- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыбы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. «Спорт негізі және қолданбалы дайындық» пәнінің мақсаты мен міндеті
- •2. Педагогикалық жоо-ң дене шынықтыру факультеті мен жоо бітіруші студенттердің кәсіби маман болып, болашақта пәннің негізгі мақсатын тәжірибе жүзінде ашып көрсету.
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1 Негізгі әдебиеттер
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.
- •1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
- •2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
- •2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
3. Спорттық сайыстар мен спорттық дайындық жүйесіне сипаттамасы
4. Жарыс жүйелері мен жаттығу қызметі жүйелері қызметінің тиімділігін
арттыратын қозғаушы күштер жүйесі
Әдебиеттер тізімі:
1. Әбділлаев Ә.К.,Оңалбек Ж.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» І-бөлім
2004ж
2. Әбділлаев Ә.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». ІІ-ІІІ-ІV бөлімдері
2007ж
3. Әбділлаев Ә.К.,Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Кентау 2008ж.
4. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Москва ФиС. 1991г.
Дәріс тақырыбы: Дайындық құрылымы мен этаптары
Дәріс жоспары: 1. Спорттық жаттығу принциптері
2. Жаттығу процесінің циклділігі
3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
Дәріс мазмұны
1. Спорттық жаттығу принциптері Спорттық жаттығу принциптері ғылыми мәліметтер және жаттықтырушылық жұшмыстың оның іс тәжірибелері жинақталған жаттығу жүйесін (процесін) ұтымды құрудың барынша маңызды педагогикалық ережесі болып табылады.
Максимальді мүмкін жетістіктерге бағыттталғандық, тереңдетіп мамандану және жекелеу. Егер спорттың мақсатсыз дене жаттығуларын пайдалану кезінде кейбір шегіне дейін емес мүмкін болған жетістік дәрежесі ғана іске асады, ал спорттың қызметке барынша жоғары нәтижеге жетуге бағытталғандық тән. Әрине бұл жоғары нәтижеге жету жекелей әр түрлі, заңдысы әрбір жеке тұлғаны әр қайсысы спорттық жетілу, даму жолында мүмкіндігінше одан әрі өтуге ынталануы тиіс.
Спорттық нәтижелер өз-өзінен маңызды емес яғни олар қабілеттілік және шеберліктің нақтылы даму көрсеткіші болып табылады. Жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатының осыған байланысты елеулі қоғамдық педагогикалық маңызы болады, өйткені ол адам жетілуінің ең жоғары шегіне ұмтылысын білдіреді. Мұндай ұмтылыс барлық ұйымдармен және спорттық қызметтің жағдайларымен, әсіресе спорттық сайыс жүйелері және алға ұмтылдыратын марапаттаулармен (бастапқы спорттық дәрежеден чемпионның алтын медалына дейін) ынталандырылады. Жоғары көрсеткіштерге жетуге мақсат қою нәтижесі спорттық жаттығуларды сәйкестендіріп құрумен, таңдаған спорт түрінде тереңдетілген мамандандырумен барынша әсерлі құралдар және әдістерді пайдаланумен іске асады. Ең жоғары нәтижеге бағытталғандықќа қалайда спорттық жаттығудың барлық ерекшелік белгілерін анықтауға, яғни жүктеменің көтеріңкі деңгейін, жүктемемен демалыстың кезектестірудің ерекше жүйесін, ашық көрінген циклділік себепші болды.
Спорттық жаттығудың бұл заңдылығы спорттық жетілдірудің көп жылдық сатысының тәуелділігіне байланысты әртүрлі көрінеді. Спорттық жетілдірілудің бірінші сатысында спортпен шұғылдану негізінен жалпы дайындық түрінде өткізіледі, жаттығу жүйесі спорттық маманданудың анық көрсетілген сипаты бола алмайды, яғни жоғары нәтижелерге жету мақсаты алдағы келешектік жоспар сипатын береді. Ағзаның жас ерекшелігімен қалыптасуға және жаттыққандық деңгейінің артуына қарай бұл мақсат биологиялық жаспен басқа қозғаушы күштердің шектеулі әсері әрекет ете бастағанша іске асырыла береді. Сонымен, жалпы өрлеу, алға басушылық принципі спорттық дайындық ауқымында ерекше маңыздыға ие болады. Оны белгілі спорт түрінде жетілдіру дәрежесінің максимальді мүмкіндігін қамтамасыздандыруды талап ету деп түсіну керек. Ал, бұл тереңдетіліп мамандандырудың қажеттілігін білдіреді.
Спорттық мамандану спорттық қызмет барысында таңдап алған спорт түрі үшін жетілдіру барынша қолайлы болатын уақытпен күш салуды дұрыс, ретімен бөлумен сипатталады, бірақ басқа спорт түрлері үшін дәл осылай бола бермейді. Осыған байланысты спорттық жаттығу құрастыру кезінде спортшылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу төтенше маңызды. Ересек спортшының жекен икемділік қабілетіне сәйкес өткізілетін тар мамандандыру саласында оның өз дарындылығын барынша толық көрсетуі үшін мүмкіндік жасайды және спортқа деген ынтасын қанағаттандырады. Керісінше, спортшының жеке сапаларына тура келмейтін мамандықты қате таңдауы және командаға сай еместік спортшымен жаттықтырушының күш салуын елеулі дәрежеде жоққа шығарады.
Жекелеу принципі жаттығуды құруда және өкізуде спортшылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, дайындалғандық деңгейін есепке алып жүргізуін талап етеді.
Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Керісінше, таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады. Бұл жөнінде бүкіл спорт іс-тәжірибе, сонымен бірге көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының мәліметтері дәлелдейді.
Спорттық нәтижелердің спортшының жан-жақты дамуына, оның ішінде интеллектуалдық адамгершілік, өнегелілік, тұрғысына тәуелділігі екі негізгі себеппен түсіндіріледі: біріншіден, ағзаның бірлігінен- оның қызмет және даму барысында органдарының, жүйелері мен қызметінің органикалық өзара байланысы; екіншіден, әртүрлі қозғалыс дағдылары мен біліктілігінің өзара әрекеттестігі. Спортшының меңгерген қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының шеңбері кеңейген сайын, қозғалыс іс-әрекетінің жаңа түрлерін ойластырып, жасау және бұрын меңгергендерін жетілдіру үшін қолайлы алғы шарт болады.
Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған адғы шарттарына тәуелді.
Жаттығу барысының (процесінің) үзіліссіздігі. Бұл принцип мына негізгі ережелермен сипатталады:
1/ спорттық жаттығу спорттық мамандану бағытына барынша бағытталған (кумулятивтік) әсерге жауап беретін, жыл бойындағы және көпжылдық іс-әрекет барысы есебінде құрылады.
2/ әрбір келесі жаттығу сабағының әсер етуі бұрынғының "ізіне" "қабаттасқан" сияқты оларды бекітеді және тереңдетеді;
3/ сабақтардың арасындағы аралық қалпына келтіру және жұмыс қабілеттілігін арттырудың жалпы бағытына кепілдік беретін шегінде болады, сонымен бірге жаттығу мезоциклдарымен микроциклдарының ауқымындағы белгілі жағдайда кейде сабақты спортшының толық қалпына келуінсіз өткізуге болады, осыған байланысты жүктеме мен демалыстың тығыздалған режімі қойылады.
Жаттығу жүйесін жаттығу сабақтарының оңды тиімділігі сабақтастығының дәл нақтылы жағдайда мүмкіндігін барынша жоғары дәрежеде қамтамасыз ететіндей етіп құруға ұмтылу қажет және олардың арасындағы ақталмаған үзілістерді шығарып, жаттыққандықты кері минимумға түсіру. Мұнда спорттық жаттығудың үздіксіздік принципінің негізгі мәні қортындыланады. Бұл ереженің принципіндегі әдістемелік мәні жаттығу сабақтары арасындағы артық созылған ара қашықтықты болдырмауды талап етумен, олардың арасындағы қамтамасыз етіп және сонысымен алға басушылық жетістіктер үшін жағдай жасаумен қортындыланады. Жаттығу жүктемелерінен кейін ағзаның әртүрлі қызметтік мүмкіндіктерін қалпына келтірудің және бейімделудің әр уақытта болуы принципінде күнделікті және тек күніне бірақ рет емес шаршау және артық жаттыққандық құбылыстарынсыз жаттығуға мүмкіндік береді. Жаттығудың өткізілу барысының үзіліссіздігі жекелеген жаттығулардың, жекелеген жаттығу сабақтарының, немесе жарыстардың, сонымен бірге спортшының жұмыс қабілеттілігінің жағдайына арналған жекелеген дайындық циклдарының дәрежесімен және әсер ету ұзақтығымен байланысты.
Бұл әсер етулердің тиімділігі тұрақсыз және жүктеменің ұзақтығына және оның бағытына, сонымен бірге көлеміне тәуелді.
Осыған байланысты жақын жаттығу әсері (Ж.Ж.Ә), із қалдыратын жаттығу әсері (ІҚЖӘ) және кумулятивтік жаттығу әсері (КЖӘ).
Жақын жаттығу әдісі жаттығуды тікелей орындау кезінде ағзада жүретін процестермен және басқа да жаттығудың, немесе сабақтың соңында пайда болатын қызметтік жағдайының өзгеруімен сипатталады. Жаттығудың із қалдыру әсері, бірінші жағынан жаттығуды орындау салдарынан, және бұл жаттығуға ағза жүйесінің жауап беру сезінуі, немесе екінші жағынан сабақпен сипатталады.
Жаттығу, немесе сабақтың келесі демалысқа дейінгі кезеңнің аяқталуымен, яғни ағзаның қызметтік жағдайы мен оның жұмыс қабілеттілігінің қатынастық тұрақты ережеге бағындыруын өзінше көрсететін із қалдыру барысы басталады. Екінші рет қайталанатын жүктеменің басталуына байланысты адам ағзасы қалпына келе алмау жағдайында болуы мүмкін, сондықтан алғашқы жұмыс қабілеттілігіне, немесе барынша орнын толтыру жағдайына, яғни бұрынғыға қарағанда барынша жоғары жұмыс қабілеттілігіне келтіру.
Тұрақты жаттығу кезінде әрбір жаттығудың, немесе жарыстық із қалдыру әсері бір-біріне үнемі жабылып, жинақталады, нәтижесінде жекелеген жаттығулардың, немесе сабақтардың әсерімен апарылмайтын кумулятивтік жаттығу әсері пайда болып, әртүрлі із қалдыру әсерінің жиынтығынан тұратын өнімі болып табылады. Спортшының ағзасы жағдайында елеулі бейімделу өзгерістерге әкеліп, оның қызмет мүмкіндіктері мен жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Алайда, дайындалғандық жағдайында мұндай оңды өзгерістер спорттық жаттығуды дұрыс құрғанда және жеткілікті дәрежеде созылған уақыттан кейін ғана болуы мүмкін. Осындай бейнеде жақын жаттығу, із қалдыру жаттығу және кумулятивтік жаттығу әсерлерінің өзара әрекеттестігі спорттық жаттығу жүйесі барысының үзіліссіздігін қамтамасыз етеді.
Жаттығу жүктемесін арттырудағы біртіндеушілік пен уақыт аралығы бірлігі. Ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің артуы ұсынылған жаттығу және жарыстық жүктемеге заңдылықпен тәуелді. Спорттық нәтиже жолындағы әрбір жаңа қадам жаттығу жүктемесінің жаңа деңгейін белгілеп көрсетеді. Біртіндеп және үздіксіз жене жүктемелері де, спортшының әдістік, тәсілдік және психикалық дайындалғандығына қойылатын талапта жүйелілікпен оларды барынша күрделі және жетілдірілген дағдыларды, біліктілікті меңгеруі тапсырмаларын орындауға, дене және рухани күштерін барынша жоғары көрсетуіне жұмылдырады. Жаттығу барысында жүктеме динамикасы үшін тәндігі, олар біртіндеп және бір уақытта шегіндегі мүмкіндігі мақсатымен артады. “Максималды жүктеме” ұғымын “шегіне дейінгі жүктемемен” яғни әбден шаршағанға дейінгімен барлық уақытта тең санау дұрыс болмас еді. Ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің шекараға дейін барлығы, бірақ ешбір жағдайда бейімделу мүмкіндігінен аспауы дұрыс болады.
Жаттығу жүктемесінің динамикасында бір қарағанда бірікпейтін сияқты екі ерекше белгі үйлеседі- біртіндеушілік және “біртіндеушілік үзілістері”, яғни кезеңдермен шегіне дейінгі маңызда артатын жүктеменің “секіруі”. Біртіндеушілік және ”секірмелік” жаттығу барысында өзара себепші болады. Жүктеменің ең жоғары шегі ағзаның сатысындағы барлық уақытта барлық мүмкіндегіне сәкес анықталады. Спортшы ағзаның қызметтік және бейімділік мүмкіндіктерінің кеңеюне қарай жаттығу нәтижесінде жүктеменің ең жоғарғы шегі біртіндеп артады. Жаттығу және жарыстық жүктемені біртіндеп және шегіне дейін арттыру спорттық нәтижелердің алға басушылығын қамтамасыз етеді. Бұл спортшыны дайындауға талап етуді біртіндеп күрделілендіретін жаттығу жүктемесінің көлемімен қарқындылығымен бұлжытпай арттырумен қамтамасыз етіледі. Осылардың барлығын спортшылардың жүйелілікпен орындауы барынша күрделі және жетілген біліктілікті және қозғалыс дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Жаттығудағы жүйелі біртіндеушілік спортшының дайындалғандық деңгейі мен мүмкіндігіне, әсіресе жас өспірімдерге, оның спорттық нәтижесінің ұдайы ілгері өсуін қамтамасыз ете отырып сәйкес келуі тиіс.
Жүктеме динамикасының толқын тектестігі. Жаттығу жүктемесінің үдемелікпен артуы белгілі сатыларда спортшының ағзасындағы бейімделу өзгерістері барысында үйлеспеушілікке ұшырайды. Бұл демалыспен қатар спортшының ағзасында биологиялық қажетті өзгерістерді қамтамасыз ететін жүктемені уақытша азайту қажеттілігін туындатады. Сондықтан жаттығу жүктемесінің динамикасы тура сызық түрінде емес, толқын тектес сипатта болады. Жүктеменің толқын тектес өзгеруі оқу-жаттығу барысының азғантай аралық қатынасы, сонымен бірге жаттығудың жылдық циклының кезеңдері мен сатылары үшін тән.
Жүктеме динамикасының толқын тектес өзгеруі жүктеменің көлемі мен қарқыны динамикасына тән, және де барлық параметрлерінің максимальді маңызы көп жағдайда сәйкес келмейді. Қазіргі таңда жүктемелердің жаттығу барысының әртүрлі фазаларын сатыларындағы және кезеңдеріндегі бағдар үлгісін ұсынуға болады. Осы сызба үлгіге сәкес келесі шамадағы ''толқындар'' бөлінеді.
- аз, бірнеше күндерді қамтитын, микроциклдағы жүктеме динамикасын сипаттайтын;
- орташа, жаттығудың мезоциклы шегіндегі бірнеше кіші ''толқындар'' жүктемесінің жалпы мақсатын көрсететін;
-үлкен, жаттығудың үлкен циклдары кезеңіндегі орташа ”толқындардың” жалпы мақсатын сипаттайды.
Спорттық жаттығуды өнерлеп құру осы толқындарды бір-бірімен дұрыс мөлшерлеп, яғни мироциклдағы оның кезеңдері мен сатылары үшін тән жүктеме динамикасы мен жаттығу процесінің барынша жалпы сақсаттарымен арасындағы қажетті сәйкестікті қамтамасыз ету қажет.
Жүктеменің толқын бейнесіндегі ауытқуының болмай қалмаушылығы өзара байланысты себептердің кешені немен түсіндіріледі. Олардың ішіндегі елеулілері мыналар:
- жаттығу барысында бейімделу және қалпына келу барысының фазалығы және гетерехрондылығы ;
- ағзаның әрекет істеуге бейімділігінің кезеңдермен тұрақсыздануына ортаның жалпы қозғаушы күштері және оның табиғи биологиялық ырғақтары себепші болады;
- жүктеме қарқынымен көлемінің өзара әрекеттесуі күштерінде жаттығу процесінің белгілі фазаларында оның осы жақтары әртүрлі бағытта жәнғе бір бағытта өзгереді.
Жүктеменің жекелеген параметрлерінің өзгеру дәрежесі мен жалғасу ұзақтығы оның әртүрлі фазаларда толқын тектес өзгеруі мыналарға байланысты;
- жүктеменің абсолюттік мөлшеріне;
- споршының жаттыққандығының даму қарқыны деңгейіне;
- спорт түрінің ерекшелігіне;
- жаттығу сатылары мен кезеңдеріне;
Негізгі жарыстарға тікелей қатысты кезеңде жүктеменің толқын тәріздес өзгеруі бірінші кезекте жаттығудың куммулятивтік тиімділігінің “кешіккен өзгермелілігі“ (“заказдывающей трансфармации“) заңдылықтарына себепші болады. Сырт көзге кешігу өзгермелілігінің ерекшелігі спорттық нәтиженің ең шыңына жету нәтижелері жаттығу жүктемесінен уақыт бойынша қалып қоюымен көрінеді.
Мұнда жүктеме мөлшері ерекше елеулі шамаға жетеді,ал содан кейін бір қалыпты жағдайға түседі немесе тәмендейді.
Жүктеменің қарқындылығы мен көлемінің параметрлерінің ара қатынасынан логика бойынша олардың жаттығудағы динамикасына сәйкес келесі ережелерді шығаруға болады;
- жаттығу сабағының қарқындылығы мен жиілігі аз болған сайын жүктеменің үздіксіз өсу фазасы созылуы мүмкін,бірақ олардың өсу дәрежесі елеусіз;
- жаттығуда жүктеме мен демалыс режімі тығыз және жүктеменің жалпы қарқыны жоғары болған сайын, солғұрлым олардың динамикасында толқын тәріздес тербелу кезеңі қысқа, сонымен бірге оларда “толқындар“жиі көріне бастайды.
- әсіресе жүктеменің жиындық көлемінің елеулі арту сатысында жүктеменің жоғары қарқындылық үлесі және оның арту дәрежесі неғұрлым көп лимиттелген болса, солғұрлым қатынастың және абсолюттік қарқындылық елеулі артады.
2. Жаттығу процесінің циклділігі. Жаттығу процесінің циклділігі белгілі циклдар ауқымында жаттығулардың, сабақтардың, сатылардың және бүтіндей кезеңдердің қайталануымен сипатталады.
Жаттығу циклдары - оның құрылымдық ұйымдастырылуының барынша жалпы формасы. Әрбір кезектегі келесі цикл біршама өткенді қайталау және бір уақытта жаттығу процесін дамыту тенденциясын (негізгі идеясын) білдіреді, яғни, бұрынғысынан жаңарған мазмұнымен, бірен – саран құрал құрамының және әдістерініңөзгеруімен, жаттығу жүктемесінің артуымен және т.б. айырмаланады. Жаттығу құру кезінде оның қайталану және динамикалық сипатының қаншалықты ұтымды үйлестірілуіне шешуші кезеңде оның тиімділігі байланысты.
Циклдар түрінде барлық жаттығу процесі құрылады-майда бөліктерінен көпжылдық жаттығу сатыларына дейін. Оның шегінде жаттығу процесі құрылатын уақыт масштабына байланысты микро-, мезо-, макроциклдар айырмаланады. Бұлардың барлығы жаттығу процесін орынды құрудың ажыратылмайтын жүйесін құрайды.
Бұл принципті басшылыққа алу үшін мыналарды орындау шарт:
Жаттығуды құру барысында оның мазмұнындағы негізгі элементтерді жүйелі қайталау қажеттілігінен бастау және сонымен бірге жаттығу тапсырмасын жаттығу процесінің фазалары, сатылары және кезеңдерінің қайталану логикасына сәйкес бірізділікпен өзгерту;
Жаттығу әдістері мен құралдарын мақсатқа пайдалану проблемаларын шешу барцысында, оларға жаттығу циклдарының құрылымында тиісті сәййкес орын табу(өйткені кез-келген жаттығу сабағындағы жаттығу, құралдар мен әдістер өздерінше қаншалықты жақсы болғанымен, егер өз уақытында, орнына қарай, жаттығу фазаларының, сатыларының және кезеңдерінің ерекшеліктері есепке алынбаса тиімділігін жоғалтады);
Жаттығу фазаларының, сатыларының және кезеңдерінің заңдылықтарына қолданыста жаттығу жүктемелерін реттеу және мөлшерлеу(жаттығу жүктемелерінің динамикасында толқын тектес өзгеріс әртүрлі ұзақтықтағы жаттығу циклдарымен белгілі жағдайда-микр мезо-,және макроциклдармен сәйкестікте болады.
Жаттығу процесінің кез келген үзіндісін оның көбірек және кішілеу ірі циклдік жаттығу құрылымы формаларымен байланыспен қарау, яғни микроциклдардың құрылымын есепке алып,мысалы, олардың орны көбінесе орта циклдардың құрылымы бірінші жағынан олардың микроциклдарын құрайтын ерекшкліктерімен, ал басқа жағынан кейде макроцикл құрылымында және т.б. қамтамасыз етіледі.
Жаттығудың әртүрлі циклдарын құру кезінде ағзаның табиғи биологиялық ырғағында және соңғы жылдары кең таралымға көшкен табиғаттың құбыластарымен байласыстарын есепке алу қажет.
Бұл талаптарда циклділіктің жалпы мәні көрсетілген.
Жарыстың қызмет құрылымы мен споршының дайындық құрылымының бірлігі және өзара байланысы. Бұл принциптің негізінде споршының жарыстың және жаттығу қызметіндегі құрылымын, өзара байланысын және өзара келісімділігін көрсететін заңдылықтар жатыр.
Жаттығу процесін ұтымды құру жарыстық күресті іске асыратын тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін жарыстық қызметтіңұтымды құрылымын қалыптастыруға оның қатаң бағытын болжалдайды.
Бұл принципті сатылап басқару жүйесін құру, спорттық дайындықтың біршама ұзақ кезеңге перспективалық бағдарламасын жасау кезінде ерекше басшылыққа алған дұрыс.
Көпжылдық спорттық қызметтің көпжылдық жас мөлшеріне қарай бірдейлігі(адекватность).Бұл принциптің мәні, көпжылдық жаттығу процесінле спортта, спорттық жетілуге әкелетін бағытта және сонымен бірге адам ағзасы онтогонезі заңдылықтарымен қарама-қайшы келмейтін қабілеттің жас мөлшері динамикасына тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін спорттшының жас мөлшеріне қарай даму динамикасы ескерілуінде жатыр.
Балалық жасөспірім шақта, яғни ағзаның қалыптасу және жетілуі жүріп жатқан кезде жаттығудың(әсерлілігі) тиімділігі басқа кезеңдерге қарағанда қабілеттің барынша жоғары даму қарқынымен сипатталатын ерекше сезімталдық кезеңдерін есепке алуға елеулі тәуелді болады.
Жасөспірім шақта әрбір спортшыда барлық кешенді дене қабілеттерін (күш, шапшаңдық, төзімділік, икемділік, және т.б.) қалыптастыратын жас мөлшеріне қарай толық жетілуіне негіз болатын жаттығу да жалпы дене дайындығы болуы тиіс.
Көпжылдық жаттығу процесін үйлесімді жас мөлшеріне бағдарлап, олардың шекарасында спортшылар жоғары спорттық нәтижеге жеттетіндей негізде құру қажет.
