- •Кәсіби тақырыптар
- •Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым
- •Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
- •1. Мәтінді оқып аударыңыз.
- •6. Мәтінді толықтырып, әңгімелеңіз.
- •Кәсіби сала қызметі бойынша шетелдік ресми және ресми емес ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Өнім сапасы
- •Экспорт
- •«Өнеркәсіп» саласы бойынша өндірілетін өнім түрлері
- •Авторлық құқық
- •Кәсіби сала мамандарының құқықтары мен міндеттері. Еңбек тәртібі
- •Кәсіби мереке
- •Отан қорғаушы күні
- •Энергетик күні
- •Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант
- •Кәсіби сала қызметіне арналған отандық (шетелдік) басылымдар
- •Кәсіби сала қызметі бойынша отандық (шетелдік) радио,теле бағдарламалар
Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтік жолы ә.С. Сағынов – академик, ғалым
Әбілқас Сағынұлы Сағынов 1915 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Днепропетровск тау-кен институтын бітірген соң 1939 — 1951 жылдары Қарағанды көмір шахталары мен трестерінде басшылық қызметтерде болды. 1951 - 1955 жылдары Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институтының директоры болды. 1955 -1958 жылдары Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. 1958-19HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1991"9HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1991"1 жылдары Қарағанды политехникалық институтының ректоры болып қызмет атқарды. Ректорлық қызметте 33 жыл жұмыс істеп, сонымен қатар сол уақытта Пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту кафедрасын басқарды. Оның басшылығымен институт Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтары үшін мамандар даярлайтын жоғарғы категориядағы жоғарғы оқу орнына айналды. Оқу, ғылым саласындағы жоғарғы нәтижелері үшін Қарағанды политехникалық институты Жоғарғы үкіметтік наградаларға ие болды. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені, 1972 жылы Мерейтойлық Құрмет белгісі, Қазақстан Республикасы Алтын Құрмет кітабына екі рет жазылған, Ауыспалы Қызыл Ту орденімен тоғыз рет және бірнеше Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
1991-2001 жылдары Қазақстан ҰҒА-ның Жер қойнауын кешенді игеру мәселелері институтында директор болды. 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ғылыми кеңесші болып жұмыс істеді. Негізгі ғылыми еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге, шахта алаңдарын аршу және дайындау сұлбаларын жетілдіруге арналған. Сағынов пайдалы қазба орындарын игерудің кешенді механизациясы мен технологиясы ғылыми мектебінің негізін қалаған. Сағыновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен Қарағанды көмір бассейнінде алғаш рет кертпешті және үшқабатты қазу, күкіртті газы бар қаттарды қазудың технологиясы, массивті физикалық-химиялық беріктеу, т.б. бойынша кешенді тәжірибелік жұмыстар мен өндірістік сынақтар жасалды.
Ол 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде монографиялар, авторлық куәліктер мен патенттер бар. Тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі 2 рет (Белград, Югославия, 1970) және 3 рет (Денвер, АҚШ, 1974) Халықаралық конгрестерге қатысып, онда баяндама жасаған.
Жетістігі
Техника ғылымдарының докторы (1967)
Профессор (1958)
ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970)
ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974, 1986)
Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995)
«Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағы (1993)
Наградалары
2 мәрте Ленин ордені
Халықтар Достығы ордені
Еңбек ҚызылHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%A2%D1%83_%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%96" ТHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB_%D0%A2%D1%83_%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%96"у ордені
СоциалистікHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D1%86%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96" ЕHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D1%86%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96"ңбек Ері (1971)
Орақ пен Балға» алтын медалі (1971)
Тапсырмалар:
