Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
711 Кб
Скачать
☆

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі

2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар

3. Спорттық сайыстар мен спорттық дайындық жүйесіне сипаттамасы

4. Жарыс жүйелері мен жаттығу қызметі жүйелері қызметінің тиімділігін

арттыратын қозғаушы күштер жүйесі

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі» І-бөлім

2004 ж

2. Әбділлаев Ә.К. «Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі». ІІ-ІІІ-ІV бөлімдері

2007ж

3. Әбділлаев Ә.К.,Мухамеджанов Б.Қ. Дене мәдениеті. Кентау 2008ж.

4. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. Москва ФиС. 1991г.

Лекция тақырыбы: Спорттық дайындықтың кезеңдері.

Лекция жоспары: 1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.

2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау

3. Спортшының дайындалғандық жағдайын бақылау

Лекция мақсаты: Студенттерге спортшының дайындық деңгейін, жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау және спорттық жаттығу процесіндегі есепке алу бойынша білім беру

Лекция мазмұны:

1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.

Келешектік жоспарлардың негізінде спортшыларды дайындаудың ағымдағы жылдық жоспарлары жасалынады. Оларда жаттығудың құралдары атап көрсетіледі, жаттығу жүктемелерінің көлемі, спорттық жарыстардың мерзімі нақтыланады. Жылдық циклды жоспарлау спорттық бапќа келуді (форманы) дамыту заңдылықтарына сәйкес жаттығуларды кезеңдерге бөлу ерекшеліктері ескеріліп іске асырылады.

Жылдық жаттығуды жоспарлау және оның сандық көрсеткіштерін анықтаудың мына екі ‰лгісі (варианты) болуы мүмкін: айлық және апталық. Сондықтан, жаттықтырушы дайындық жоспарын графикалық бейнелеу кезінде 12 айға бөлінген тік бағанаға немесе жылдық циклдағы аптаның сәйкес санына 52 тік бағанаға бөледі.

Жылдық жоспардың құрылымы (макроциклдардың саны және бірізділігі, кезеңдері және мезоциклдары) әрбір нақтылы спорт түріндегі спортшының немесе команданың жеке жарыстық жүйесінің күнтізбесіне байланысты нақтыланады. Жылдық цикл бірнеше макроциклдардан тұруы мүмкін, бәріненде жиі екі немесе үш макроциклдан тұрады.

Екі немесе үш циклдық дайындықты жоспарлау кезінде мыналарды ескеру қажет: бір жыл шегіндегі қосымша аяқталған макроциклды ендіру әсіресе жас, дәрежелі спортшылардың спорттық нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Үш және төрт циклдық жоспарлауды пайдалану жақын 1-2 жылға нәтижелердің өсуімен, сонымен бірге спортшының спорттық өмірінің қысқаруымен қатар жүреді. Сондықтан, мұндай құрылымды жеткілікті дәрежеде бұған негіздеме болған жағдайда ғана ұсынуға болады.

Жылдық дайындық жоспарына алдымен аптаның реттік қатар санынан (номерінен) және айдың атынан тұратын күнтізбелік кестені (сетканы) ендіреді. Келесі операция бұл сеткаға басты жарыстарды түсіру, ал содан кейін басты жарыстардың қажетті мерзімінде спорттық бапқа келу жағдайына жетуді қамтамасыз ететін негізгі сатылары (мезоциклдары) мен кезеңдерінің жылдық жоспарының кезеңдеріне кіретін макроциклдардың шекарасын анықтау болып табылады. Осыдан кейін барып, жарыстың жеке күнтізбесі түсіріледі, ал спорт ойындарының командалары үшін-түгелдей ойын күнтізбесі, содан соң жаттығу процесінің жалпы көрсеткіштерін макроциклдың әр аптасына немесе айына бөлген дұрыс. Одан әрі осылай жаттығу жүктемелерінің жалпы көлемі, барынша қарқынды және спецификалық құралдарының жеке көлемдері (5-9 көрсеткішке дейін) бөлінеді: бақылау тестінің мерзімі, спорттық нәтижелер динамикасы, жаттығу жиындарының мерзімі, қалпына келтіру шараларының негізгі бағыттары. Үлкен параққа жазылып басылған жоспарлары жаттықтырушының күнделікті практикалық жұмысына бұл құжатты көрнекі және өте қонымды пайдалануына қолайлы болады. Бұлай жоспарлау түрі оның ЭЕМ-де оны талдауына мүмкіндік береді.

Жылдық жоспарды жасау кезінде келесі ұйымдастыру-әдістемелік ережені ескеру қажет:

  • әртүрлі басымырақ бағыттағы жүктемелердің үйлесімді байланысы – дайындық кезеңінің ең ерте сатысындағы таңдап алудан дайындық және жарыстық кезеңдердің қорытынды сатыларының кешендісіне дейін;

  • әдістік-тәсілдік шеберлігін көрсету негізінде жатқан қозғалыс сапаларын үйлесімді немесе кешенді жетілдіру, жаттығу жүктемесі динамикасының толқын тәріздес сипаты есебінен лиминттелген қозғаушы күштерінің әсерін азайту, оның компоненттерінің ара қатынасын, көлемі мен жұмыс қарқындылығын және демалысты өзгерту.

Жалпы, арнайы әдістік дайындық құралдарын жоспарлау кезінде келесі барынша мақсатқа лайықты жүйелілікті ұстану ұсынылады: жалпы дене дайындығы құралдарын пайдалануда, яғни жаттығу қызметінің әрқилы түрлеріндегі жалпы төзімділікті дайындаудан таңдаған спорт түріндегі негізгі дайындық құралдары арқылы арнайы және күштік төзімділікті дамыту; спортшының денсаулық деңгейін нығайтатын және қозғалыс сапаларын дамытатын құралдарды кең ауқымда қолданудан, - жоғары спорттық нәтижелерге жетуде шешуші рөль атқаратын белгілі бір қозғалыс сапаларын жетілдіруге басым акценттелген таңдаған спорт түрі үшін негізгі (ерекше) болып саналатын жаттығуларды орындау.

Арнайы дене дайындығы құралдарын жоспарлау кезінде арнайы төзімділіктен қозғалыс, қозғалыс шапшаңдығы мен қарқынының жылдамдығын арттыруға (бұлшық ет жұмысында тез күштену және тез босаңсыту) жылдам қозғалысты бақылауға дейін (максимальды жылдамдыққа жету үшін қадамның қарқыны мен ұзындығын үйлестіру); елеулі күштенумен үлкен қозғалыс амплитудасымен басты бұлшық ет топтарын зерттеуден жұмыс амплитудасы кезіндегі күш жиынтығы мен қозғалыс траекториясындағы қозғалыс қуаттылығын арттыруға дейін (жарыстық қызметтің параметрлеріне сәйкес); таңдап алған спорт түрінің арнайы және негізгі жаттығуларында (секіру, лақтыру, комбинациялар және т.б.) жеңілдетілген жағдайдан күрделіленгенге, жекелеген қозғалыс элементтерінде, комбинацияларында және бүтіндей жарыстық және жарыстықтан басымыраққа дейін.

Басты әдістемелік жағдайлардың бірі барлық компоненттері бойынша жаттығу жүктемесінің вариативтілігін жоспарлау болып табылады, яғни қайталаудың саны және қарқыны, қозғалыс еркіндігі мен амплитудасы, жаттығуды орындау ұзақтығы мен өнімділігін, ауырлық және кедергі мөлшері, сабақ өтілетін орынның ауысуы (зал, манеж, стадион, орман немесе су алабы, демалыс орындары аймағы, арнайы жүгіруге арналған трассалар, жағалау және т.б.), уақыт (таң ертеңгі асқа дейін, күндіз, кешке), сабақтың созылу ұзақтығы мен саны, музыкалық, жорықпен, шумен және т.б. сабақтың сүйемелденуі, сонымен бірге спортшының ағза жүйесіне қажетті бейімделуге жету үшін аса маңызды дайындықты маңызды сезім күйіне келтіру үшін оларды өткізуді ұйымдастырудың әртүрлілігі.

Кешенді бақылау – спортшының дайындық деңгейін анықтау мақсатында жаттығу циклындағы әртүрлі көрсеткіштерді өлшеу және бағалау (педагогикалық, психологиялық, биологиялық, социометрлік, спорт – медициналық және басқа әдістер мен тестілер пайдаланылады).

Бақылаудың кешенділігі көрсеткіштердің үш тобы тіркелгенде ғана іске асырылады:

1/ жаттығу және жарыстық ықпал ету көрсеткіштері;

2/ стандартты жағдайда тіркелген спортшының дайындығы мен қызмет жағдайының көрсеткіштері;

3/ сыртқы орта жағдайының көрсеткіштері.

Кешенді бақылау көп жағдайда тест (тест-латынша-мақсат, міндет, сынау) алу барысында немесе тесттегі нәтижелерді өлшеу процедурасында іске асырылады.

Тесттің үш тобын бөліп қарайды:

Тесттердің бірінші тобы – тыным алу кезінде өткізілетін тесттер. Бұларға дене дамуы көрсеткіштері жатады (дененің салмағы және бойы, тері – май қабатының қалыңдығы, қолдың, аяқтың, кеуденің ұзындығы және құлашы). Тыным алу кезінде жүректің, бұлшық еттердің, жүйке және қан айналу жүйесінің қызметтік жағдайын өлшейді. Психологиялық тесттерде осы топқа кіреді.

Тесттердің бірінші тобының жәрдемімен алынған мәлімет спортшының дене мүмкіндігі жағдайын бағалау үшін негіз болып табылады.

Тесттердің екінші тобы – бұл стандартты тесттер, яғни барлық спортшыларға бірдей тапсырманы орындау ұсынылады (мысалы, жүгіру қондырғысын тредбанда 5 м /сек жылдамдықпен 5 минут бойына жүгіру немесе 1 минутта белтемірге 5 рет тартылу және т.б.). Бұл тесттердің спецификалық ерекшеліктері шегіне дейін емес жүктемені орындаумен қорытындыланады, сондықтан мүмкіндігінше максимальды нәтижеге жету мотивациясы мұнда қажет емес.

Тесттердің үшінші тобы – бұл тестті орындау кезінде мүмкіндігінше максимальды қозғалыс нәтижесін көрсету қажет.

Биомеханикалық, физиологиялық, биохимиялық және басқа көрсеткіштерінің мәні өлшенеді (тестте көрінетін күші; ЖСЖ, ОМП, анаэробты порог, лактат және т.б.). Мұндай тесттердің ерекшеліктері – жоғары психологиялық көңіл күйге келтіруге, шегіне дейінгі нәтижелерге жетуге деген мотивациялық қажеттілік.

Спортшыларды дайындауды басқару міндеттерінен туындайтын оперативті, ағымдағы және сатылық бақылау болып айырмаланады.

Жедел (оперативті) бақылау, бұл спортшының жағдайын жекелеген жағдайларда кезектегі қайта байқап көруді, кезектегі жаттығуды, айқасты, ұрысты өткізуге дайындығын оперативті бақылауы болып табылады. Ол спортшының жарыстық немесе жаттығу жүктемесіне, бүтіндей тәсілдік әдістермен комбинациялардың орындау сапасына ағзаның реакциясын бағалауға бағытталған.

Ағымдағы бақылау, бұл спортшының дайындық деңгейіндегі, оның әдістері мен тәсілдерінің даму деңгейіндегі күнделікті өзгерістерді тіркеу және талдау, жүктеме динамикасы мен олардың байланысы, микроциклдарда бақылау жарыстарының нәтижесін дайындауды бағалау болып табылады.

Сатылармен бақылау, бұл спортшының (сатының) әртүрлі жарыстық және жаттығу қызметіндегі, жарыстардағы немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайлардағы жүктеме динамикасының көрсеткіштерін кезеңнің соңында дайындап мөлшерлеу және бағалау болып табылады. Кешенді бақылаудың мазмұны мен бағыттылығы 11– кестеде келтірілген.

Кешенді бақылаудың негізінде спорттық жаттығулардың тиімділігін дұрыс бағалауға, спортшы дайындығының күшті және әлсіз жақтарын ашуға, олардың жаттығу бағдарламасына сәйкес түзет улер ендіруге, жаттықтырушының жаттығу процесінде таңдаған бағыттылығындағы қайсы бір болмасын шешімінің тиімділігін бағалауына м‰мкіндік туѓызады.

Жарыстық әсер етуді бақылаудың екі бағыты бар: дайындық циклындағы жарыс нәтижелерін бақылау және жарыстық қызмет тиімділігін бағалау.

Жарыс нәтижесін бақылау белгілі бір жарыс циклындағы (бәрінен жиі жылдық) жарыстарда өнер көрсетуінің тиімділігін бағалаумен қорытындыланады.

Жаттығу циклындағы жарыстық қызмет көрсеткіштерінің динамикасы спортшының спорттық бапқа келу жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін өлшем белгісі (критерий) ретінде пайдаланылады. Мысалы, көпшілік мамандар, спортшының спорттық жарыстардағы жетістік нәтижелері 2-3% зонада тұрса ғана спорттық бапта болады деп санайды.