- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыбы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. «Спорт негізі және қолданбалы дайындық» пәнінің мақсаты мен міндеті
- •2. Педагогикалық жоо-ң дене шынықтыру факультеті мен жоо бітіруші студенттердің кәсіби маман болып, болашақта пәннің негізгі мақсатын тәжірибе жүзінде ашып көрсету.
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1 Негізгі әдебиеттер
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.
- •1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
- •2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
- •2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау
3. Спортшының дайындалғандық жағдайын бақылау
Әдебиеттер тізімі:
1.Әбділлаев Ә.К.,Оңалбек Ж.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» І-бөлім 2004ж
2. Әбділлаев Ә.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». ІІ-ІІІ-ІV бөлімдері 2007ж
3. Әбділлаев Ә.К.,Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Кентау 2008ж.
4. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Москва ФиС. 1991г.
Дәріс тақырыбы: Спортшыны дайындау бағыттары
Дәріс жоспары: 1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
3. Спорттық сайыстар мен спорттық дайындық жүйесіне
сипаттамасы
4. Жарыс жүйелері мен жаттығу қызметі жүйелері қызметінің
тиімділігін арттыратын қозғаушы күштер жүйесі
Дәріс мазмұны:
Спорт - сайыстық, бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет. Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық , ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.
Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорттық жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық , ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор.
Қазіргі таңда спорттық қозғалыс негізгі екі бағытқа бөлінеді: бұқаралық (жалпы көпшілік) спорт және жоғары нәтижелер спорты.
Бұқаралық спорт спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысуы қатынасымен сипатталады. Бұқаралық спортта спорттық нәтижелерді арттырумен қатар елеулі орын мен уақыт сауықтыру міндеттерін шешуге, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік-сауықтыру спорты), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби-қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт тұрғындарды дене тәрбиесіне және салауатты өмір салтына насихаттап, тарту міндеттерін шешуде басты рөль ойнайды.
Ал, жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, Олимпиадалық ойындарда, Әлем, құрлық чемпионаттарында және ҚР біріншіліктерінде). Алайда спорттық нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, бұл жоғары нәтижеге жететіндердің саны да азая береді.
Спортшы өмірінің белгілі кезеңдерінде жоғары нәтижелер спорты басымырақ жағдайда болады. Олардың дайындығын жоғары біліктілігі бар жаттықтырушылар жүргізеді және ондағы жаттығу барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылады, жаттығу және жарыстық жүктемелердің көп мөлшері қолданылады, ал спортшылар көп кезеңдік қатаң іріктеуден өтеді.
Жоғары нәтижелер спортының қоғамдық қызметін іске асырудың да белгілі ерекшеліктері бар. Жоғары спорттық нәтижелер үлкен қоғамдық қозғалыс (резонанс) туғызады және қандай мектепте спорттың даму деңгейі, халықаралық жарыстарға қатысуы жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер көпшіліктің әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалық мәні спорттық қозғалыстың бұқаралығының арттырылуында, спорттық көріністерді өткізудегі оның сауықтыру тиімділігінің жақсаруында көрінеді. Спорттық нәтижелердің өсуі адамның мүмкіндік шегі туралы ұғымы аясын кеңейтеді, спортшыларды дайындау әдістемесіне жаңа жолдар ашуға жәрдемдеседі, ол сонымен бірге бұқаралық спорттық қозғалысқа қатысушылар үшін жаңа бағдарлар мен мөлшерлік белгілерді (норматив) орнату қызметін атқарады (үлгілік және ынталандыру маңызы). Спорттың эстетикасы ымырасыз спорттық сайыс сұлулығында, қозғалыстың жетілуінде және т.б. көрінеді.
Жоғары дәрежелі спортшылармен шұғылданудың сауықтыру әсерлілігі тиянақты дәрігерлік бақылаудың, жаттығуды үйлесімді құрудың және спортшылардың жеке ерекшеліктерін есепке алып жүктеме мөлшерін тиімді таңдаудың нәтижесінде қамтамасыз етіледі.
Спорт қозғалысының бағытының ерекшелігін талдай келе спорттың бұқаралығы мен жоғары дәрежелі спортшылардың жетістіктері деңгейінің негізгі механизмдерінің өзара байланыстылығын нақты, айқын көрсету қажет. Жоғары дәрежелі спортшылардың (әсіресе халыққа танымал спорт түрлерінен) жоғары нәтижелі көрсеткіштері, дене шынықтырумен және спортпен белсене шұғылдануды насихаттаудың тиімді құралы қызметін атқарады. Соның әсерінен, спортпен шұғылдануға талапкерлер саны артып, олардың арасынан жаңа дарынды спортшыларды анықтап, келешекте олардан спорттық жоғары жетістіктерді жоғары деңгейге көтеретін жеңімпаздарды дайындауға болады. Сондықтан, әр спорт түрінің алға өрлеуі басқа құбылыстармен қатар спорттық қозғалыстың барлық жағының үзіліссіз байланысымен негізделеді.
Спорт ілімі спорттық қызметтің негізгі заңдылықтары жөніндегі сенімді ғылыми білім жүйесін көрсетеді. Спорттық қызметтің көптеген төмендегі түрлері бар: жарыстық қызмет, спорттық дайындық, спорттық іріктеу, материалдық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі, жарыстағы төрешілік ету, спорт жанкүйерлерінің қызметі және т.б. осыған сәйкес спорт ілімінде тарауларға бөлініп, олардың ішіндегі барынша талданып, дайындалғаны жарыстық қызмет ілімі мен спорттың іріктеу ілімі болып табылады.
Қазіргі заманғы өскелең өмір жағдайында бұл кәсіптенуге және біржақтылыққа, сонымен бірге жоғары дәрежелі спортшылар басқа барлық азаматтар сияқты жан-жақты даму үшін арнайы білім алуды меңгеруде спортпен шұғылдануды үйлестіруі тиіс.
Спорттық жарыстар мен спорттық нәтижелер көп деңгейлік жүйені жасайды. Әртүрлі санаттағы сайыстар ұжым ауқымындағы жарыстардан Әлем чемпионаты және Олимпиадалық ойындарға дейінгі, бір санаттағы жарыстың өзінде әдеттегі аралық нәтижелер шығып тұрады, көп сатылы жүйені құрайды (алдын-ала және қорытынды жүгірудің, чемпионаттардың жеке ойындарының нәтижелері, жеке ойындардағы қақпаға енген доп немесе шайба айырмалары және т.б.).
Жарысқа қатысудағы тікелей ерекше мақсат жоспарланған спорттық нәтижеге жету болып табылады. Мысалы, жеңіске жету, рекорд жаңарту, жүлделі орын алу, спорттық дәреже тараптарын орындау және т.б. жоспарлануы мүмкін. Финалға шығу үшін кейде тең ойын, кейде аз ұпаймен ұтылу да дұрыс нәтижеге жатады. Жарысқа қатысушы көп жағдайда жеке спортшы емес, спорттық команда болуы мүмкін. Бұл команданың құрамына негізгі ойыншылар мен қосалқы ойыншылар, жаттықтырушы (жарыстық қызметтің тікелей жетекшісі ретінде), спорттық дәрігер, жаттықтырушылар мен спортшыларды жарыс барысында қажетті жедел ақпараттармен қамтамасыз ететін жарыс кезеңінде оның табысты нәтижеге жетуіне мүмкіндік туғызатын кешенді ғылыми топ (к.ғ.т.) мамандары кіруі мүмкін. Одан басқа да адамдардың мақсатты бағыттағы белсенділігі көрінеді. Мысалы, спорт жанкүйерлерінің әрекеттері сайыс нәтижесіне елеулі әсер етуі мүмкін. Сайыстың өту барысы жарыстық жағдайлардың жүйелі ауысып отыруымен сипатталады. Әрбір жарыстық жағдай ағымдағы “мүмкіндік жағдайымен” (жеткен нәтижемен, қатысушылар мүмкіндігімен, олардың кеңістіктік жай-күйімен, спорт базасының мүмкіндік жағдайымен, ауа-райымен және т.б.), яғни келесі сәттерге және олардың әрқайсысына өту мүмкіндіктеріне “мүмкіндік жағдайын” жинақтаумен сипатталады. Жарыстық жағдайлар әртүрлі сайыстық деңгейде бөлінуі мүмкін және олар әртүрлі уақыт көлеміндегі мөлшерде болады. Жарыстық жағдайдың бір мысалы, футбол немесе хоккейдің турнирлік кестедегі жағдайы, онда командалардың жинағын ұпай санымен, кезекті турдан кейінгі мүмкін болған ұпай саны және осы ұпайларды алу мүмкіндіктерімен анықталады (нақтылы қарсыласқа байланысты). Басқа мысал, жүзгіштердің, шаңғышылардың ара қашықтықтардағы қозғалысы осыған жатады. Мұнда уақыттың әрбір сәтінде спортшылардың ара қашықтық жолында, сөреге дейінгі қашықтықта, әрбір қарсыластарының жұмсалмаған қуат күштері қорларының және олардың әртүрлі кедергі жасайтын тәсілдік түпкі ойлары және т.б. белгілі бір түсіністіктегі жағдайы болады. Ең соңында орындалатын жарыстық жаттығулардың жекелеген кезеңдері әртүрлі жарыстық сәттер ретінде қаралуы мүмкін (жеңіл атлетикадағы екпін алу, серпілу, тебу; жеке сайыстардағы ұстау, жұлып алу, лақтыру).
Әрбір жарыстық жағдайда сайысқа қатысушының белгілі бір дәрежедегі бимеханикалық күштер жиынтығы болады. Өзінің күш мүмкіндіктерін жарыстық қызмет жағдайында іске асыру жарыстық күштер жиынтығы деп аталады.
Жарыстық күштер жиынтығын іске асыру - бұл спортшының өзінің биомеханикалық күштер жиынтығын сайыс барысында табысқа жету үшін пайдалану қабілеті. Сайысқа қатысушы ұжымның жарыстық күштер жиынтығы спортшылардың, жаттықтырушылардың және т.б. жарыстық күш жиынтығының өзара сәйкестігінің дәрежесіне және мөлшеріне тәуелді.
Өз кезегінде, жарыстық күш жиынтығында (потенциалында) олардың әрқайсысын бірқатар бөліктерге бөлуге болады. Мысалы, спортшының жарыстық күш жиынтығының мөлшері ондағы сайысқа қажетті адамгершілік және ерік-жігердің қажеттілігімен, оның дұрыс шешім қабылдай білу қабілетімен, қозғалыс қабілетінің даму деңгейіменен, антропометриялық мәліметтерімен (бойы, салмағы, басы, аяғының және т.б. өлшемдері), спорт құрал-саймандарының сапалылығымен, жабдықталуыменен, сонымен бірге әрбір жарыстық жағдайға қажетті барлық бөлшектердің сай болуыменен анықталады.
Жарыстық күштер жиынтығын іске асыру жарысқа қатысушы ішкі және сыртқы кедергілерден өтіп, өзі үшін, мақсатты бағыттағы қолайлы динамикалық жағдай жасайды (қарсыласқа үрей туғызып, кезекті биіктіктегі мәреден (планкадан) өтіп, ара қашықтықтағы қозғалыс кестесін қатаң ұстау), яғни осының арқасында жоспарланған спорттық нәтижеге жетудің мүмкіндігі артады.
Жарысқа қатысушылардың жарыстық күштер жиынтығын іске асыру кезіндегі спорттық нәтижелерді қалыптастыру заңдары спорт түрінің тәртібін және жарыс туралы ережені белгілеп, бекітеді. Мысалы, жеңіске жету үшін ара қашықтықты өту уақытын тіркейтін спорт түрлерінде орташа қозғалыс жылдамдығындағы аз ғана басымдық толық жеткілікті. Керісінше, ойын барысында және аймақтық басымырақ үстемдігі бар футбол командаларының бірі қарсыластар тарапынан қақпаға соққан допқа қарсылықты көбіне сезіне бермейтіні заңды құбылыс сияқты болып көрінеді. Жарыстық күш жиынтығын іске асыру үшін жарысты өткізудің көптеген әдістерінің әрқайсысына біркелкі емес мүмкіндік жасайды (шығып қалу, айналма және т.б.).
Жоғары нәтижелерге деген ұмтылыс жарысқа қатысушы спортшылардан дене және психикалық қабілеттерінің барынша шегінде көрінуін жиі талап етеді. Атап айтқанда, бұл жағдай спорттық дайындықтың құралы ретінде жарыстық қызметтің жоғары нәтижелілігі, спорттық сайыстардың қызық көрнекілігінің бір себебі болып табылады. Бұл қабілеттердің барлығы арнайы психикалық, әдістік-тәсілдік және дененің дайындалғандығының деңгейін анықтайды.
Сайыстардағы табысқа жету ықтималдығы бірқатар мына себептермен анықталады:
жоспарланған нәтиже мөлшеріне: нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, сол ғұрлым оған жету мүмкіндігі аз.
сайысқа қатысушылардың жарыстық күш жиынтығының құрылымы мен мөлшері: жарыстық күш жиынтығы неғұрлым жоғары болған сайын (қарсыласты қосқанда кедергі жасайтын қозғаушы күштердің қатынасында), солғұрлым табысқа жету мүмкіндігі мол;
жарыстық қызметте динамикалық жағдайларды іске асыру және ұйымдастыру;
спорттық нәтижелерді анықтау тәртібімен (жеңімпазды анықтау жолыменен, ұпай, бал санау тәртібімен, нәтижелері тең болған жағдайдағы әрекетімен және т.б.), жарыс туралы ереже және спорт түрінің бекітілген тәртібіне сәйкес;
жарысқа қатысушыларда қатысы жоқ, басқа қозғаушы күштермен (оның ішінде кездейсоқтары да): жарыс жағдайының күтпеген өзгерісі, ауа райы, спорт қондырғыларының жарамдылығы, құрал-саймандары, қарулары, төрешілердің қателері және т.б.
Спорт ұжымының әрбір мүшесінің жарыстық күш жиынтығына, оның бейімделгіштік негізінде осы спорт түрінен дайындалғандыққа, сонымен бірге сайыс барысында материалдық және ақпараттық қамсыздануға жету барысында қалыптасады.
Бұлардың бәрі спорттық іріктеудің (кіргізу, шығару, ауыстыру), спорттық дайындықтың, сонымен бірге материалдық және ақпараттық қамсызданудың жәрдемімен жасалады. Жоғарыдағы аталған жұмыстар барысы жарыстық қызметтің ерекшеліктерімен (мысалы, күрес, ауыр атлетикаға қарағанда спортшылар мен жаттықтырушыдан басқа кешенді қабілетті талап етеді) және жоспарланған спорттық нәтижелер деңгейімен жасалады (ол неғұрлым жоғары болса, солғұрлым іріктеу қатал, жетілген, күрделі және дайындау қымбат).
Сонымен, спорт кең үғымда меншікті жарыстық қызметті, оған арнайы дайындықты, сонымен бірге осы қызмет аясында өзгеше қатынас, нормалар мен жетістіктерді көрсетеді.
Барлық әлемде спортты дамыту көптеген спорт түрлерінің пайда болуына және таралуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда әлемде 200-ден аса спорт түрлері таралған. Олардың әрқайсысы өзінің жарыстық сипатымен, ерекше әрекет құрамымен, күресті жүргізу әдістерімен және жарыс ережелерімен сипатталады.
Әлемде кең таралымға ие болған спорт түрлерінің барлығы жарыстық пән ерекшелігіне және қозғалыс белсенділігі сипатына қарай 6 топқа бөлінеді. (Матвеев Л.П.,1977):
1-ші топ – дене және психикалық сапаларын шегіне дейін көрсететін, олар үшін спортшылардың белсенді қозғалыс қызметі тән спорт түрлері. Бұл спорт түрлеріндегі спорттық нәтиже спортшының өзінің жеке қозғалыс мүмкіндігіне тәуелді. Бұл топқа спорттың көпшілік түрлері жатады (жеңіл атлетика,спорт ойындары, жеке сайыс, суға жүзу және т.б.);
2-ші топ - операциялық негізін арнайы техникалық қатынас құралдарын басқарудың әрекеті құрайтын спорт түрлері (автомобиль, мотоцикл, яхта, самолет және т.б.). Бұл спорт түрлеріндегі нәтиже техникалық құралдарды тиімді басқара білуімен және оны дайындау сапасына байланысты;
3-ші топ - қозғалыс белсенділігі арнайы қарудан нысанаға тигізу жағдайымен қатаң лимиттелген спорт түрлері (мылтық ату, садақ ату);
4-ші топ – спортшының модельдік – конструкторлық қызмет нәтижесі салыстырылатын спорт түрлері (авиамодель, автомодель және т.б.);
5-ші топ – негізгі мазмұны абстракталы - қисындық сипаттағы жарыста қарсыласын ұту сипатындағы спорт түрлері (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, нарды т.б.);
6-шы топ - әртүрлі спорт түрлері топтарына кіретін спорт түрлерінен құралған көпсайыс (спорттық бағдарлау, түлкі аулау, биатлон, теңіз көп сайысы, қызметтік көпсайыс және т.б.).
Егер жақсы жолға қойылған спортшыны дайындау жүйесі болса ғана жоғары спорттық нәтижелерге жетуге болады.
Спортшының жоғары спорттық жетістіктерге жетуге ең жақсы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін және өзара тиімді қарым-қатынас негізінде жаттығу-жарыстық процестің ұйымдастыру түрлері мен жағдайының әдістемелік негіздерінің жиынтығы болып табылады.
Спортшының дайындық жүйесі өзіне ірі төрт қызметтік жүйені ендіреді:
іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі;
спорттық жаттығу;
жарыс жүйесі;
хаттығу-жарыстық процестің жаттығудан және жарыстан тыс қозғаушы күштері.
Спортшының негізгі дайындық-жаттығу қызметі спорттық жаттығу жағдайында іске асады. Ол жаттығу жүйесіне құрылған және спортшының спорттық жетілдірілуін басқаруға бағытталған, сонымен бірге оның жоғары нәтижелерге жету дайындығын қамтамасыз ететін спортшының негізгі дайындық түрі болып табылады.
Спортшыны дайындау жүйесіндегі маңызды компоненті спортшыны дайындаудың мақсаты, құралы және әдісі ретінде қатысатын жарыс болып табылады. Жарыс спортшының қызметі іске асатын, оның белгілі дәрежедегі қабілетін әділ салыстырып анықтауға мүмкіндік беретін және оның максимальды көрінуін қамтамасыз ететін арнайы өрісті жүйе ретінде анықталады.
Жарысқа қатысу үшін ең жоғары дайындық пен жоғары спорттық нәтижелерге жету барлық дайындық жүйесін осы заманғы озық ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырумен ғана мүмкін. Осыдан келіп, ең жаңа ғылыми мәліметтер мен озық спорттық тәжірибе негізінде жинақталған спортшыны дайындау жүйесінен "спорт мектебі" деген ұғым туындайды (бокс мектебі, балуандар мектебі және т.б.).
Спорттық тәжірибеде спорттық қызмет және жарыстық қызмет ұғымдары кең таралған, көбінесе оларды синоним ретінде қолданады, алайда олардың әрқайсысының мазмұны мен мағынасы жағынан елеулі айырмашылығы бар. Спорттық қызмет спорт үшін көп қырлы қоғамдық құбылыс ретінде тән, өйткені адам қызметінің әртүрлі өрісін қозғайды. Спорт саласына әртүрлі кәсіптегі көп адамдар санын тартпай максимальды нәтижеге жету мүмкін емес. Социологтар, дәрігерлер, педагогтар, физиологтар, инженерлер, басқару аппаратынан, өнер саласынан, материалдық - техикалық қамсыздандыру және көптеген басқалары елімізде спорттық жұмыстың жұмыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бұл адамдардың қызметі қоғам өмірінің әлеуметтік және әкономикалық жағдайымен айқындалады.
Айтылғандарды ескере отырып, спорттық қызмет спорт аясында (сфересында) адамныңмүмкіндігінше, барынша сауығуы мен жетілуін қамтамасыз етудегі тәртіпке келтірілген ұйымдастыру қызметі болып табылады. Оның негізгі принциптері мен формалары қоғамдағы спорттың әлеуметтік жұмыс істеу жағдайымен анықталады.
Ресми жарыстар қатынасындағы жарыстық қызмет өзінің абсалюттік мәнінде жеке жарыстық қызмет болып табылады. Бұл жағынан келгенде де тәртіп бойынша адамның психикалық және дене күші шегіндегі, соңғы мақсаты қоғамдық маңызды және жеке нәтижелерге жету болып табылатын ресми жарыс жағдайындағы іске асырылатын адамның ерекше қозғалыс белсенділігі болып табылады.
Спортшылардың өзіндік жарыстық қызметі жарыстарда іске асырылады. Жарыс – адам мүмкіндіктерін және этикалық өзара қарым-қатынастарын білудің қозғаушы күштері, сонымен бірге адамдар арасындағы немесе адамдар топтарымен қарым-қатынас түрі.
Жарыстық қызметтің соңғы нәтижесі спорттағы көрсеткіштердің сапалық деңгейімен немесе сонымен сипатталатын спорттық жетістікке жету болып табылады.
Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.
Спорттық және жарыстық қызмет, әртүрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізуге, спорттық қозғалысқа органикалық кіреді, өйткені спорттық қоғалыстың барлық бағытында жалпы көпшіліктік қарапайым спорт және жоғары жетістіктер спорты тұр. Осыдан келіп спорттық қозғалыс – бұл жалпыкөпшілік, бұқаралық спорт және жоғары нәтижелер спорты аясындағы спорттық тәжірибе, әлеуметтік ағым.
"Спорт" ұғымымен қатар "дене мәдениеті" немесе олардың үйлестігі "дене тәрбиесі және спорт" ұғымдары жиі пайдаланылады. Спорт дене мәдениетінің ажырамайтын бөлігі, ірі компоненті болып табылады. Дене мәдениетінің әлеуметтік қызметінің бүтіндей қатары спортқа да тарайды. Алайда спорт түрлерінің барлығы дене мәдениетіне жата бермейді. Бұл дене мәдениеті ұғымын (термині) қоғам және жеке тұлға мәдениетінің органикалық бөлігі, адамның өмір тәжірибесіне дене дайындығы, өзінің жағдайын жақсарту (оптимизациялау) және дамыту қозғаушы күші ретінде қозғалыс белсенділігін үйлесімді пайдалану деп түсіну дұрыс. Шахмат, дойбы, бридж, моделдік-конструкторлық сияқты спорт түрлері спорттық жетістіктерге дайындықтың басты құралы ретінде дене жаттығуларын пайдаланумен тікелей байланысты емес.
Спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігінің бірі болғанымен, ол оның аясынан шығып, белгілі дербестікте болады.
Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.
Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорттық қызметке жеке тұлға және қоғамның нақтылы қажеттілігін қанағаттандыру және дамыту, адамға және адамдар арасындағы қатынасқа объективті тән әсер ету қасиеті жатады.
Спорттың қызметін шартты түрде спецификалық (ерекше болмыс құбылысы ретінде тек өзіне тән) және жалпыға бөлеміз. Біріншісіне, жарыстық-мөлшерлік өлшеу (эталондық) және эвристикалық-нәтижелілік қызметі. Екіншісіне, қазіргі уақытта әлеуметтік-қоғамдық мәні бар қызметтерді, яғни жеке тұлғалық бағытты тәрбие, үйрету және дамыту қызметін қосады; сауықтыру-рекрлациялық қызмет; жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы және социолизациясы; коммуникативтік және экономикалық қызметі.
Жарыстық-әталондық қызметі. Жеңіске спорттың негізгі спецификасын немесе жеке өзіндік жоспарда жоғары спорттық нәтижеге жету немесе жарыста орын алуға бағдарланған сайыстар барысында нақтылы адам мүмкіндіктерін жүйелі салыстыру және әділ бағалаудың максимальды мәнін айқындаумен тұжырымдалатын меншікті жарыстық қызмет құрайды.
Спорттағы есепке алынып, белгіленген рекордтар мен жетістіктер спорттық дәреже талаптарын орындау жалпы адам мүмкіндіктерін және өзіне тән көрсеткіші қызметін атқарады, және кең танылымға ие болады. Техника эталонынан (өлшемінен) айырмасы "спорттық эталон" тарихта өзгеріссіз қалмайды, спортшының өзін жетілдіруіне, күшті жұмылдыруына бағыттап, ынталандырып, барлық уақытта алға озады. Спорттың эталондық қызметі жоғары жетістіктер спортында анық көрінеді, алайда белгілі шамада бүкіл спортқа, оның ішінде арнайы ұйымдастырылған жарыстар жүйесі арқылы жалпы көпшілік бұқаралық спортқа да тән.
Эвристикалық - табысқа жету қызметі. Спорт үшін адамға өз мүмкіндіктерін білуге жұмылдыратын шығармашылық ізденіс қызметі тән, яғни оны максимальды іске асыруда және арттыруда тиімді әдістерін іздеп табу. Бұл қызмет жоғары жетістіктер спортында барынша толық көрініс тапқан, өйткені жетістікке жету жолында дайындық жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа құралдарын жаттығу әдістерін, спорттық күресті жүргізудің жаңа әдістің және тәсілдің күрделі элементтері үлгісін шешімін іздеу қажет. Спортшы барлық уақытта шерберліктің жаңа деңгейіне көтерілу үшін жарыстарда өзінің мүмкіндіктерін толық жұмылдырып және көпжылдық дайындықтың әртүрлі сатыларында олардың барын тиімді пайдаланып, өз қабілеттерін жетілдіруі тиіс. Алып шығармашылық лабораториясы сияқты спорт адам жетістіктерінің шыңына таптаурын жол салады. Нобель силығының лауреаты Арчибальд Хиллдың "Физиологиялық мәліметтердің шоғырландырылған саны физиология кітабында емес, әлемдік спорттық рекордтарда", – деген сөзі бұған дәлел.
Әлеуметтік - қоғамдық қызметіне бәрінен бұрын жекелік – бағытты тәрбие, оқытып үйрету және дамыту қызметтері жатады. Спорт тек дене және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қомайды, сонымен бірге ол адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, интеллектуальдық (ақыл-ой) және еңбек тәрбисін береді. Спорттың өзіне тарту күші дене және психикалық күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей – бағытты тәрбиелеу үшін кең ауқымдағы мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен-өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған тәрбиелік-бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады.
Спорт әлеуметтік-педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінің ықпалды құралы болып табылады, ал спорттық кәсіби-қолданбалы түрлерімен шұғылданудың арқасында еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.
Спорттың сауықтыру-рекреациялық қызметі адам ағзасының жағдайына және қызметтік мүмкіндіктеріне оңды әсер етуімен көрінеді. Әсіресе бұл балалар мен жасөспірімдер спортында анық көрінеді, яғни спортпен шұғылданудың дамып және қалыптасып келе жатқан ағзаға пайдалы әсеріне баға жетпейді. Дәл осы жаста денсаулықтың негізі қаланады, дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданудың дағдылары үйлестіріледі, жеке және қоғамдық гигиена дағдылары қалыптасады. Спорт сонымен бірге жақсы көңіл күйдің көзі болып табылады, ол балалардың психикалық жағдайын түзейді, ақыл-ой шаршауын басуға мүмкіндік береді, бұлшық ет қуанышын сезіндіреді. Әсіресе балалардың гиподинамиясының кері құбылысын жою ісінде оның рөлі өте зор.
Елдің ересек тұрғындарымен жұмыс істеуде спортқа көп мән беріледі. Ол сауықтыру еңбек қызметіндегі және тұрмыстағы қозғалыс белсенділігінің тез азаюы тән ғылыми - техникалық прогрестің қолайсыз зардаптарынан қорғау құралы болып табылады. Спорт бос уақытын салауатты демалыспен және көңіл көтерулермен ұйымдастырудың таралған түрі.
Спорттың әсерлену және көріністік қызметі өнермен бірлестікте адамның дене және рухани сапалары үйлескен үндестікте көрінетін оның көп түрлері өзімен эстетикалық қасиеттерді ала жүреді. Әсіресе, бұл жоспарда олардың ішіндегі қызықтыратын тартымдысы күрделі қозғалыс үйлесімділігіндегі мына спорт түрлері: спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру және т.б. Адам денесінің сұлулығы, әдіс-тәсіл жағынан күрделі және мәнерлі дағдыланған қозғалыс, мерекелік көңіл күй – осылардың бәрі спорттың ақиқат табынушыларын қызықтырады. Спорт көпшілікке танылған ойын-сауық сияқты құбылыс ретінде әсерлілігімен және қабылдау өткірлігімен көпшілік адамдардың жеке және ұжымдық қызығушылық ынтасын қозғайтын, сонымен бірге "спорт тілінің" әрбір адамға іс жүзінде түсінікті жан-жақтылығымен сипатталады.
Барлық адамдар үшін спорт сезімге, мазмұнға бай қызық көрініс. Осы заманғы коммуникацияның техникалық құралдары, әсіресе бейне көрініс спорттық көрермендер аудиториясының бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда ауқымы кеңейді, яғни бұл адам баласының сезім әлеміне спорттың әсерін арттырды.
Көрермен жанкүйерлерсіз спорт жалпыға бірдей маңызы бар әлеуметтік құбылыс болмаған болар еді. Спорттық майданға бәсекелесіп жарысып жатқандармен бірге әсерленіп, жанкүйерлер өзін солардың ішінде жүргендей спорттық сайыста, мінездердің күресінде, спорттық дауларды сезіммен-бейнелік деңгейде шешуде солармен бірдей сезінеді және өзінің өмірлік ұстанымында бекітуге еліктеу және жекелеу үшін айқын мысалдарды табады.
Спорт адамдарды қоғамдық өмірге тартудың қуатты қозғаушы күштерінің бірі болып табылады, яғни шұғылданушыларды оған қатыстыруға ынталандырады және шұғылданушылардың әлеуметтік қатынастағы тәжірибесін қалыптастырады. Жеке тұлғаны социялизациялау процесіндегі оның маңызды рөлі осыған негізделген.
Ерекше спорттық қатынастар (жеке тұлғалар арасында, топтар арасында, ұжым аралық) спорттың шегінен тыс шығатын әлеуметтік қатынастар жүйесіне осылай немесе басқаша қатыстырылады. Бұл қатынастардың жиынтығы спорттың жеке тұлғаға әсер ету негізін құрайды, яғни оның тәжірибесін спорт ауқымында және одан да басқа барынша кең масштабта меңгеру қажет болады.
Спорттық қозғалыс жалпы көпшіліктік әлеуметтік ағым ретінде және әлеуметтік интеграция қозғаушы күштерінің бірі ретінде үлкен маңызға ие болды, яғни адамдарды бір-біріне жақындату және оларды топтарға, ұйымдарға, одақтарға, клубтарға қызығушылық ынтасы мен қызметіндегі бірлік негізінде қанағаттандыру болып табылады. Спорттың жалпы көпшілікке түсініктілігі, жалпы халықтық сапаға өту үшін спорттық жетістіктерді халықтың, ұлттың, мемлекеттің беделді ықыласымен табиғи бағалау, оны жалпы көпшілік санасына әсер ету үшін қолайлы жол (канал) етеді. Қазіргі заманғы өмірде бұл жол коммерциялық мақсатқа да қолданылады.
Спорттың коммуникативтік қызметі. Қазіргі кезеңдегі адам дамуындағы қоғамның гуманизациясы спортты халықаралық байланыстарды өрістетудің халықтардың өзара түсінігі мәдени ынтымақтастық, әлемде бейбітшілікті нығайтудың қозғаушы күшін жасайды. Спорт халықаралық қатынаста әлдеқашан басты орынды иеленген.
Біздің заманымызда халықаралық спорттық байланыстар орасан зор деңгейге дейін өсті, ал "Спорт барлығы үшін" және олимпиадалық қозғалыс сияқты спорттық қозғалыс түрлері қазіргі заманғы өте кең ауқымдағы халықаралық ағымына айналды. Қазіргі таңда Халықаралық Олимпиада комитеті 200-ден астам Ұлттық олимпиадалық комитеттерді біріктіреді.
Спортшының жеке дарындылығы. Осы заманғы ғылым адамның таланттылығын, дарындылығын және қабілеттілігін айқындайды. Кез келген спорт түрімен шұғылдану адамнан бір немесе бірнеше қызмет түрлерін табысты орындау жағдайы болып табылатын жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерінен көрінетін белгілі бір қабілетті көрсетуді талап етеді. Қабілеттіліктің білімге, біліктілікке және дағдыларға байланысты емес екенін, яғни ол шапшаңдықта, белгілі бір қызмет түрінің әдістері мен тәсілдерін меңгерудің тереңдігі мен беріктігінде көрінетінін атап өткен жөн. Қабілеттіліктің табиғи себепші болатын компоненті дарындылық болып табылады. Ол адамға өзіне сәйкес келетін қызметін табысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Спортқа байланысты анықталған жарыстық қызметті іске асыруға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның дене және психикалық сапалары мен қасиеттерін айтуға болады. Дарындылық біртіндеп спорт мектебінде шұғылданушының бір топтан екінші топқа, бір құрама командадан екіншісіне, яғни жоғарырақ сатыдағысына ауысуы кезінде басты өлшем критериі болады. Спорт түріндегі белгілі бір қабілеттің даму негізінде туа бітті табиғи анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері болып түсіндірілетін белгілі бір келешектігі жатыр. Алайда адамның әртүрлі қабілеттілігінің жоғары деңгейі оның қызмет түрін үйлесімді құру процесіндегі даму нәтижесі, ал спортта дайындау жүйесі болып табылады. Өзінен өзі адамның талаптылығы, оның қабілеттілігін дамытуға тек қана жәрдемдесуі мүмкін. Бұл үшін бағытты тәрбиелеу, дамыту және оқытып үйрету қажет. Осы бейнеде, адамның талаптануы дарындылығымен үйлесімділікте, ұтымды педагогикалық әсер ету жолымен, ал жекелеген жағдайларда бұрынғы өткен буынның жинақталған тәжірибесін пайдалану арқылы белгілі деңгейде қабілеттілікті дамытуға болады.
Спорттық қабілеттілікті бағалау кезінде жаттықтырушы үш шешімді сәттермен тоқайласады:
белгілі бір спорт түріндегі қабілет құрамымен;
әрбір адамның бұл қабілеттілігін өзінің одан әрі жетілдіру ерекшеліктерінің барысын болжалдау мақсатында әділ және барынша ерте бағалауымен;
егер бұл қабілеттер әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған болса немесе олардың төменгі деңгейін немен орнын толтыруға, қандай жолмен қалыптастыруға болатынын білуімен.
Спорттық жетістікке дайындық дәрежесі. Жоғары нәтижелер жетістігін анықтайтын, спортшының мақсатты бағыттағы дайындығының шешуші маңызы бар. Жаттықтырушы спортшының табиғи талантына бағытты әсер ету жолымен оның таңдап алған спорт түрінде алға басушылығын қамтамасыз ететін қажетті қабілеттілігін дамытуға қол жеткізеді. Сонымен бірге басты және аралық (кезеңдік) мақсатқа жету және жаттығуға мақсатты ұмтылыспен спортшының өз еңбегін жоғары дәрежеде ақтауы басты шарт болып табылады. Мұнда спортшының өзін-өзі жетілдіруі үшін жұмсалған күш салуы міндетті шарттардың бірі болып саналады. Дарынды спортшылардың бірде бірі табанды еңбексіз жоғары нәтижелерге жете алмайды. Осыған байланысты спорттық жетістік – бұл спортшының өзін-өзі жетілдіруге жұмсаған пайдалы күш салу көрсеткішінің мөлшері, осы жолдағы оның жетістіктерінің көрсеткіші. (Матвеев Л.П. 1977).
Қазіргі таңда спортшыларды дайындау процесіндегі жаттығу жүктемелері мен оған жалпы жұмсалған уақыт айтарлықтай жоғары мөлшерге жетеді. Әртүрлі спорт түрлеріндегі жаттығуға және жарысқа жұмсалатын уақыттың жалпы көлемі жылына 800 ден 1500 сағатқа дейін ауытқитынын айтудың өзі жеткілікті. Нақтылы спорт пәндерінде күніне үш және төрт реттік жаттығу сабақтарын өткізу қолданылуда.
Осылардың барлығы спортшының тұлғалық, психикалық сапалары мен қасиеттеріне жоғары талап қояды. Тек жоғары ұстамы бар, қажырлы спортшы ғана өзіне жоғары талап қою және еңбекті ақтау үшін мұндай жүктемеге шыдауы мүмкін.
Осындай бейнеде, спортшының дайындалғандық дәрежесі оның тиімді жаттығу және жарыстық жүйені тиімді пайдалануына, сонымен бірге спорттық жетістіктердің алға басушылығын қамтамасыз ететін, осы қызметтің мақсатын қалыптастыратын қоғамдық және жеке қызметтері мен мотивтерінің маңыздылығын сезінуіне байланысты.
Спортшының дайындық жүйесінің тиімділігі келесі қозғаушы күштермен анықталады: осы заманғы жаттығу әдістемесімен; жарыстың үйлесімді жүйесімен; озық әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен; материалдық және техникалық қамтамасыздандырумен; спортшыларды, жаттықтырушыларды, дәрігерлерді және т.б. ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыз етумен.
Бұл топтардың ішінде бірінші орынды спорттық дайындық жүйсінің ғылыми-әдістемелік негіздері алады. Осы заманғы ғылыми мәліметтердің негізінде спорттық жаттығу жүйесінің құрылымында өзінің орынын тапқан жете өңделген әдістемелік зерттеу жұмыстары мен спорттық жатттығудың құрылымында орнын тауып пайдаланғанда ғана спортшыны дайындаудың тиімділігі туралы сөз қозғауға болады.
Жаттығу процесінде спортшылардың жоғары жаттығу және жарыстық жүктемеден кейінгі қалпына келтіру құралдары мен әдістері, сол сияқты олардың спорттық жұмыс қабілеттілігін арттыру жолдары елеулі рөл ойнайды.
Спортшыны дайындау жүйесінің тиімділігіне жоғары сапалы спорт құрал-жабдықтары, спорт қондырғылары, киім, аяқ киім, қорғағыш құралдарды әртүрлі конструкциядағы және бағыттағы тренажерларды (механикалық, электромеханикалық, электрондық) дайындау және қолдану маңызды әсер етеді.
Спортшыларды дайындау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіндегі маңызды кезең, олардың әдістік және тәсілдік дайындығын жетілдіру болып табылады. Көптеген спорт түрлерінде әдістік және тәсілдік дайындық барлық жүйенің жетістігін анықтайтын басымырақ шеберлік жағы болып табылады. Жаңа элементтермен айлалы әрекеттерді (комбинацияларды) әдістік тәсілдерді уақытында үйлестіруден соңғы нәтижеде спорттық жетістіктер деңгейі тәуелді.
Спорттық қозғалыстың қарқыны және оны мамандармен қамтамасыздандыру. Спорттық қозғалыс қарқыны сияқты қозғаушы күштерге кез келген елдің спорттық қызметінің тиімділігі тәуелді.
Социологиялық - стастистикалық талдау көрсетеді: спортпен шұғылдануға адамдар неғұрлым көп тартылса, солғұрлым көп спортшылар саны үлкен спортқа шығады, ал бұл өз кезегінде олардың арасында бәсекелестікті арттырады және спорттық нәтижеде көрінеді. Спортпен шұғылданудың жалпы көпшіліктік сипат алуы қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайымен және қажетті мамандарды, яғни жаттықтырушыларды, нұсқаушыларды, оқытушыларды, дәрігерлерді, спорт құрылыстарының жұмысшыларын және т.б. дайындаумен байланысты. Бұл мамандардың біліктілігі шұғылданушылардың жалпы үлкен тобының, сонымен бірге жоғары дәрежелі және атақты спортшылардың спорттық жетістіктерін арттыруына мүмкіндік туғызады.
Спорттық қозғалыстың әлеуметтік даму жағдайы және оның экономикалық қамтамасыз етілуі. Қайсы бір елдердің спорттық жетістіктерінің деңгейі адамның жалпы өмір сүру қызметін айқындауда басты рөл ойнайтын көбнесе қоғамдық өмірдің материалдық жағдайына байланысты болады.
Әртүрлі елдерде қолданыстағы таралған көптеген спорт түрлерінде жетістіктерінің жиынтық деңгейі халқының материалдық тұрмыстық жағдайының, көрсеткіштеріне тәуелді, сонымен бірге орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштеріне, адамдардың сауаттылығы мен жалпы санымен өзара байланысты (Максименко А.М. 1969). Сол уақытта орташа экономикалық потенциалдарымен дамыған елдер, тұрғын халықтың және олардың дәстүрлерінің географиялық және этникалық ерекшеліктерін көрсететін екі-үш спорт түрлерін табыспен дамыта алады. Бұған мысал ретінде Эфиопия мен Кенияның жеңіл атлеттерін, Латын Америкасының боксшыларын, Африка елдерінің футболшыларын және т.б. жатқызуға болады. Дегенмен, бұл елдердің қоғамның экономикалық өмір жағдайына байланысты көптеген әлемге таралған және жалпы көпшіліктік бұқаралық спорт түрлерін кешенді дамытуға әлеуметтік-экономикалық күштері жетпейді. Қортындылай айтқанда адамның өзінің қабілеттерін жетілдірудегі табыстарын көрсететін спорттық жетістіктері және қоғамның бүтіндей алғандағы спортты, дене мәдениетін және жалпы мәдениетті дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Спорттық қозғалыстың даму бағыты. Қазіргі заманғы спорт спорттық жетістіктердің тұрақты өсуімен сипатталады. Сонымен бірге, әрбір жеке спорт түрінде немесе жеке пәнде олардың бүкіл даму тарихында бірқалыпты емес жетістіктер динамикасы байқалады. Бір кезеңдерінде оның нәтижесі тез өседі, ал басқаларында – бір қалыпты, үшіншілерінде – біртіндеп және үздіксіз өсумен жүреді. Бұл қозғаушы күштердің мына бүтіндей қатарымен байланысты: жаңа жаттығу құралдары мен әдістерін ендіру; жарыстық жүйелерді экономикалық ынталандыру; спорттық құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, киімдерді, аяқ киімдерін жетілдіру; спортшының жұмыс қабілеттілігін арттырудың жаңа әдістерін қолдану (психологиялық және физиологиялық бағыттағы).
Бұл қисық сызық үш фазадан тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады және белгілі дәрежеде спортшының жеке шеберлігінің өсуін және спорт түрінің қалыптасу тарихын көрсетеді. Бұл фазалардың созылу ұзақтығы әртүрлі спорттық пәнде әртүрлі болады.
