Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ы орау органдары тезис.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83 Кб
Скачать
☆

Адвокаттың өкілеттіктерін куәландыру

1. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктері заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі беретін ордермен, ал ол өз қызметін жеке дара жұзеге асырғанда — адвокаттың көмек сұраған адаммен жасасқан шәртымен куәландырылады. Ордер мен шартта адвокат лицензиясының нөмірі мен оның берілген күні корсетілуге тиіс.

2. Адвокат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ, егер бұл қабылдаған тапсыргианы орындау үшін қажет болса және тиісті мемлекеттердің заңцарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмесе, оның аумағынан тыс жерлерде адвокаттық қызметпен айналысуға құқылы.

  1. Тақырып. Шетел мемлекеттердегі құқық қорғау қызметін ұйымдастыру негізгі

    1. Англосаксондық құқық жүйесі бар мемлекеттердегі алдын ала тергеу

    2. Германдық құқық жүйесі бар мемлекеттердегі алдын ала тергеу

    3. Прокуратура және сот органдарының қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

Сот билігі барлық мемлекттерге тұтас сот органдарына жүктелгені белгілі, олардың әрқайсы жүйедегі орнына қарамастан нақты істерді де шешеді.

Демократиялық қоғамда сот билігінің әлеуметтік ролі түрлі заң тартыстарда құқық үстемдігін қамтамасыз етуде көрінеді.

Шет мемлекеттердің басым көпшілігінің сот жүйесін неғұрлым кең тараған екі модельдің біреуіне жатады: англосакс (англо-амарикан) немес роман-герман (еуропа континенті). Соңғы кездегі екі модельдер жақындасу үрдесу байқалғанын атап өткен жөн. Англосакс елдерінде құқық барған сайын сот құрылысы мен сот ісін жүргізуді заңнамалық реттеуге айналуда, ал континентальды жүйедегі елдерге судьяларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудегі проблемаларды шешімдерімен толықтыру құқығы беріледі, яғни соттарға кейбір жаңа да құқық шығару функциясы берілгенін білдіреді.

Әлемдегі барлық елдердің дерлік конституциясы сот жүйесінің немесе соттардың түрлерін белгілейді, қандай арнайы соттар жалпы заң құзырындағы соттармен қатар құрыла алатынын көрсетеді.

Сот билігі басшылыққа алатын басты ұйымдастыру қағидаты барлық жерде бірдей тек заңға бағынатын судьялардың тәуелсіздігін, оның кепілдіктерін ажырамас тұтастығында; қызмет атқарға уақытында ауыстырлмайтындығы, иммунитеті, көтермелеудің азаймайтындығы болып табылады.

Бір қатар елдердің конституциясы халықтың ең алдымен, алқа биі ретінде сот төрелігін атқаруға қатысуын көздейді.

Сот процесінің негізгі қағидаты ретінде сот жүйесі қызметі қағидатын бөліп көрсеткен жөн. Сот процессінің кең таралған конституциялық қағидаты жариялық болып табылады(сот отырыстарының жариялылығы, ашықтығы). Бұл ақиқат АҚШ, Жапония, Италия, Испания сияқты көптеген демократиялық мемлекеттердің конституцияларында бекітілген. Судьялардың тек заңмен байланыстылық қағидаты өте кең таралған. Осы қағида судьяның істі шешу кезінде кімнен болса ешқандай нұсқау алуға тиіс еместігін білдіреді, заңға қатысты бойынша төмен тұрған нормативтік актілердің қаншалықты заңға сәйкес келгенінше маңызы бар.

Англосаксондық үлгіде әдетте жоғары соттардың басқаруымен бірыңғай сот жүйесі қолданылады(АҚШта жеке федералдық жүйе мен штат соттарының жүйесі бар, бірақ олардың әрқайсысымен бір орган – федерацияның жоғарғы соты немесе штаттың жоғарғы сот басқарады). Англосаксондық үлгіде сот прецеденті кеңінен пайдаланылады, осыдан заң шығару ролі едәуір төмендейді. Судья сот процесінде бәсең, ол тек отырысты жүргізеді және қылмыстық істерді судьямен алқа билерінің өкілеттігі бөлінгендіктен, кінәлілігі туралы мәселені шешеді.

Роман-германдық үлгіде әдетте сотта бір жүйе жоқ, ол – жартылай жүйе. Мамандырылған әртүрлі сот жүйесінде өздерінің жоғары органдары болады . Сондықтан ол толығымен алғанда ғана “жалпы соттарды” білдіреді. Мысалы, Германияда – бас жоғарғы федерация соты, Бразилияда да жоғарғы федералды соттар бірнеше. Бұл орайда сот қызметінің жүйесі кең дамыған заңнамамен айқындалады, сот прецеденті жие қолданылады; аппеляция мен қатар кассациялық және ревизилық шағым беру тәртібі қолданылады, англосаксондық үлгіде ол жоқ; “халықтан шыққан судьялар”, “кәсіпқой емес судьялар”(ассиздер, шеффендер) судьямен бірге жазаны белгілеуге қатысады.

Мұсылмандық үлгіде дербес сипатқа ие: мұсылмандық сотқа тек діндес немесе осындай сотқа келіскен адамдар жатады; халық заседательдері, ассистер, алқа билері болмайды; азаматтық, қылмыстық құқықта да процесс жауапкершілікті өзгеше нысандары мен шариғат ережелері бойынша жүзеге асырылады. Кейбір мұсылман елдерінде сот шешімдеріне шағым беру рәсімі болмайды, тек имамға – қосымша монарх болып табылатын жоғарғы дін иесіне жүгінеді, мысалы Нигерияда жоғарығы тұрған мұсылман соттары болады.

Арнайы соттар: әскери(әскери қызметшілер үшін), жасөспірімдер, еңбек, жер және су даулары, наразылық, коммерциялық(сауда-саттық істер бойынша) және т.б. істері жөніндегі соттар. Осы соттардағы судьялардың кейде заңгерлікпен қатар, басқа да білімдер болады(мысалы, жасөспірімдер істері жөніндегі соттарда педагогикалық), еңбек даулары бойынша соттарда судьялар көбінесе кәсіподақ қайраткерлері болып табылады. Осындай соттарда істер кәсіпқой судьялардың алқасында заседательдерсіз қаралады, процес жеделдетілген, оларда әдетте жоғарыда тұрған ұқсас соттар жүйесі жоқ, кейде жалпы соттар жанындағы бөлімшелер болып табылады. Алайда кейбір елдерде арнайы соттар жүйесі сатылық құрылымда болып келеді(мысалы Германияда).

Азаматтық құқықтары бұзылуына байланысты басқару мәселелері бойынша азаматтық мемлекет шенеуніктері мен органдарының дауларын қарайтын әкімшілік соттар(ерекше тектес арнайы соттар). Бұл соттар кейде министрліктердің, басқару органдарының жанынан құрылады, бірақ оларда әдетте тұтас жүйені құрайды: Франция, Швеция, басқа да елдерде жоғарғы әкімшілік соттар(Францияда – мемлекеттік кеңес), ірі аумақтық округтердің әкімішілік соттары(бірқатар жағдайларда олар елдің әкімшілік-аумақтық бөліністеріне, облыстардың, провинциялардың шекараларына сәйкес келеді), төменгі әкімішілік соттар. Әкімшілік соттар жүйесі кейбір постоциалиятік елдерде де құрылады. Әкімшілік соттарға, егер шенеунік заңды бұзбаса, шағым беруге болмайды, өйткені нақты істерді шешу кезінде шенеунік өз қарауынша қарайды және заң шегінде дербес әрекет етуге құқығы бар(дискрециялық өкілеттер).

Ф АУ 703-09-15 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені. .Екінші басылым