Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆
  1. Тақырып. Адвокатура

  1. Адвокаттың мәртебесі.

  2. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру.

  3. Адвокаттың құқықтары және міндеттері. Адвокатураның мақсаты, көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi, құқықтары

  4. Адвокаттар алқасының төралқасы (президиумы) оның атқаратын қызметi.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша екілдік ету, сондайақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондайақ заңды тұлғалардың құқықгары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберінде адвокаттар көрсететін заң көмегі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

Адвокатура ұйымдастырылуы мен қызметі:

- адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;

- адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және құралдармен жүзеге асыру;

- заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспаганда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекетгік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;

- кәсіби мінез-құлық нормаларын устану және адвокаттық құпияны сақтау принциптеріне негізделеді.

Адвокаттар көрсететін заң көмегініңтүрлері Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультәциялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

2) талап қою арыздарын, шағымдар мен қуқықгық сипаттағы басқа қужаттарды жасайды;

3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды түлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерікті, бұған адвокат оған тегін заң көмегін көрсету үшін сондай-ақ, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы міндетті болатын қылмыстық істер бойынша қорғаушы ретінде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.

Қылмыстық істер жөніндегі кәсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Адвокат — міндетті түрде адвокаттар алқасының мұшесі болып табылатын және Адвокаттық қызмет туралы заңмен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

Жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру қүқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.

Адвокаттың әділет аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген адвокат лйцбнзиясы лицензияда керсетілген адамның адвокаттьщқ қызметпен айналысуына рұқсатнама болып табылады.

Лицензия аттестаттаудан өткен жағдайда беріледі. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Реслубликасының Үкiметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Әділет мииистрлігі Адвокаттар лицензиясының мемлекеттік тізілімін ол туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, түрәқгы судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңцылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар аттестаттаудан өтпестен адвокаттық қызметпен айналысу ушін лицеизия алуға құқылы.

Біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы өтініш сонымен бірге лицензия беру туралы өтініш те болып тәбылады.

Лицензия негізгі, тұрақты болып табылады және оның куші Қазақстан Республикасының бәрлық аумағында қолданылады.