- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау.
3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттері 1995 жылдың 30 тамызындағы қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған.
Мамандық |
Міндеті |
Инженер |
Есептеу техникасының, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалана отырып жобалау, құрылыс, ақпараттық қызмет көрсету, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз ету, техникалық бақылау жөніндегі ғылыми-техникалық қызмет саласындағы жұмыстарды орындайды.
|
Маркетинг |
Өнім (тауар) өндіру және неғұрлым үлкен сұранысты және өткізу нарығын табатын қызметтерді көрсету жөніндегі шараларды әзірлеуді жүзеге асырады.
|
Техник |
Барынша білікті маманның басшылығымен қажетті техникалық есеп айырысуларды жүргізу, күрделі емес жобалар мен қарапайым схемалардың әзірлеу жұмысын орындайды, олардың техникалық тапсырмаларға, қолданылып жүрген стандарттарға және нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
|
Суретші (дизайнер) |
Ұйым бөлімшесінің тапсырмасы жөніндегі көркемдік-безендіру жұмыстарын уақытылы және сапалы орындайды. |
Сәулетші
|
Қала құрылысы, сәулет ғылымы мен тәжірибесіндегі отандық және шетелдік жаңа жетістіктер негізінде және автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып, қала құрылысы шешімдерін және жобалардың сәулеттік-құрылыс бөлігін жобалауды әзірлейді.
|
Еңбек тәртібі – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек қарым-қатынастарының жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, оның қағидаларын орындауға тараптардың өзара міндеттілігін білдіретін құқықтық категория.
Еңбек тәртіптемесінің ережелері
1. Жұмыс беруші еңбек тәртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді.
2. Еңбек тәртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді.
3. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек тәртіптемесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілетін жарғыларда және ережелерде реттеледі.
4. Еңбек тәртіптемесінің ережелерін орындау жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.
Еңбегі үшін көтермелеу
1. Жұмыс беруші қызметкерлерге еңбектегі жетістіктері үшін көтермелеудің кез келген түрін қолдануға құқылы.
2. Қызметкерлерді көтермелеудің түрлері мен оларды қолданудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушінің актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады.
Тәртіптік жазалар
1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
Тапсырмалар
1 тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз(жеке жұмыс)
2 тапсырма. Сөйлемді толықтырамыз (өз ойыңыз)
Мен еңбекке араласқанда, ең алдымен ...
Менің ойымша, еңбек жағдайының болуы....
Маған жұмыс уақыты мен демалыс уақытын алдын ала білген дұрыс, себебі...
Мен еңбек етуге қатысты құқықтарым мен міндеттерімді білу үшін ...
3 тапсырма. Төмендегі сөздерді аударамыз, олармен сөйлем құрастырамыз.
Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, тәртіптік жаза.
4 тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие.
5 тапсырма. Кроссворд шешейік
-
Қ
Ұ
Қ
Ы
Қ
1. Біздің Отанымыз
2. Еңбек сөзінің синонимі
3. Отан ...... әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
4. Жұмыс істеуші адам.
5. «Секрет» сөзінің орысша аудармасы
СОӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
Басқа да мамандардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталыңыз.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
«Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел қорғаны» Эссе жазыңыз.
Еңбек тәртібі тақырыбы бойынша слайд-презентация дайындаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша). – Астана, 2012.
2. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Жалпы ред.басқарған: Әлкебаева Д.А. – Алматы ,2013
3. Типтік оқу бағдарламасы. Қазақ тілі. Авт. СалқынбайА., Иманқұлова С. – Алматы, 2012.
4. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
5.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
6. Аманжолов К. Қазақстанның қарулы күштері және оның түрлері // Қазақ тарихы.- 1999.- N3.- Б.14-19
10-тақырып.
