Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот

  1. Жоғарғы соттың ҚР-ның сот жүйесіндегі алатын орны және атқаратын функциялары.

  2. Жоғарғы соттың өкілеттігі, құрамы және құрылу тәртібі.

  3. Сот алқалары.

1. Жоғарғы сот жүйесіндегі ең жоғарғы сот органы б.т. және өз құзыреті шегінде ҚР-сы аумағында сот билігін жүзеге асырады. Ол азаматтардың, ұйымдар мен мекемелердің құқықтарын, бостандықтарын қорғауда, сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдардың дәлме-дәл және дұрыс қолдануын қамтамасыз етуі қажет. Жоғарғы соттың сот жүйесіндегі алатын орны мен рөлі ерекше. Себебі, мемлекетімізде сот төрелігін жүзеге асыра отырып, сот әділдігін орнататын бірден-бір орган болып табылады. Оның өкілеттігі бүкіл республика аумағында жүреді. Оның шығарған сот актілерне аппеляциялық тәртіппен наразылық және шағым келтіруге болмайды.

Жоғарғы сот заңда көрсетілген тәртіп бойынша төменгі тұрған соттың кез-келген ісі бойынша сот актілерінің заңдылығын тексере алады. ҚР-сы Конституциясының 81 бабы мен «сот жүйесі туралы» конституциялық занның 17 бабына сәйкес ҚР-ның Жоғарғы соты азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді қарайтын жоғарғы сот органы болып табылады. Оның атқаратын функциялары:

  1. Республиканың барлық сот жүйесі басқарады;

  2. Барлық төменгі тұрған сот қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады;

  3. Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтық қатынастарынан туындайтын істерді, 1-ші саты ретінде аппеляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібінен және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды;

  4. Сот практикасын талқылайды, сот анализін жасайды және заңдарды қолдануда түсіндірулер береді;

  5. Конституцияда көрсетілген ең маңызды функциясы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша қарауына мынандай істер жатады:

  1. Адамның ҚР-сы президенті міндеттерін атқаруы кезінде жасаған мемлекеттік опасыздығы туралы істер;

  2. Адамның ҚР-ның Жоғарғы Сотының судьялары, парламент депутаттары, бас прокуроры, ҚР-сы конституциялық Кеңесі төрағасының міндетін атқаруы кезінде жасаған қылмыстары;

  3. ҚР-сы үкіметі мүшелерінің ҚР-сы президентіне тікелей бағынатын мемлекеттін органдардың басшыларының міндетін атқаруына байланысты жасаған қылмыстары туралы істер жатады.

Азаматтық істердің тізімі заңда нақты көрсетілген. Алайда Жоғарғы сот қаралатын іске қатыс бар адамның келісімімен кез-келген соттан кез-келген істі өзінің іс-жүргізуіне қабылдауға құқығы бар.

Бірақ бұлар ерекше күрделі және айрықша маңызы бар істер болуы керек.

2. Жоғарғы сот аппеляциялық соты ретінде облыстық сот алқасының заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне наразылықтар мен шағымдар бойынша істерді қарайды. 1-ші саты ретінде кез-келген істі мәні бойынша талқылап қарайды. Ал қадағалау сатысы ретінде республикадағы барлық соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен шешімдеріне бас прокурордың наразылығы бойынша соңғы сатысы болып табылады. Жоғарғы сот төрағадан алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан турады. Жоғарғы соттың судьялар сонын және құрамын ҚР Президенті белгілейді. Жоғарғы сот органдары мыналар жатқызуға болады:

  • Қадағалау алқасы;

  • Азаматтық істер жқнәндегі алқасы;

  • Қылмыстық істер жөніндегі алқасы;

  • Жалпы отырыс.

Жоғарғы сот жанынан ғылыми консультациялық кеңес және баспа органдары құрылады.

  • Жоғарғы сот төрағасының өкілеттігі;

  • Алқа төрағасының өкілеттіктері.

Сот жүйесі туралы. Конституциялық занның 20 бабына сәйкес «Жоғарғы Соттың Төрағасы судья» болып табылады және судья міндетін атқаруымен қатар:

  1. Судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

  2. Қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

  3. Жоғарғы Соттың жалпыы отырысының шақырады және төрағалық етеді;

  4. өкімдер шығарады;

  5. азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

  6. алқалардың жұмысын үйлестіреді;

  7. жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді тағыда басқа.