- •Дәрістер тезистері Тақырып №1 қр Құқық қорғау органдарының пайда болу тарихы.
- •2 Тақырып. «қр құқық қорғау органдары» пәнінің негізгі ұғымы, пәні және жүйесі.
- •3 Тақырып. Құқық қорғау қызметінің ұғымы мен мазмұны
- •4 Тақырып Қазақстан Республикасының Сот жүйесі
- •5 Тақырып. Сот жүйесінің құқықтық негіздері
- •6 Тақырып. Сот билігін ұйымдастыру.
- •7 Тақырып. Аудандық және оған теңестірілген соттар
- •8 Тақырып. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттар.
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот
- •10 Тақырып. Әскери Соттар
- •11 Тақырып. Қр Судьялардың құқықтық мәртебесі
- •12 Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
- •13 Тақырып. Қр алдын-ала тергеу және анықтау органдары
- •Тақырып. Адвокатура
- •Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру
- •Тақырып. Шетел мемлекеттердегі құқық қорғау қызметін ұйымдастыру негізгі
6 Тақырып. Сот билігін ұйымдастыру.
Биліктің бөлінуі мен өзара әрекет етуі қағидасы құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі ретінде.
Сот билігінің ұғымы мен белгілері.
Сот билігі және оның мемлекеттік биліктегі заң шығару, атқару тармақтарына қатысты дербестігі.
Сот билігін жүзеге асыратын органдардың жүйесі.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек қана сот жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмысытық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмсытық сот iсiн жүргiзу алқа заседательдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заселдательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды, басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына ң немесе бақылауға алынуға болмайды.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шаттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқытарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
Ешкімде оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.
Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Сот шешімдер мен судьялардың өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Соттар ғимараттарына және сот отырысы залдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы орнатылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі қойылады.
Судьялар сот төрелігін судья мантиясын киіп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
Қандайда болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.
Жергілікті соттарға мыналар жатады:
облыстық және оларға теңестірілген соттар(Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соты, мамандандырылған сот – Қазақстан Республикасының Әскерлерінің Әскери соты және басқалар);
аудандық және оларға теңестірілген соттар(қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот – горнизонның іскери соты және басқалар);
Қазақстан Республикасының мамандандырылған(әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін;
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы белгіленген мөрі болады;
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
Конституцияда, осы Конституциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі принциптерімен;
сот билігі барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асыруымен;
Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;
заңдарда судьялардың бірыңғай міртебесін баянды етумен;
заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі;
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді.
