Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

5 Тақырып. Сот жүйесінің құқықтық негіздері

    1. Сотта істі қарау стадияларына, сатыларына жалпы сипаттама;

    2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарау

  1. Жалпы атап өткеніміздей сотта істерді қарау сатылары 3 бұынға бөлінеді: 1ші, 2ші, 3ші инстанциялар. Осы сот инстанциялары, яғни сатылары мынадай тәртіпте құрылады: іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіп бойынша әрбір жоғары тұрған сот төменгі тұрған соттардың үкімдерін, қаулыларын, ұйғарымдары мен шешімдерін қарауға құқылы. Жалпы қоғамда істелген бұзышылықтардың мән-жайын анықтау мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы істерді мәні бойынша қарап, азаматтық іс бойынша шешім, ал қылмыстық іс бойынша үкім не қаулы шығаруға өкілеттілігі бар соттарды 1-ші инстанция, яғни 1-ші сатыдағы соттар деп атаймыз. Істі мәні бойынша қарау мыналарды білдіреді:

  1. Қылмыстық іс бойынша адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану немесе оған жаза тағайындау не жазадан босату. Заңда көрсетілген мән-жайлар, негіздер болған жағдайда қылмыстық істі тоқтату, егер ол адамның кінәсі дәлелденбесе;

  2. Азаматтық іс бойынша берілген талап-арызды қанағаттандыру немесе қанағаттындырмау туралы шешім шығару.

Республикадағы барлық соттар, оның ішіндегі жоғарғы сотта 1-ші сатыдағы соттар, яғни бірінші сатыдағы істерді қарай алады. 1-ші саты шығарған сот актілері бірден күшіне енбеді: үкім не шешім жария өтілген сәттен бастап, яғни азаматтық істер бойынша 15 күннен кейін ал қылмыстық істер бойынша 10 күннен кейін, ал қамаудағы адамдар үшін үкімнің көшірмесі тапсырылған сәттен бастап орындауға жатады. Бұл мерзім ішінде, яғни тараптара сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру үшін жоғарғы тұрған сотқа шағым мен наразылық білдіру үшін беріледі. 1-ші сатыдағы соттың істің мән-жайын дұрыс анықталмауы материалдық қатынасты, яғни құқықтық және азаматтық заңдарды қолданбауы, заң нормаларын сақтамауы соттың шығарған актілердің заңсыдығы мен негізсізділігіне әкеп соғады. Осы соттардың заң күшіне енбеген сот актілердің заңдылығы мен негізділігінен келіп түскен шағымдар мен наразылықтарды тексеруге өкілетігі бар соттар 2-ші инстанция, яғни 2-ші сатыдағы аппеляциялық соттар деп айтамыз. Қазіргі таңда сот құқықтық реформалаудың нәтижесінде кассациялық ұғымы аппеляциялық ұғымымен ауыстырылды. Соттың заңды күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық тәртіппен шағым беруге сотталған адам, ақталғандар, олардың қорғаушылары, заңды өкілдері, азаматтық жауапкер мен талапкер және олардың өкілдері құқылы және прокурорлық наразылық беруге құқылы. Істерді аппеляциялық тәртіппен қарай отырып, сот өз қаулысымен 1-ші сатыдағы сот зерттеленген дәлелдемелерге сүйене отырып, мынандай шешімдерінің бірін қабылданады:

  1. үкім, шешім немесе қауылы өзгеріссіз қолданылады, ал прокурорлық наразылықты қанағатандрады;

  2. үкім не шешімді толық немесе ішінара күшін жояды және арызды қараусыз қолданылады;

  3. үкім немесе шешімді өзгеріссіз қолданылады;

  4. үкімнің немесе қаулының күшін жояды, ал азаматтық іс бойынша сот шешімді өзгертеді.