- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыбы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. «Спорт негізі және қолданбалы дайындық» пәнінің мақсаты мен міндеті
- •2. Педагогикалық жоо-ң дене шынықтыру факультеті мен жоо бітіруші студенттердің кәсіби маман болып, болашақта пәннің негізгі мақсатын тәжірибе жүзінде ашып көрсету.
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1 Негізгі әдебиеттер
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.
- •1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
- •2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
- •2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1 Негізгі әдебиеттер
З. Есмағанбетов «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі». Қарғанды 1995.
З. Есмағанбетов «Дене тәрбиесінің негіздері». Қарағанды 2001.
С. Дошаков, С Каргин. «Алғашкы әскери дайындық негіздері: Оқу құралы. Қарағанды КазМУ 2002.
Э. Тлеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі». Шымкент 2003.
Т. Базартегі. С. Тайжанов «Дене тәрбиесі» Алматы, Атамұра 2001ж
С. Тайжанов А. Кулназаров. «Дене тәрбиесі» » Алматы, Атамұра 2002ж.
Ю. Тлеуғалиев . «Дене тәрбиесі» » Алматы, Атамұра 2002ж
С. Қасымбекова, Д. Мырзамед «Дене тәрбиесі сыныптан тыс жұмыстар» Алматы, Атамұра 2001 ж
Е. Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, Рауан 1991ж
Б. Тотенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, Қайнар 1994ж
Э. Тлеулов.. Б. Асубаев «Спорт құрылыстары» Шымкент 2003ж.
2 Қосымша әдебиеттер:
«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі «/Л.М. Матвеев және А.Д. Новиковтың редакциясы бойынша/ -VI: Д Т және С, 1976 1,2.
Л.М.Матвеев. «Денемәдениетітеориясы». М:ДТ және С, 1991.
«Дене мәдениеті теориясын оқтудың әдістемелік нұсқаулары» /құрастырушылар: Р.Р. Аманбаев және И.А. Моргина. Алматы, 1985/
Дәріс тақырыбы: Спорт негізі мен қолданбалы дайындық пәніне кіріспе
Дәріс жоспары: 1. Спорттың негізі және әлеуметтік қызметі
2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
дайындық бағыттары
3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
Дәріс мазмұны:
Спорт адамды жан-жақты жетілдірудің тиімді құралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудің қозғаушы күші болып саналады. Спорттық жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор.
Қазіргі таңда спорттық қозғалыс негізгі екі бағытқа бөлінеді: бұқаралық (жалпы көпшілік) спорт және жоғары нәтижелер спорты.
Бұқаралық спорт спорттық нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысуы қатынасымен сипатталады. Бұқаралық спортта спорттық нәтижелерді арттырумен қатар елеулі орын мен уақыт сауықтыру міндеттерін шешуге, бос уақытты тиімді ұйымдастыруға (үзілістік-сауықтыру спорты), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби-қолданбалы спорт). Сондықтан, бұқаралық спорт тұрғындарды дене тәрбиесіне және салауатты өмір салтына насихаттап, тарту міндеттерін шешуде басты рөль ойнайды.
Ал, жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, Олимпиадалық ойындарда, Әлем, құрлық чемпионаттарында және ҚР біріншіліктерінде). Алайда спорттық нәтиже неғұрлым жоғары болған сайын, бұл жоғары нәтижеге жететіндердің саны да азая береді.
Спортшы өмірінің белгілі кезеңдерінде жоғары нәтижелер спорты басымырақ жағдайда болады. Олардың дайындығын жоғары біліктілігі бар жаттықтырушылар жүргізеді және ондағы жаттығу барысында ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктері пайдаланылады, жаттығу және жарыстық жүктемелердің көп мөлшері қолданылады, ал спортшылар көп кезеңдік қатаң іріктеуден өтеді.
Спорт негізі және қолданбалы дайындық пәнінің негізгі түсініктері
Спорт - сайыстық, бәсекелестікте өтетін, спорттық жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жинақталған әлеуметтік қызмет. Спортқа негізінен жарыстық қызмет, оған арнайы дайындық , ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.
Жарыс – адам мүмкіндіктерін және этикалық өзара қарым-қатынастарын білудің қозғаушы күштері, сонымен бірге адамдар арасындағы немесе адамдар топтарымен қарым-қатынас түрі.
Жарыстық қызметтің соңғы нәтижесі спорттағы көрсеткіштердің сапалық деңгейімен немесе сонымен сипатталатын спорттық жетістікке жету болып табылады.
Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.
Спорттық қозғалыс – бұл жалпыкөпшілік, бұқаралық спорт және жоғары нәтижелер спорты аясындағы спорттық тәжірибе, әлеуметтік ағым.
Ойындық әдісі спорттық жаттығу барысында тек алғашқы қозғалысты үйретіп, немесе жекелеген қабілеттерге таңдап әсер етіп қоймай сонымен бірге күрделіленген жағдайда қозғалыси әрекетін кешенді жетілдіру үшін қызмет етеді. Ол әбжілдік, зеректік, шапшаң бағдарлау, дербестік, бастамашылдық сияқты қабілеттерімен дене сапаларын дамытуға көп шамада мүмкіндік туғызады
Жарыстық әдіс арнайы ұйымдастырылған жарыстық қызметті мөлшерлейді. Бұл жағдайда жарыстық әдіс жаттығу барысының әсерлігін арттырудың ұтымды әдісі ретінде сипатталады.
Таңдаған жарыстық жаттығулар – бұл таңдап алған спорт түрі бойынша мүмкіндігінше сайыс ережесіне сәйкес орындалатын және спорттық күресті жүргізу құралы болып табылады.
Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі
Спорттық жаттығу құралдары - белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады.
Жаттыққандық жүйелі дене жаттығулары нәтижесінде пайда болатын және адамның дұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын ағзаның талап етілетін жаттығу жүктемелеріне қызметттік бейімделу дәрежесімен сипатталады.
Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.
Спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігінің бірі болғанымен, ол оның аясынан шығып, белгілі дербестікте болады.
Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.
Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорттық қызметке жеке тұлға және қоғамның нақтылы қажеттілігін қанағаттандыру және дамыту, адамға және адамдар арасындағы қатынасқа объективті тән әсер ету қасиеті жатады.
Спорттың қызметін шартты түрде спецификалық (ерекше болмыс құбылысы ретінде тек өзіне тән) және жалпыға бөлеміз. Біріншісіне, жарыстық-мөлшерлік өлшеу (эталондық) және эвристикалық-нәтижелілік қызметі. Екіншісіне, қазіргі уақытта әлеуметтік-қоғамдық мәні бар қызметтерді, яғни жеке тұлғалық бағытты тәрбие, үйрету және дамыту қызметін қосады; сауықтыру-рекрлациялық қызмет; жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы және социолизациясы; коммуникативтік және экономикалық қызметі.
Жарыстық-әталондық қызметі. Жеңіске спорттың негізгі спецификасын немесе жеке өзіндік жоспарда жоғары спорттық нәтижеге жету немесе жарыста орын алуға бағдарланған сайыстар барысында нақтылы адам мүмкіндіктерін жүйелі салыстыру және әділ бағалаудың максимальды мәнін айқындаумен тұжырымдалатын меншікті жарыстық қызмет құрайды.
Спорттағы есепке алынып, белгіленген рекордтар мен жетістіктер спорттық дәреже талаптарын орындау жалпы адам мүмкіндіктерін және өзіне тән көрсеткіші қызметін атқарады, және кең танылымға ие болады. Техника эталонынан (өлшемінен) айырмасы "спорттық эталон" тарихта өзгеріссіз қалмайды, спортшының өзін жетілдіруіне, күшті жұмылдыруына бағыттап, ынталандырып, барлық уақытта алға озады. Спорттың эталондық қызметі жоғары жетістіктер спортында анық көрінеді, алайда белгілі шамада бүкіл спортқа, оның ішінде арнайы ұйымдастырылған жарыстар жүйесі арқылы жалпы көпшілік бұқаралық спортқа да тән.
Эвристикалық - табысқа жету қызметі. Спорт үшін адамға өз мүмкіндіктерін білуге жұмылдыратын шығармашылық ізденіс қызметі тән, яғни оны максимальды іске асыруда және арттыруда тиімді әдістерін іздеп табу. Бұл қызмет жоғары жетістіктер спортында барынша толық көрініс тапқан, өйткені жетістікке жету жолында дайындық жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, жаңа құралдарын жаттығу әдістерін, спорттық күресті жүргізудің жаңа әдістің және тәсілдің күрделі элементтері үлгісін шешімін іздеу қажет. Спортшы барлық уақытта шерберліктің жаңа деңгейіне көтерілу үшін жарыстарда өзінің мүмкіндіктерін толық жұмылдырып және көпжылдық дайындықтың әртүрлі сатыларында олардың барын тиімді пайдаланып, өз қабілеттерін жетілдіруі тиіс. Алып шығармашылық лабораториясы сияқты спорт адам жетістіктерінің шыңына таптаурын жол салады. Нобель силығының лауреаты Арчибальд Хиллдың "Физиологиялық мәліметтердің шоғырландырылған саны физиология кітабында емес, әлемдік спорттық рекордтарда", – деген сөзі бұған дәлел.
Әлеуметтік - қоғамдық қызметіне бәрінен бұрын жекелік – бағытты тәрбие, оқытып үйрету және дамыту қызметтері жатады. Спорт тек дене және спорттық жетілу үшін үлкен мүмкіндік туғызып қомайды, сонымен бірге ол адамгершілік, өнегелілік, эстетикалық, интеллектуальдық (ақыл-ой) және еңбек тәрбисін береді. Спорттың өзіне тарту күші дене және психикалық күштердің көрінуіне жоғары талап, адамның саналылығы мен рухани бейнесін жекелей – бағытты тәрбиелеу үшін кең ауқымдағы мүмкіндіктер туғызады. Тәрбиелік мақсатқа жетудің соңғы нәтижесі тек спорттың өзіне ғана емес, барлық тәрбие және даму жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына да байланысты. Осындай бейнеде, спорттың тәрбиелік мүмкіндіктері өзінен-өзі шешілмейді, спорт аясында жинақталған тәрбиелік-бағытталған қатынастар жүйесі арқылы іске асырылады.
Спорт әлеуметтік-педагогикалық жүйеге кіргендіктен дене тәрбиесінің ықпалды құралы болып табылады, ал спорттық кәсіби-қолданбалы түрлерімен шұғылданудың арқасында еңбек және әскери қызметтің маңызды компонентіне айналады.
Спорттың сауықтыру-рекреациялық қызметі адам ағзасының жағдайына және қызметтік мүмкіндіктеріне оңды әсер етуімен көрінеді. Әсіресе бұл балалар мен жасөспірімдер спортында анық көрінеді, яғни спортпен шұғылданудың дамып және қалыптасып келе жатқан ағзаға пайдалы әсеріне баға жетпейді. Дәл осы жаста денсаулықтың негізі қаланады, дене жаттығуларымен жүйелі шұғылданудың дағдылары үйлестіріледі, жеке және қоғамдық гигиена дағдылары қалыптасады. Спорт сонымен бірге жақсы көңіл күйдің көзі болып табылады, ол балалардың психикалық жағдайын түзейді, ақыл-ой шаршауын басуға мүмкіндік береді, бұлшық ет қуанышын сезіндіреді. Әсіресе балалардың гиподинамиясының кері құбылысын жою ісінде оның рөлі өте зор.
Елдің ересек тұрғындарымен жұмыс істеуде спортқа көп мән беріледі. Ол сауықтыру еңбек қызметіндегі және тұрмыстағы қозғалыс белсенділігінің тез азаюы тән ғылыми - техникалық прогрестің қолайсыз зардаптарынан қорғау құралы болып табылады. Спорт бос уақытын салауатты демалыспен және көңіл көтерулермен ұйымдастырудың таралған түрі.
Спорттың әсерлену және көріністік қызметі өнермен бірлестікте адамның дене және рухани сапалары үйлескен үндестікте көрінетін оның көп түрлері өзімен эстетикалық қасиеттерді ала жүреді. Әсіресе, бұл жоспарда олардың ішіндегі қызықтыратын тартымдысы күрделі қозғалыс үйлесімділігіндегі мына спорт түрлері: спорттық және көркем гимнастика, конькиде мәнерлеп сырғанау, суға секіру және т.б. Адам денесінің сұлулығы, әдіс-тәсіл жағынан күрделі және мәнерлі дағдыланған қозғалыс, мерекелік көңіл күй – осылардың бәрі спорттың ақиқат табынушыларын қызықтырады. Спорт көпшілікке танылған ойын-сауық сияқты құбылыс ретінде әсерлілігімен және қабылдау өткірлігімен көпшілік адамдардың жеке және ұжымдық қызығушылық ынтасын қозғайтын, сонымен бірге "спорт тілінің" әрбір адамға іс жүзінде түсінікті жан-жақтылығымен сипатталады.
