Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
711 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер тізімі:

1.Әбділлаев Ә.К.,Оңалбек Ж.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» І-бөлім. 2004ж

2. Әбділлаев Ә.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». ІІ-ІІІ-ІV бөлімдері. 2007ж

3. Әбділлаев Ә.К.,Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Кентау 2008 ж.

4. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Москва ФиС. 1991 г.

Дәріс тақырыбы: Спорттық жаттығуларға бейімделудің физиологиялық негіздері

Дәріс жоспары: 1. Спорттық жаттығу негіздері.

2. Спорттық жаттығу құралдары

3. Спорттық жаттығу әдістері

Дәріс мақсаты: студенттерге көпжылдық дайындық жүйесіндегі жаттығу процесін басқару жолдарын түсіндіру

Дәріс мазмұны:

Спорттық жаттығу негіздері. Спорттыќ жаттыѓу негіздері “Жаттығу” термині ағылшынның трейнин (traіnіnd) деген жаттығудың мазмұнын беретін сөзінен шыққан. Бұл мағынаны ұзақ уақыт бойы “спорттық жаттығу” ұғымына да қосымша теліп, бұл терминді барынша жоғары нәтижелерге жету мақсатында спорттық жаттығуларды қайталап орындау деп ұғып келген.

Біртіндеп “спорттық жаттығу” ұғымының мазмұны кеңейді және қазіргі кезде спортшыны спорттық әдіске және тәсілге оқытып, үйрету және оның дене сапаларын дамыту кіретін жоспарланған педагогикалық жүйе ретінде ұғылады.

Спорттық жаттығу құрылымының жалпы сипаттамасы Спортшыны дайындаудың мақсаты, міндеттері және негізгі жақтары. Спорттық жаттығудың негізгі мақсаты алдын-ала жоспарланған жарыстық іс-әрекетінің және спорттық жарыс нәтижелеріне жетуді қамтамасыз етуге кепілдік беретін белгілі бір спортшы үшін дайындық деңгейінің барынша жоғары мүмкіндігінше жетуге бағытталған спорттық сайыстарға дайындалу болып табылады.

Спорттық жаттығудың мазмұнына спортшыны дайындаудың мына төмендегі ілімдік, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық сияқты әртүрлі жақтары кіреді. Жаттығу және әсіресе жарыстық қызмет әрекетінде жоғарыдағы спортшыны дайындаудың жақтарының бірде-бірі бөлек, жекеленіп көрінбейді. Олар ең жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге, бағытталған күрделі кешенге бірігеді.

Спорттық жаттығу барысында негізгі мына міндеттер шешіледі:

1/ таңдап алған спорттық пәннің әдістері мен тәсілдерін меңгеру;

2/ спорттық жаттығуларды табыспен орындау және жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және қозғалыс сапаларын жетілдіру;

3/ қажетті адамгершілік және ерік-жігер сапаларын тәрбиелеу;

4/ қажетті арнайы психикалық дайындық деңгейін қамтамасыз ету.

5/ табысты жаттығу және жарыстық қызмет үшін қажетті практикалық тәжірибені және ілімдік білімді меңгеру.

Спорттық жаттығу міндеттерін іске асырудың кешенді нәтижесі мына ұғымдармен түсіндіріледі: “жаттыққандық”,“дайындалғандық”,“спорттық бап”.

Жаттыққандық жүйелі дене жаттығулары нәтижесінде пайда болатын және адамның дұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын ағзаның талап етілетін жаттығу жүктемелеріне қызметттік бейімделу дәрежесімен сипатталады. Жаттыққандық барлық уақытта спортшының нақтылы мамандық түрінде қозғалыс әрекетіне бағытталған және оның ағзасының қызметтік мүмкіндіктерінің арттырылған деңгейінде, ерекше және жалпы жұмыс қабілеттілінде спорттық біліктілік және дағдыларының жетілгендік деңгейіне жетуінде көрінеді.

Спортшының жаттыққандығы, тәртіп бойынша, жалпы және арнайы болып бөлінеді. Арнайы жаттыққандық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады. Жалпы жаттыққандық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.

Дайындалғандық- бұл дене дайындығының кешенді нәтижесі (дене сапаларының даму дәрежесі); әдістік дайындығы (қозғалыс дағдыларының жетілдірілу деңгейі); тәсілдік дайындық (тәсілдік ойлау қабілетін дамыту дәрежесі); психикалық дайындық (адамгершілік және ерік-жігер сапаларының жетілдірілу деңгейі). Дайындықтың жоғарыда атап көрсетілген дайындық түрлерінің әрқайсысына (дене, әдістік, тәсілдік және психикалық дайындалғандығы) бөлек қатынасы болуы мүмкін.

Дайындалғандықтың жақтарының әрбірі басқа жақтарының жетілу дәрежесіне тәуелді, соларымен анықталады, өз кезегінде, олардың дайындалғандық деңгейіне ықпал жасайды. Мысалы, спортшының әдістік жетілуі күш, шапшаңдық, иілгіштік, үйлесімділік қабілеттері сияқты әртүрлі қозғалыс сапаларының даму деңгейіне байланысты. Қоғалыс сапаларының көріну деңгейі, мысалы, төзімділік, күрделі жағдайдағы жарыстық тартыстың үйлесімді тәсілдік үлгісін іске асыра білуімен, шаршап, шалдығуды жеңудегі психикалық орнықтылық деңгейімен, әдістердің үнемділігімен тығыз байланысты. Сонымен бірге, тәсілдік дайындықтың тек қана ақпаратты қабылдай білу және жедел қайта өңдей білу қабілеттілігіне, тәсілдік жоспар құра білуімен және жинақталған жағдайға байланысты қозғалыс міндеттерін шешудің тиімді жолдарын табуымен, сонымен бірге әдістік шеберлігінің, дене дайындығының, батылдығының, шешімшілдігінің, мақсатқа ұмтылушылық және т.б. байланысты емес екенін атап өткен жөн.

Спорттық бап – жарыстық іс-әрекетте спорттық, әдістік, дене, тәсілдік және психикалық дайындалғандықты оның бір уақытта іске асыру қабілетін сипаттайтын дайындалғандықтың жоғарғы дәрежесі.

2. Спорттық жаттығу құралдары. Белсенді қозғалыс қызметін сипаттайтын спорт түрлеріндегі спорттық жаттығулардың негізгі ерекше құралдары дене жаттығулары болып табылады. Бұл жаттығулардың құралы спорттық жетілдіру сабағы ретінде таңдап алған спорттық пәннің ерекшеліктеріне қолданыста белгілі шамада мамандандырылады.

Спорттық жаттығудың құралы мына үш жаттығу топтарына бөлінуі мүмкін: таңдаған жарыстық, арнайы дайындық, жалпы дайындық.

Таңдаған жарыстық жаттығулар – бұл таңдап алған спорт түрі бойынша мүмкіндігінше сайыс ережесіне сәйкес орындалатын және спорттық күресті жүргізу құралы болып табылады.

Спорт ойындарын қоспағанда көпшілік спорт түрлерінде таңдап алған жарыстық жаттығулардың үлес салмағы зор емес, өйткені олар спортшының ағзасына өте жоғары талап қояды.

Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді. Мысалы, жеңіл атлеттің арнайы дайындық жаттығулары санына таңдап алған қашықтығының бөліктеріне жүгіру жатады; гимнасттарда мұндай рөлді жарыстық әдіс, тәсілдерінің элементтері ойнайды; ойыншыларда- ойындық әрекеттер мен жарыстық айла, тәсілдер.

Басқа мысал ретінде жарыстыќ әрекеттің түріне жуықтайтын жаттығуларды тыңнан жасау (шаңғышыларды, шығыршықты шаңғыларда жаттығу, суға секірушілер мен гимнастарда батутта жаттығу және т.б.). Арнайы дайындық жаттығуларына белгілі жағдайларда шектес, тектес спорт түрлерінің мамандану пәніне қажетті және сәйкес келетін жұмыс күн тәртібінде көрінетін ерекше сапаларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар жатады.

Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады.

Шаңғышының жарыстағы арнайы жаттығулары. Жаттығу мына мақсаттармен орындалады: а-аяқпен серпілу күштерін арттыру; б) аяқпен және қолмен қозғалу аплитудасын арттыру; в) қозғалыс үйлесімділігін жетілдіру; г) қолмен серпілу күштерін арттыру; д) жазды кезеңде қозғалу үйлесімділігін және және сырғанау сезуін сақтау.

Басымырақ бағыттылығына байланысты арнайы дайындық жаттығулары қозғалыстың түрін, әдістерін меңгеруге мүмкіндік туғызатын ұштастыру және дене сапаларын (күшті, шапшаңдықты, төзімділікті және т.б.) тәрбиелеуге бағытталған дамыту жаттығуларына бөлінеді.

Мұндай бөліну әрине шартты түрде, өйткені қозғалыс әрекетінің түрі мен мазмұны жиі тығыз байланыста болады.

Арнайы дайындық жаттығуларының санына еліктеу (имитациялық) жаттығулары жатады. Мұнда спортшының іс-әрекеті таңдаған спорттық пәннің ерекше кинематикасынан және орындау сипаты осындай кезде іріктелген үйлесімділік құрылымы барынша көп сәйкес келетіндей болуы мүмкін.

Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті, немесе дене сапаларын көтеруі тиіс.

Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).

Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі.

Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады.

Жалпы дайындық жаттығуларын таңдау кезінде әдетте келесі талаптар сақталады:

1/ спорттық жолдың ең ерте сатысында спортшының жалпы дене дайындығына жан-жақты дене дамуы міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін құралдарын қосу керек;

2/ тереңдетілген мамандану және спорттық жетілдіру сатысында ол спорттық нәтижені анықтайтын жарыстық дағдылардың және дене қабілеттерінің іргетасы болып табылуы тиіс:

  • өзгешелігі жоқ, яғни жалпы төзімділікті тәрбиелеу кезінде біркелкі қарқынмен ұзақ жүгіру, шаңғы кроссы, жүзу;

  • жеке күш қабілетін тәрбиелеу кезінде-штангамен жаттығу (ауыр атлетикадан алмасқан), сонымен бірге әртүрлі тектегі ауырлықтармен және қарсылық, кедергілермен спорттық-көмекші гимнастика жаттығулары;

  • қозғалыс шапшаңдығы және қозғалыс реакциясын тәрбиелеу кезінде-спринтерлік жаттығулар, спорт ойындары мен қимыл-қозғалыс ойындарының жаттығулық бір түрі;

  • үйлесімділік қабілеттерін тәрбиелеу кезінде- спорттық гимнастика, акробатика, элементтері қозғалыс үйлесімділігінің жоғары талаптарымен ойындар.

Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін.

Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді.

Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.

3. Спорттық жаттығу әдістері. Спорттық жаттығуда әдіс деген ұғымды жаттығудың негізгі құралдарын қолдану жолы және спортшы мен жаттықтырушының іс-әрекетінің ережесі мен тәсілдерінің үйлесімді жиынтығы деп түсінген дұрыс.

Спорттық жаттығу барысында әдістердің екі үлкен тобы пайдаланылады:

1/ ауызша сөзбен және көрнекілік әдістер кіретін, жалпы педагогикалық:

2/ қатаң уақытпен белгіленген әдіс, ойындық және жарыстық әдістер кіретін практикалық.

Спорттық жаттығуда қолданылатын ауызша сөзбен түсіндіру әдісіне әңгімелесу, пікірлесу, талдау, талқылау және т.б. жатады. Олар ықшам түрінде, әсіресе жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау барысында барынша жиі қолданылады. Бұған сөзбен айту әдісінің көрнекілікпен үйлестіктегі арнайы терминологиясы мүмкіндік туғызады. Жаттығу жүйесінің тиімділігі көбінесе нұсқауларды, бұйрықтарды, ескертулерді, сөзбен бағалауды және түсіндіруді әдісін тауып пайдалануға көп байланысты.

Спорттық тәжірибеде көрнекілік әдісіне мыналар жатады: 1/ жекелеген жаттығулар мен олардың элементтерін әдетте жаттықтырушы, немесе жоғары дәрежесі спортшылар өткізгенде әдістемелік қатынаста дұрыс көрсету; 2/ оқу фильмдерінде, видеожазбада шұғылданушылардың қозғалыс әрекетінің әдістерін және тәсілдік сызбасын ойын алаңдарының макетінде көрсету; 3/ қозғалыстың бағытын, өтетін аралықты шектейтін қарапайым бағдар белгіні қолдану; 4/ жарыстық, дыбыстық және механикалық жетекші құралдарды, сонымен бірге бағдарламамен басқаруды және кері байланысты қолданады. Бұл қондырғы құралдар спортшыға темпоритмдік, кеңістіктік және қозғалыстың динамикалық сипаттамасындағы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды, ал кейде тек қозғалыс туралы және оның нәтижесі жайлы ақпаратпен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге қозғалыс әрекетінің ықтиярсыз түзетуін енгізеді.

Қатаң уақытпен белгіленген жаттығу әдісіне спорттық тәсілдерді және дене сапаларын тәрбиелеуге басымырақ бағытталған әдістер жатады.

Әдістердің ішінде спорттық әдіс, тәсілдерді меңгеруге басымырақ бағытталған жаттығуларды бүтіндей және бөліктерімен үйрену әдістері бөлінеді. Қозғалысты бүтіндей үйрену салыстырмалы түрде қарапайым жаттығуларды, сонымен бірге бөліктерге бөлінуі мүмкін емес күрделі қозғалыстарды меңгерумен іске асырылады. Алайда, бүтіндей қозғалысты меңгеру кезінде спортшылардың назары бүтіндей қозғалыс актысының жекелеген әлементтерін ұтымды орындауын бірізділікпен ұйымдастырады.

Салыстырмалы түрде дербес бөліктерге болатын барынша күрделі азырақ қозғалыстарды үйрету кезінде спорттық әдістерді меңгеру бөліктермен орындалады. Одан әрі қозғалыс әрекеттерін тұтас орындау күрделі жаттығуларды құрайтын бұрын меңгерген бірыңғай бөлінбейтін имиграцияға (бірігу) әкеледі.

Тұтасты құрастыру және бөліктерге бөліп құрастыру әдістерін қолдану кезінде үлкен орын ұйымдастырушы және еліктеуші жаттығуларға беріледі. Еліктеуші жаттығуларда негізгі жаттығулардың жалпы құрылымы сақталады, алайда оларды орындау кезінде қозғалыс әрекеттерін меңгеруді жеңілдететін жағдай қамтамасыз етіледі.

Дене саналарын жетілдіруге басымырақ бағытталған әдістердің арасында негізгі екі әдістердің тобын, яғни үзіліссіз және ара қашықтықпен бөліп қарайды.

Үзіліссіз орындалатын әдістер жаттығу жұмыстарын бір реттік үзіліссіз орындау сипатталады.

Аралықпен орындалатын әдістер уақытпен мөлшерленген үзіліспен, сонымен бірге еріксіз демалыс үзілісімен орындалатын жаттығуларды алдын ала қарастырады.

Бұл әдістерді пайдалану барысында жаттығу бір қалыпты және үзіліспен (күн тәртібінде) орындалуы мүмкін. Бір қалыпты режімде жұмыс қарқындылығы тұрақты, ал ауыспалыда түрлендіріліп өтеді. Жаттығудан жаттығуға жұмыстың қарқындылығы өсуі мүмкін (ал ға басушынық түрі), немесе бірнеше рет өзгереді (түрлендіру түрі).

Бір қалыпты және үзіліс жағдайында қолданылатынжаттығудың үзіліссіз әдістері негізінен аэробты мүмкіндікткерді арттыру, орташа және үлкен ұзақтықпен орындалатын жұмысқа арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін пайдаланылады.

Мысал ретінде ескекшінің 5000 және 10000 м қашықтыққа тұрақты және үзілістік жылдамдықпен есуін, 5000 және 10000 м аралығына бір қалыпты, және үзілістік қарқынмен жүгіруді келтіруге болады.

Көрсетілген жаттығулар тәртіп бойынша спортшылардың аэробтық өндірігіштігін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Жаттығудың үзіліссіз әдістерінің мүмкіндіктері үзіліспен атқарылатын жұмыс жағдайында әртүрлі болады. Жаттығулар бөліктерінің үлкен және қарқындылықпен жалғасуына, олардың үйлестік ерекшеліктеріне, жекелеген бөліктерін орындау кезіндегі жұмыс қарқынына байланысты спортшының ағзасына әртүрлі спорт түрлерінде спортшылар деңгейін анықтайтын жылдамдық мүмкіндіктерін, төзімділіктің әртүрлі компоненттерін дамытуға, жекелеген қабілеттерін жетілдіруге бағытта басымырақ әсер етуге қол жеткізуге болады.

Әдістің түрлендірілген түрін қолдану жағдайында әртүрлі қарқындылықпен, немесе өзгеріп отырылатын ұзақтықпен әртүрлі қарқынмен орындалатын жаттығулар бөліктерімен кезектесіп атқарылуы мүмкін. Мысалы, конькимен 8000 м қашықтықты жүгіріп өткенде (400 метрден 20 айналым) бір айналымды 43 секундта өтеді, келесісін еркін жылдамдықпен өтеді. Мұндай жаттығу жұмысы арнайы төзімділікті тәрбиелеуге, жарыстық әдісті дамы туға мүмкіндік туғызады. Жүктемені жетілдіру әдісі жаттығуды орындау шамасына қарай жұмыс қарқындылығын арттырумен, ал бәсеңдейтіні – оның төмендеуімен байланысты болады. Сонымен 500 м қашықтыққа жүзу (бірінші 100 м бөлікті 64 секундта, ал әрбір келесі 0100 метрлікті 2 секунд жылдамырақ, яғни 62, 60, 58, 56 секундта) дамыту әдісін қолданудың мысалы болып табылады.

Баяулату әдісінің мысалына 20 км қашықтыққа (5 км 4 айналым) сәйкес 20, 21, 22 және 23 минут нәтиже жатады.

Спорттық іс тәжірибеде жаттығудың ара қашықтықпен өткізу әдісі кең қолданылады (оның ішінде қайталанатын және құрастырылғандары). Жаттығуларды сериясымен біркелкі және әртүрлі ұзақтықпен, тұрақты және ауыспалы қарқынмен және қатаң уақытпен белгіленген демалыс үзілісімен орындау бұл әдіс үшін әдеттегі жайт болып табылады. Мысал ретінде арнайы төзімділікті жетілдіруге бағытталған әдеттегі мына жаттығу серияларын келтіруге болады: 10*400 м; 10*1000 м- Жүгіруде және конькимен сырғанауда, ескек есуде. Түрлендіру әдісіне мысал ретінде жүгіруде спринтерлік сапаны жетілдіру үшін мына жаттығу сериялары қызмет етуі мүмкін: 3*60 м барынша жоғары жылдамдықпен, демалыс-3-5 минут, 30 м бірден жоғары жылдамдықпен, 200 м баяу жүгіру. Дамыту әдісіне мысал ретінде ұзақтығы өсіп отыратын ара қашықтық бөліктерін бір ізділікке өтуді (400 м+800 м+1200 м+2000 м сериясымен жүгіріп өту), немесе бірқалыпты ұзақтықты өсіп отыратын шапшаңдықпен өтуді (200 м қашықтықты 6 рет ары-бері жүзіп өту- 2 минут 14 секунд; 2 минут 2 секунд; 2 минут 10 секунд; 2 минут 06 секунд; 2 минут 04 секунд) болжалдайтын жаттығу кешені болып табылады.

Бәсеңдейтін әдіс түрі кері үйлестікті шамалайды: ұзақтығы азаятын жаттығуларды жүйелілікпен немесе жаттығуларды бірыңғай ұзақтықпен қарқынын бір ізділікпен азайтып орындау.

Бір жаттығу кешенінде дамыту және баяулату әдістері үйлестікте болуы мүмкін.

Ара қашық әдісін пайдаланумен жаттығу бір немесе бірнеше сериясымен орындалуы мүмкін.

Үзіліссіз және ара қашықтықпен жұмыс режіміндегі спорттық жатығуда іріктеу, немесе дене сапаларын кешенді жетілдіруге бағытталған айналма әдіс пайдаланылады.

Ойындық әдісі спорттық жаттығу барысында тек алғашқы қозғалысты үйретіп, немесе жекелеген қабілеттерге таңдап әсер етіп қоймай сонымен бірге күрделіленген жағдайда қозғалыси әрекетін кешенді жетілдіру үшін қызмет етеді. Ол әбжілдік, зеректік, шапшаң бағдарлау, дербестік, бастамашылдық сияқты қабілеттерімен дене сапаларын дамытуға көп шамада мүмкіндік туғызады.

Ысылған, шебер педагог үшін ойын әдісі ұжымшылдыққа, жолдастыққа, сапалы тәртіптілікке жеке басқада жеке тұлғаның өнегелілік сапаларын тәрбиелеудің ықпалды әдісі қызметін атқарады.

Оның белсенді демалыс құралы ретіндегі яғни бұрынғы дайындалғандық деңгейінің қалыптылығын ұстау, бейімделу және қалпына келтіру барысының әсерлігін арттыру және үдету мақсатында шұғылданушыларды басқа қозғалыс белсенділігіне ауыстырып қосудағы рөлі өте зор.

Ойын әдісі бәрінен жиі әртүрлі қозғалыс-қимыл және спорт ойындарында іске асады.

Жарыстық әдіс арнайы ұйымдастырылған жарыстық қызметті мөлшерлейді. Бұл жағдайда жарыстық әдіс жаттығу барысының әсерлігін арттырудың ұтымды әдісі ретінде сипатталады. Бұл әдісті қолдану спортшының әдістік- тәсілдік, дене және психикалық мүмкіндіктері жоғары талаптарымен байланысты ағзаның маңызды жүйелерінің қызметінде терең алға басушылық, өзгеріс енгізеді және сонысымен ортаға бейімделу не себепші болады, сонымен бірге спортшының дайындалғандығының әртүрлі жақтарының жан-жақты жетілуін қамтамасыз етеді.

Жарыстық әдісті пайдалану кезінде қойылған міндетті шешуге барынша мүмкіндік жасайтын шамада жарысты өткізу жағдайын кең бағытта түрлендіру қажет. Ресмимен салыстырғанда жарыс күрделіленген, немесе жеңілдетілген жағдайда өткізілуі мүмкін.

Мысал ретінде күрделіленген жарыс жағдайына келесілерді жатқызуға болады:

  • орта таулық (среднегорья), ыстық ауа-райында, нашар ауа-райы жағдайындағы (қысқа қашықтыққа жүгірудегі қарсы алдынан күшті жел және т.б.) жарыстар;

  • спорт алаңының өлшем мөлшері (размері) кіші алаңдағы спорт ойындарынан, қарсылас команданың ойыншыларының саны көп болған жарыстарда;

  • қатарынан бірнеше белдесу (күресте), немесе шамамен азғантай демелыс үзілісімен бірнеше қарсыласқа қарсы айқас (бокс) өткізу;

  • ойындардағы және жеке сайыстағы дағдыланбаған күрес өткізудің әдіс-тәсілі үлгісін қолданатын ''қолайсыз '‘ қарсыластармен жарыста.

Жарыс жағдайының жеңілдетілуі мына жағдайларда қамтамасыз етілуі мүмкін:

  • спорттың циклдік түрлерінен өтетін жарыстарды ұзақтығы аз қашықтыққа жоспарлаумен;

  • үйлесімділігі күрделі спорт түрлерінен өтетін жарыстың бағдарламасын жеңілдету;

  • жеңіл атлетикалық лақтыруда жеңілдетілген құралдарды (снаряд) пайдалану;

  • волейболда тордың, ал баскетболда сақинаның биіктігін төмендету;

  • спорт ойындарында, жеңіл атлетикада әлсіз жарысқа қатысушыға айтарлықтай басымдық мүмкіндігін жасайды, яғни ол сөреден басқа жарысқа қатысушылардан ерте шығады, қақпаға салған шайба, немесе допты алдын ала артық қосып аладыжәне т.б. Әрбір әдісті тұрақтылыққа сай емес қолданады, спорттық тәжірибенің ерекшеліктерінің себебінен нақтылы талаптарға тұрақты бейімделеді. Әдістерді таңдау кезінде олардың қойылған спортшының жас және жыныс ерекшеліктеріне, олардың дайындық деңгейі және дәрежесі, жалпы дидактикалық принциптерге, сонымен бірге спорттық жаттығудың арнайы принципіне қатаң сәйкес келуін тексеріп отыруы тиіс.