Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

11 Тақырып. Қр Судьялардың құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіліктерімен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жіне осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен судьяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіліктер беріледі, ол өз мәндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және өзге де заңдармен белгіленген.

Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.

Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және Құқық қорғау туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындаладыжәне тұрақты негізде өкілеттіліктерге ие болады. Судьяның өкілетітілігі тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұрылуы мүмкін.

Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін асыру кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Ешкімнің сот төрелігін асыру ісіне араласуға және судья мен алқа заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот ісерінің мәні жөніндегі қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.

Соттарды ққаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.

Судьяның тәуелсіздігі:

  • сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;

  • судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшін заңда жауаптылық белгілеумен;

  • судьяға ешкімнің тиіспеуімен;

  • Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгіленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттілігін тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

  • Судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметті қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етіледі;

Судьяға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады.

Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.

Судья:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға;

  • Сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің конституциялық міндетін орындамаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

  • Сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұруға;

  • Судьялар кеңесінің құпиясын сақтауға міндетті;

Судьяның лауазымы депутатытық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды.

Аудандық соттың судьясы болып:

  • жиырма бес жасқа толған;

  • жоғарғы заң білім бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы бар;

  • біліктілік емтиханын тапсырған;

  • сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін;

Жоғарғы талаптарға сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл стажы бар, соның ішінде, әдетте, кемінде 2 жыл судья болған азаматжоғарғы тұрған соттың судьясы бола алады;

Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережемен белгіленеді.

Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататындығына , жынысына, саяси көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық қамтамасыз етіледі.

Аудандық соттың судьяның қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетін адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген, қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет біліктілік алқасы жүзеге асырады.

Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы Сот Төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша әділет біліктілік алқасы қарайды.

Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметінің бос орнына кандидатты Әділет министіріне ұсынады, ол заңда белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында жұмыс істеуге өтініш берген және осы Конституциялық ззаңның 29-бабының 2-тармағының талаптарына сай келетін адамдар арасынан конкурстық негізде Жоғарғы Сот Кеңесі жүзеге асырады.

Жоғарғы Сот Кеңесі конкурстың қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы Сот Төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы Сот Кеңесі қарайды.

Жоғарғы Сот Кеңесі облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Жоғарғы Сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғарғы Сот Кеңесі қарайды.

Жоғарғы Сот Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғарғы Сот Кеңесі қарайды.

Жоғарғы Сот Кеңесі Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны Қазақстан Республикасының Парламентінің Сенатына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

Облыстық соттың судьясын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Аудандық соттың судьясын Әділет министрінің Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге 5 жыл мерзімге Сенат сайлайды.

Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті 5 жыл мерзімге тағайындайды.

Аудандық соттардың төрағаларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті 5 жыл мерзімге тағайындайды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары , облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкілеттік мерзімдері аяталғаннан кейін, егер олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.