- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыбы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. «Спорт негізі және қолданбалы дайындық» пәнінің мақсаты мен міндеті
- •2. Педагогикалық жоо-ң дене шынықтыру факультеті мен жоо бітіруші студенттердің кәсіби маман болып, болашақта пәннің негізгі мақсатын тәжірибе жүзінде ашып көрсету.
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1 Негізгі әдебиеттер
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.
- •1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
- •2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
- •2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорттық қызметке жеке тұлға және қоғамның нақтылы қажеттілігін қанағаттандыру және дамыту, адамға және адамдар арасындағы қатынасқа объективті тән әсер ету қасиеті жатады.
Спорттың қызметін шартты түрде спецификалық (ерекше болмыс құбылысы ретінде тек өзіне тән) және жалпыға бөлеміз. Біріншісіне, жарыстық-мөлшерлік өлшеу (эталондық) және эвристикалық-нәтижелілік қызметі. Екіншісіне, қазіргі уақытта әлеуметтік-қоғамдық мәні бар қызметтерді, яғни жеке тұлғалық бағытты тәрбие, үйрету және дамыту қызметін қосады; сауықтыру-рекрлациялық қызмет; жеке тұлғаның әлеуметтік интеграциясы және социолизациясы; коммуникативтік және экономикалық қызметі.
Спорттық жетістікке дайындық дәрежесі. Жоғары нәтижелер жетістігін анықтайтын, спортшының мақсатты бағыттағы дайындығының шешуші маңызы бар. Жаттықтырушы спортшының табиғи талантына бағытты әсер ету жолымен оның таңдап алған спорт түрінде алға басушылығын қамтамасыз ететін қажетті қабілеттілігін дамытуға қол жеткізеді. Сонымен бірге басты және аралық (кезеңдік) мақсатқа жету және жаттығуға мақсатты ұмтылыспен спортшының өз еңбегін жоғары дәрежеде ақтауы басты шарт болып табылады. Мұнда спортшының өзін-өзі жетілдіруі үшін жұмсалған күш салуы міндетті шарттардың бірі болып саналады. Дарынды спортшылардың бірде бірі табанды еңбексіз жоғары нәтижелерге жете алмайды. Осыған байланысты спорттық жетістік – бұл спортшының өзін-өзі жетілдіруге жұмсаған пайдалы күш салу көрсеткішінің мөлшері, осы жолдағы оның жетістіктерінің көрсеткіші. (Матвеев Л.П. 1977).
Қазіргі таңда спортшыларды дайындау процесіндегі жаттығу жүктемелері мен оған жалпы жұмсалған уақыт айтарлықтай жоғары мөлшерге жетеді. Әртүрлі спорт түрлеріндегі жаттығуға және жарысқа жұмсалатын уақыттың жалпы көлемі жылына 800 ден 1500 сағатқа дейін ауытқитынын айтудың өзі жеткілікті. Нақтылы спорт пәндерінде күніне үш және төрт реттік жаттығу сабақтарын өткізу қолданылуда.
Осылардың барлығы спортшының тұлғалық, психикалық сапалары мен қасиеттеріне жоғары талап қояды. Тек жоғары ұстамы бар, қажырлы спортшы ғана өзіне жоғары талап қою және еңбекті ақтау үшін мұндай жүктемеге шыдауы мүмкін.
Осындай бейнеде, спортшының дайындалғандық дәрежесі оның тиімді жаттығу және жарыстық жүйені тиімді пайдалануына, сонымен бірге спорттық жетістіктердің алға басушылығын қамтамасыз ететін, осы қызметтің мақсатын қалыптастыратын қоғамдық және жеке қызметтері мен мотивтерінің маңыздылығын сезінуіне байланысты.
Спортшының дайындық жүйесінің тиімділігі келесі қозғаушы күштермен анықталады: осы заманғы жаттығу әдістемесімен; жарыстың үйлесімді жүйесімен; озық әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен; материалдық және техникалық қамтамасыздандырумен; спортшыларды, жаттықтырушыларды, дәрігерлерді және т.б. ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыз етумен.
Бұл топтардың ішінде бірінші орынды спорттық дайындық жүйсінің ғылыми-әдістемелік негіздері алады. Осы заманғы ғылыми мәліметтердің негізінде спорттық жаттығу жүйесінің құрылымында өзінің орынын тапқан жете өңделген әдістемелік зерттеу жұмыстары мен спорттық жатттығудың құрылымында орнын тауып пайдаланғанда ғана спортшыны дайындаудың тиімділігі туралы сөз қозғауға болады.
Жаттығу процесінде спортшылардың жоғары жаттығу және жарыстық жүктемеден кейінгі қалпына келтіру құралдары мен әдістері, сол сияқты олардың спорттық жұмыс қабілеттілігін арттыру жолдары елеулі рөл ойнайды.
Спортшыны дайындау жүйесінің тиімділігіне жоғары сапалы спорт құрал-жабдықтары, спорт қондырғылары, киім, аяқ киім, қорғағыш құралдарды әртүрлі конструкциядағы және бағыттағы тренажерларды (механикалық, электромеханикалық, электрондық) дайындау және қолдану маңызды әсер етеді.
Спортшыларды дайындау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіндегі маңызды кезең, олардың әдістік және тәсілдік дайындығын жетілдіру болып табылады. Көптеген спорт түрлерінде әдістік және тәсілдік дайындық барлық жүйенің жетістігін анықтайтын басымырақ шеберлік жағы болып табылады. Жаңа элементтермен айлалы әрекеттерді (комбинацияларды) әдістік тәсілдерді уақытында үйлестіруден соңғы нәтижеде спорттық жетістіктер деңгейі тәуелді.
Спорттық қозғалыстың қарқыны және оны мамандармен қамтамасыздандыру. Спорттық қозғалыс қарқыны сияқты қозғаушы күштерге кез келген елдің спорттық қызметінің тиімділігі тәуелді.
Социологиялық - стастистикалық талдау көрсетеді: спортпен шұғылдануға адамдар неғұрлым көп тартылса, солғұрлым көп спортшылар саны үлкен спортқа шығады, ал бұл өз кезегінде олардың арасында бәсекелестікті арттырады және спорттық нәтижеде көрінеді. Спортпен шұғылданудың жалпы көпшіліктік сипат алуы қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайымен және қажетті мамандарды, яғни жаттықтырушыларды, нұсқаушыларды, оқытушыларды, дәрігерлерді, спорт құрылыстарының жұмысшыларын және т.б. дайындаумен байланысты. Бұл мамандардың біліктілігі шұғылданушылардың жалпы үлкен тобының, сонымен бірге жоғары дәрежелі және атақты спортшылардың спорттық жетістіктерін арттыруына мүмкіндік туғызады.
Спорттық қозғалыстың әлеуметтік даму жағдайы және оның экономикалық қамтамасыз етілуі. Қайсы бір елдердің спорттық жетістіктерінің деңгейі адамның жалпы өмір сүру қызметін айқындауда басты рөл ойнайтын көбнесе қоғамдық өмірдің материалдық жағдайына байланысты болады.
Әртүрлі елдерде қолданыстағы таралған көптеген спорт түрлерінде жетістіктерінің жиынтық деңгейі халқының материалдық тұрмыстық жағдайының, көрсеткіштеріне тәуелді, сонымен бірге орташа өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштеріне, адамдардың сауаттылығы мен жалпы санымен өзара байланысты (Максименко А.М. 1969). Сол уақытта орташа экономикалық потенциалдарымен дамыған елдер, тұрғын халықтың және олардың дәстүрлерінің географиялық және этникалық ерекшеліктерін көрсететін екі-үш спорт түрлерін табыспен дамыта алады. Бұған мысал ретінде Эфиопия мен Кенияның жеңіл атлеттерін, Латын Америкасының боксшыларын, Африка елдерінің футболшыларын және т.б. жатқызуға болады. Дегенмен, бұл елдердің қоғамның экономикалық өмір жағдайына байланысты көптеген әлемге таралған және жалпы көпшіліктік бұқаралық спорт түрлерін кешенді дамытуға әлеуметтік-экономикалық күштері жетпейді. Қортындылай айтқанда адамның өзінің қабілеттерін жетілдірудегі табыстарын көрсететін спорттық жетістіктері және қоғамның бүтіндей алғандағы спортты, дене мәдениетін және жалпы мәдениетті дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Спорттық қозғалыстың даму бағыты. Қазіргі заманғы спорт спорттық жетістіктердің тұрақты өсуімен сипатталады. Сонымен бірге, әрбір жеке спорт түрінде немесе жеке пәнде олардың бүкіл даму тарихында бірқалыпты емес жетістіктер динамикасы байқалады. Бір кезеңдерінде оның нәтижесі тез өседі, ал басқаларында – бір қалыпты, үшіншілерінде – біртіндеп және үздіксіз өсумен жүреді. Бұл қозғаушы күштердің мына бүтіндей қатарымен байланысты: жаңа жаттығу құралдары мен әдістерін ендіру; жарыстық жүйелерді экономикалық ынталандыру; спорттық құрал-жабдықтарды, қондырғыларды, киімдерді, аяқ киімдерін жетілдіру; спортшының жұмыс қабілеттілігін арттырудың жаңа әдістерін қолдану (психологиялық және физиологиялық бағыттағы).
Бұл қисық сызық үш фазадан тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады және белгілі дәрежеде спортшының жеке шеберлігінің өсуін және спорт түрінің қалыптасу тарихын көрсетеді. Бұл фазалардың созылу ұзақтығы әртүрлі спорттық пәнде әртүрлі болады.
Қисынды (логикалық) қисық сызықтың бірінші фазасы спорт түрінің дүниеге келуімен, жарысты өткізу ережесі мен тәртібін дайындаумен, спортшылардың немесе команданың бәсекелестік нысанын нақты анықтаумен, спорт түрі үшін спецификалық жаттығуды орындау әдістері мен жаттығу әдістемелерін жасауымен сипатталады.
Спортшының жеке дамуында бұл фаза белгілі бір спорт түрімен шұғылдануды бастауымен және әдісті, тәсілді, дене дайындығы негіздерін меңгеруімен байланысты болады.
Қисынды (логикалық) қисық сызықтың екінші фазасы жаттығу жүктемелерінің сандық және сапалық параметрлерінің артуымен және спортшының психикалық дайындалғандығымен, жарыстық қызметтің тәртібінде (регламентінде) және жеткілікті дәрежеде тұрақталған ережесіндегі барынша сапалы құрал-жабдықтар мен қондырғыларды пайдаланумен байланысты спорттық жетістіктердің үздіксіз және жеткілікті дәрежеде тасқындап өсуін көрсетеді.
Басқаша айтқанда, спортшылар неғұрлым көп еңбектене бастаса, бұл қызметтің сапасы неғұрлым жоғары болса, солғұрлым спорттық жетістіктердің өсуі күшті байқалады. Жеке тұрғыда биологиялық жастың қозғаушы күштері, ағзаның ұзақ мерзімдік қалпына келуі, адамның спорттық және өмірлік тәжірибе жинақтауы қосылады.
Қисынды қисық сызықтың үшінші фазасы белгілі бір спорттық пәнде, сонымен бірге бүтіндей жеке дамуында жетістіктердің өсуінің баяулауымен байланысты болады. Әйтседе ғылыми-техникалық прогрестің жекелеген жетістіктері нәтижелердің қысқа уақыттық "лап етпе" ("вспышка") көтерілуіне жеткізуі мүмкін. Мұндай "лап етуге" ("вспышку") тыйым салынған препараттарды (допинг) пайдалану арқылы да қол жеткізуге болады. Спорттық нәтижелердің баяу өсуі елеулі күш салу жағдайында спортшының өзіне де, сонымен бірге оның дайындығын қамтамасыз етеуге қатысушылардың барлығынада байқалады. Спорттық федерациялар мен клубтар, демеушілер қоғамдастығы спортшыларды дайындау жүйесіне мол қаражат бөледі, сондықтан спорттық нәтижелердің өсуі жетілген және жоғары әсерліктегі тиімді жаттығу жүйесі арқылы ғана емес барынша коммерциялық негізге ие болған жарыс жүйесін қайта бағыттау, сонымен бірге жаттығу және жарыстық қызметтің тиімділігін арттыратын үлкен сыбағалы салмақпен барлық қозғаушы күштерді (қаржы, ұйымдастыру және басқару, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық, материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және т.б.) жұмылдыру арқылы қамтамасыз етіледі. Жеке жоспарда спорттық нәтижелердің өсуінің баяулауы және олардың тұрақтануы спортшының жасына және олардың "ардагерлер" тобына өтуімен байланысты.
