Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби тақырыптар. 2-семестр 16г.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
597 Кб
Скачать
☆

Энергетик күні

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998-інші жылғы қаңтардың 20-сындағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. ҚР Президентінің 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында жаңа кәсіби және басқа да мерекелер тізімі бекітілді. Бұл Жарлыққа сәйкес Энергетик күні – желтоқсан айының үшінші жексенбісі.

«Энергетик күні» – бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі. Бұл күн – сондай-ақ энергетика саласындағы жауапты орындарда бүгін де қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. Қорыта айтқанда, «Энергетик күні» – «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі.

1-тапсырма. Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

● Кәсіби мерекелерде демалыс беріледі ме?

● Көлік қызметкерлері күні қашан тойланады?

● 7 мамырда қандай мерекені атап өтеміз?

● Мемлекеттік мерекелер мен кәсіби мерекелердің айырмашылығы неде?

3-тапсырма. Төмендегі сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Құрылысшылар күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

4-тапсырма. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

Кеншілер күні тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947-інші жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген. Қазақстанның көмір өнеркәсібі еліміз экономикасының ең ірі салаларының бірі болып табылады. Көмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орынға ие, республикамыздың кенді қойнауында бүкіләлемдік қор көлемінің 4 пайызы жинақталған. Көмір өнеркәсібі ел электр энергиясының 80 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр.

5-тапсырма. Төмендегі көрсетілген міндеттер қай мамандықтарға сәйкес келетінін көрсетіңіз. Олардың кәсіби мерекесі бар ма?

1. ...................... есеп тапсырады, айлық және жылдық есептер дайындайды, ай сайын қызметкерлердің еңбекақысын есептейді, қаржымен тығыз жұмыс жасайды.

2. ..................... балалар оқытады және тәрбиелейді, сынып журналын жүргізеді, дәптер тексереді.

3. ..................... сотқа қатысады, арыздарға жауап береді, наразылық пен шешімдер қабылдайды, қылмыстық істерді тіркейді.

4. ..................... адам емдейді, дәрі-дәрмек жазып береді, түрлі операциялар жасайды, сырқат адамға диагноз қояды.

6-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, өз отбасы мүшелеріңіздің кәсіби мерекесі туралы айтып беріңіз.

Сала қызметкеріне арналған награда, сыйлық, грант

Қай сала болмасын қажырлы адам еңбегінің арқасында ғана ілгерілей түспек. Адамзат кез келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Ал еңбек, әсіресе, әр мамандықтың төл мерекелері тұсында айрықша аталып, еңбектері елене түседі. Иә, барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс ерекшелігі, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Кәсіби мерекелер кезінде салтанатты жиында саланың бірқатар үздіктері түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Мәселен, биыл геологтар күні 182 геологқа Алғыс хат, грамоталар мен марапаттар табыс етілді. 77 маман «Қазақстан Республикасының құрметті кен барлаушысы», «Қазақстан Республикасының кен барлау үздігі» мен «Қазақстан Республикасының кен орындарын алғаш ашушы» номинациялары бойынша марапатталды.

Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінде Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтың қатысуымен 2014 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Еліміздің 57 жоғары оқу орындарының 200 үздік оқытушысы мемлекеттік грантпен (2000 АЕК) марапатталды. Олардың ішінде 79 адам – ғылым докторы, 114 адам – ғылым кандидаты, 7 адам – PhD докторы, олар техникалық, педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, экономикалық, заңгер және басқа да ғылым салалары бойынша мамандар бар. Мемлекеттік грант жоғары оқу орнының оқытушыларына ғылыми зерттеулерді жүргізуге және әлемнің үздік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге, әртүрлі алыс және жақын шет елдердің белгілі жоғары оқу орындары ғалымдарының арасындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік бермек. Аталған іс-шараны өткізу оқытушылардың педагогикалық шеберлігін және кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға, жас ғалымдарды ғылымға тартуға мүмкіндік жасайды.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып бойынша әңгімені өрбітіңіз.

2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Әр мамандық, салтанатты жиын, мемлекеттік грант, ғылыми зерттеулер, үздік оқытушы, жас ғалымдар, белсенді студент, дарынды жастар.

3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз және есте сақтаңыз.

1. Грант – денежное пособие, стипендия для проведения научно- исследовательских работ. 2. Награда — один из почётных знаков отличия за особые заслуги. 3. Завоевание премии «Оскар» считается высшим досягаемым пределом в мире кино, воплощением профессионального успеха. 4. Нагрудный знак Министерства образования и науки Республики Казахстан «Ибрай Алтынсарин», утверждённый Приказом от 20 ноября 2007 года № 373-к в целях поощрения и морального стимулирования работников в сфере образования и науки. 5. Олимпийская медаль — знак отличия за личное или командное спортивные достижения в соревнованиях на Олимпийских играх, также считается атрибутикой, используемой Международным олимпийским комитетом для продвижения идеи Олимпийского движения во всём мире.

4-тапсырма. Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы не білесіз?

Мысалы: «Алтын Қыран» — Қазақстан Республикасы жоғары дәрежелік ерекше белгісі. «Алтын Қыран» ордені 1995 жылы белгіленді. Бұл орденмен азаматтар Қазақстан Республикасына сіңірген айырықша мемлекеттік қызметі үшін марапатталады. «Алтын Қыран» орденімен наградтауға лайықтыларды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды.

5-тапсырма. Ойды толықтырып, әріптесіңіздің кәсіби шеберлігіне баға беріңіз.

Бүгін Мағжан Нұржанұлы үшін ең қуанышты күн. Салтанатты жиында оны мекеме басшысы кәсіби мерекесімен құттықтап, «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Өйткені, Мағжан Нұржанұлы ______________________________

__________________________________________ маман.

6-тапсырма. Өздеріңіз оқитын факультеттің ғалымдарының жетістіктері туралы әңгіме жазыңыз.

Мысалы: «Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» кафедрасының профессоры Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Жаңа ұрпақ оқулығының үздік авторы» Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды, жыл сайынғы «Замандас» қалалық конкурста «Ғылым мақтанышы» номинациясы бойынша 1-ші орын алды.

CОӨЖ «Қарағанды қаласында кәсіби мерекелердің аталып өтілуі» тақырыбында пікір алмасу.

СӨЖ 1. «Менің кәсіби мерекем» тақырыбына эссе жазу.

2. «Қазақстан Республикасының марапаттары» тақырыбына слайд, презентация әзірлеу.

11-тақырып. КӘСІБИ САЛА ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ОТАНДЫҚ (ШЕТЕЛДІК) БАСЫЛЫМДАР. Грамматика

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

3. Сөздікті пайдалана отырып, мәтіндерді аударту.

4. Грамматикалық тақырып бойынша тапсырмалар орындату.