Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

10 Тақырып. Әскери Соттар

  1. Сот жүйесіндегі әскери соттардың алатын орны

  2. Әскери соттардың қарауына жататын істер

  3. Әскери соттар жүйесі

1. Әскери - әкімшілік саладағы әскери қызметшілердің сотқа жолдану мүмкіндігі 1991 жылғы «адам және азамат құқықтары мен бостандықтары туралы» декларация қабылдағаннан кейін. Бұл декларацияның 32 бабы бойынша кез-келген әскери қызметші өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар деп енгізілген. Заман өзгере келіп бұл ережелер ҚР-ның Конституцияда көрініс тапты. Яғни, ҚР-ның кез-келген азаматтарыоның ішінде әскери қызметшілер де өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жолдана алады. Оларға шектеулер тен заң аясында ғана анықталады. Елімізде әскери реформаның күшеуіне байланысты әскери соттар әскери қызметті және әскери мәндетті жүзеге асыруда заңдылықтың сақталауын әскерлердің құқықтық мәртебесі мен олардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын ғана емес. Демек, әскери соттар жалпы құзырлы соттар сияқты белгілі бір тәртіп және принциптер негізінде өз қызметін жүзеге асырады, әрі ҚР-сы Сот жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

2000ж-ғы 25 желтоқсандағы «сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық занның 3 бабының 2 тармағына сәйкес жергілікті соттарға ҚР-сы әскерлерінің әскери соты (облыстық және оларға теңестірілген соттар) және гарнизонның әскери соты (аудандық және оған теңестірілген соттар деңгейінде жатқызылған). Сондай-ақ республикада мамандырылған соның ішінде әскери соттар құруға болатыны көрсетілген. Осы әскери соттарды ұйымдастыру мен оның қызметінің ерешелігі ҚР-сы Қарулы күштерінің құрылымының өзгешілігіне және алдындағы міндеттерге байланысты. Сот төрілігін жүзеге асыру кезінде әскери соттар жалпы құзырлы соттар сияқты азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді қарайды, процессуалды және материалды заң нормаларын басшылыққа алады. әскери соттардың судьяларына жалпы талаптармен қатар қосымша талап қойылады. Олар міндетті түрде әскери қызметші болуға тиіс. Әскери соттар сот жүйесінде соттар сияқты азаматтардың құқытарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жатқызуға болады.

2.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодексінің 293 бабына сәйкес әскери соттардың қарауына мынадай қылмыстық істер жатады:

  1. ҚР-сы Қылмыстық Кодекстің 366 және 393 баптарында көзделген әскери қылмыстар:

    • бұйрыққа бағынбау, орындамау;

    • бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтін міндеттерін бұзуға мәжбүр ету;

    • бастыққа қатысты күш ұолдану әрекеттері;

    • бір-бірінің арасындағы бағыныштылық қатынастары болмауда әскери қызметшілердің жарғылық ережелерді бұзуы;

    • әскери қызметіне тіл тигізу;

    • бөлімді және қызмет орнын өз бетімен тастап кету;

    • қашқындық;

    • денесіне зақым келтіру жолымен әскери қызметтен жалтару;

    • жауынгерлік кезекшілікті атқарудың ережелерің бұзу;

    • шенаралық қызмет атқару ережелерін бұзу;

    • қызметке селқос қарау;

    • билікті теріс пайдалану;

    • билікті асыра пайдалану;

    • тұтқынға өз еркімен берілу;

    • тонаушылық;

    • әскери мүлікті қасақана құрту;

    • әскери мүлікті жағалту.

  2. Ал азаматтық істерді ҚР-сы Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 30 бабына сәйкес әскери соттар мынандай жағдайларда қарайды:

  • жаңадан ашылған мән-жайлар туын даған ретте, яғни анықтама және тергеу жүргізген адамдардың іс әрекеттері мен прокурордың әрекеттері мен шешімдерінен келіп түскен шағымдар бойынша істер;

  • әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарына қысым келтіретін әскери басқарма органдары мен олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері мен шешімдерінен келіп түскен шағымдар бойынша істер қаралады.

3. Әскери соттар жүйесін 3 буын құрайды:

  • бірінші буын – бірлестіктің (армияның, құраманың, гарнизонның), әскери саты төраға мен тұрақты судьялар құрамында құрылады. Осы әскери сот: 1-ші (қарауына жататын барлық істерді қарайды); 2-ші (сот статистикасын талдайды); 3-ші басқа өкілеттіктерді жақтан асырады;

  • екінші буын;

  • жоғарғы буын.