорғау немен реттеледі?
4-тапсырма. Берілген сөйлемді сөз таптарына және сөйлем мүшелеріне талдаңыз.
Патенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапқыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.
5-тапсырма. Берілген селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсіл топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары сөз тіркестерінің мағынасын жазбаша түрде ашыңыз.
СОӨЖ:
«Қазақстан Республикасында Патент негізінде жасауда кәсіпкерлік кызметтегі қатынастарды ретттейтін ұлттық заңнама» тақырыбына сұхбаттасу.
«Патенттеудің негізгі қызметі» жайлы әңгіме жазу.
СӨЖ:
«Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік» тақырыбына реферат жазу.
«Қазақстан Республикасында патент қатынастарын жүзеге асыратын органдар» эссе жазу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6;
https://www.topreferat.com;
Т.Қаудыров. Қазақстанның патент жүйесі //Заң 2001;
А.А. Амангелді. Современное законодательство РК. Алматы, 2002;
Қазақстан Республикасының Конститутциясы. (1995 жыл), ҚР Салық және бюджетке төленетін басқа да салымдары туралы, ҚР Азаматтық кодексі. (1994 жыл), ҚР Патент Заңы. (1999 жыл).
Лицензия ? Қ.Қ
9-тақырып.
