- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыбы
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •1. «Спорт негізі және қолданбалы дайындық» пәнінің мақсаты мен міндеті
- •2. Педагогикалық жоо-ң дене шынықтыру факультеті мен жоо бітіруші студенттердің кәсіби маман болып, болашақта пәннің негізгі мақсатын тәжірибе жүзінде ашып көрсету.
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1 Негізгі әдебиеттер
- •2 Қосымша әдебиеттер:
- •2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
- •3. Қолданбалы дене дайындығы негізі
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Л.П.Матвеев. Теория и методика физической культуры. М. ФиС. 1991г.
- •1.Спорттың мәні және әлеуметтік қызметі
- •2. Спорттық қозғалысты дамытудағы негізгі бағыттар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •1. Жылдық циклда жаттығу-жарыстық процесті жоспарлау.
- •2. Жарыстар мен жаттығулардың әсерлерін бақылау.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер тізімі:
- •3. Спорттық жаттығудың негізгі жақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
2. Қоғамдағы дене шынықтыру мен спорттың дайындық бағыттары
Жалпы дене дайындығы - негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу. Сондай-ақ денсаулықты нығайтуға және оқу, еңбек қызметінде жұмыс қабілеттілігін сақтауға бағытталған. Осыған байланысты дене тәрбиесінің мазмұны күш, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік, икемділік және буындардағы қозғалысты белгілі дәрежеде дамытатын өмірлік қажетті қозғалыс дағдыларын игеруге бағытталған. Жалпы дене тәрбиесі қалыпты өмір сүру үшін кез келген кәсіптік және спорттық қызметке мамандану үшін адамдарға қажетті дене дайындығының міндетті деңгейін қамтиды. Ал бұл жағдайлар мектеп жасына дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі сабақтарында, жалпы дене шынықтыру секцияларында, денсаулық топтарында т.б. жүзеге асырылады.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы - бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әскери-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-қолданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
Кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі адамдардың еңбек және әскери қызметіне қажетті дене дайындығының сипаты мен деңгейін қамтамасыз етуге арналған (бұл мағынада жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі мұғалімінің арнаулы дайындығы, ғарышкерлердің арнаулы дене дайындығы және т.б. деп ұғу керек). Адамды таңдап алған мамандығына немесе әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің дайындығы деп атайды, ал мұндай дайындықтың нәтижесінде белгілі бір дәрежеде таңдап алған мамандығын игеруде және тиімді; еңбек етуге дене дайын болса, онда дененің арнайы қызметке дайын болғандығы деп білеміз. Дене дайындығы мен дененің шыныққандығы кәсіптік қызметтің нақты талаптарына байланысты болып келеді. Сондықтан да дене жаттығулары еңбек дағдыларын қалыптастыруға немесе болашақ еңбек қызметінің шарттарына сәйкес келетіндей етіп алынады. Адамды еңбек етуге дайындауға дене тәрбиесін пайдалану мүмкіндігі еңбек пен дене тәрбиесінің алдына қоятын талаптардың ұқсастығы негіз болған.
Кәсіптік бағыты бар дене тәрбиесі, адамның таңдап алған мамандығын ойдағыдай меңгеруге және осы салада жоғарғы шеберлікке жетуге, сонымен бірге әскер қатарында қызмет етуге дайындық қабілетін дамытуға, оның денсаулығын жақсарту арқылы еңбек кызметіне дайындауға көмектеседі.
Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қызметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттырып дағдыландыру. Сондай-ақ дене тәрбиесі жаттығуларын таңдап алған спорт түрінен мамандарға және одан ең жоғарғы нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді. Спорттың белгілі бір түрінен жоғары табысқа жетуге бағытталған дене тәрбиесін спорттық жаттықтыру деп атайды. Спорттық жаттықтырумен бірге спорттан бағыт-бағдар беру, іріктеу жүргізу, спорт саласынан теориялық білім беру процесі спорттық дайындық деген ұғымды білдіреді. Спорттық жаттығу барысында таңдап алған спорт түрінен жоғары табыстарға жету үшін әр түрлі тәсілдермен спортшының денсаулығын нығайтып, тұлғасының қызмет ету мүмкіндігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Осындай жағдайда, спорттық жаттықтыру процесі де, шынықтыру дайындығы да мамандандырылған сипатқа ие болады, себебі олардың мақсат, мазмұны спорттың нақты бір түрінің талаптарымен байланысады.
Жоғарыдағы талқыланған үш бағыт жалпы дене тәрбиесі жүйесінің алдына қойылған міндеттер мен қағидаларға тәуелді. Кейбір жағдайларда, әрбір бағыттың| жекелеген міндеттерді шешуде айырмашылықтары болуы мүмкін. Мысалы, спорттық жаттығу кезеңінде шыңдалатын спорттық шеберлік, адамда еңбек және әскери қызметке деген дайындықты, сауықтыру, білімділік пен тәрбиелік міндеттерді қоса шешеді.
Дене тәрбиесінің практикасында осы аталған үш бағыт бір-бірімен тығыз байланысып кетеді. Оған мына жағдай дәлел болмақ: жоғары оқу орнында оқып жүрген студент, жалпы білім беретін орта мектепте дене тарбиесінен тәлім-тәрбие алатындығы сөзсіз, осыған қосымша ЖОО қабырғасында кәсіптік бағыттағы дене| тәрбиесі курсын тәмәмдап, спорттық дайындықпен айналысуы да мүмкін.
