Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

6 Биотехнология әдістерін өсімдік селекциясында қолдану

Биотехнология әдісін селекцияда перспективтік қолдануы. Генетикалық базисті өсімдіктер селекциясында кеңінен пайдалануы. Изогендік линияны андрогенез және геногенез әдісімен алу (өсімдіктің тозаңы, микроспорасы, жатыны, тұқым жарнағы және жатын қабы). Эмбрион өсіру (эмбриокультура), будандаспауды жеңу әдісі. Гендік инженерияны қолдану. Клеткалық инженерия. Өсімдік түрлерінде соматикалық алшақ будандастыру. Дене клондық варианттар мен өсімдіктерді алып қолдану. Индукциялық мутагенез. Бағалы селекциялық материалдарды шапшаңдатып көбейту.

7 Гетерозис және оны селекцияда қолдану

Гетерозис құбылысы. Гетерозистік будандардың сорттардың басымдылығы. инцухт әдісі және оны гетерозистік селекция жұмысында қолдану. Гетерозистің пайда болу заңдылықтары. Гетерозис құбылысының ғылыми болжамы мен теориясы.

Ата-аналық линиялардың, сорттардың комбинация құру қабілетін анықтау әдістемелері. Комбинация құру қабілетіне қарай ата-аналық желілердің, сорттарды іріктеу. Шаруашылыққа пайдалы белгілеріне қарай өзіндік тозаңданған желілердің аталық, аналықтарын іріктеп алу жолдары. Жүгері және басқа егістік дақылдарының будан тұқымдарын өсіру әдістері.

Иннбридинг (инцухт). Өсімдіктердің аталық ұрықсыздық түрлері. Цитоплазмалық аталық бедеулікті (ЦАБ) будан алуға қолдану. Сорттар мен линияларды ұрықсыздық жағдайына аудару. Өсімдіктердің ұрықсызданған және ұрықтандыратын түрлерін алу. Жүгерінің будан тұқымдарын өндірудегі ЦАБ-ті қолдану схемасы. Құмайдың қант қызылшасының, күнбағыстың және басқа егіс дақылдарының будан тұқымдарын шығарудағы ЦАБ-ті пайдалану. Сыйыспаушылықты селекцияда пайдалану. Сұрыптап ұрықтандыру.

8 Сұрыптау және селекциялық материалды бағалау әдістері

Сұрыптау, оның селекциядағы маңызы, Табиғи және жасанды сұрыптау. Сұрыптауды өсімдіктердің толық белгілерімен қасиеттеріне немесе кейбір белгілеріне сәйкес жүргізу.

Жаппай, дербес, үздіксіз, туыстастық және керісінше сұрыптаулар. Өсімдіктердің тозаңдану түрімен көбеюіне байланысты сұрыптау әдістерін пайдалану. Ауру мен зиянкестерге төзімділік сұрыптау әдістері.

Селекциялық материалдың ауруларға төзімділігін бағалау. Селекция жұмыстарының кезеңдеріндегі бағалау жұмыстары. Селекциялық материалдардың шығымдылығы мен өнімділігін бағалау. Селекциялық материалдарды бағалауда әр түрлі фондардың маңызы. Өнімділікті және тікелей немесе жанама белгілерді бағалау. Ауруларға төзімділікті бағалау. Өсімдіктердің зиянды жәндіктерге төзімділігін бағалау. Селекция материалдарының өнім және басқа белгілерін бағалау.

Селекциялық жұмыстарды, тәжірибенің дәлдігін арттыратын тәсілдер. Селекциялық питомниктердің түрлері: батапқы материал, селекциялық, бақылау, инфекциялық арнайы. Сорт сынау. Питомниктердің көлемі, орналастыру тәртібі. Егістік жұмыстардың технологиясы. Себу, күтіп-баптау, сұрыптау, жинау және есептеу. Деректерді математикалық өңдеу әдістері.

9 Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру. Сорт алмастыру және сорт жаңарту

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын мемлекеттік сынаудың мақсаты және оны ұйымдастыру. Мемлекеттік сорт сынау мекемелері. Мемлекеттік сорт сынау станциялары мен учаскелері және оларды табиғат жағдайының ерекшеліктеріне негіздеп әртүрлі аймақтарға орналастыру принципі.

Сорт сынау әдістері мен техникасы. Сорт сынау кезінде жасалатын бақылау, есептеу және талдау жұмыстары. Сорт учаскелерінде өндірістік сорт сынау. Әр дақыл сорттардың сынау жоспарын жасау және сорт учаскелерін сол сорттардың тұқымымен қамтамасыз ету тәртібі. Жаңа сорттарды дайындау және мемлекеттік тексеру. Мемлекеттік сорт сынау жұмыстарын жеделдету жолдары. Сорттар мен будандарды аудандастыру.

Сорттарды алмастыру. Сорттарды дер кезінде алмастырып тұру тұқым шаруашылығының негізгі міндеті. Тұқымның көбею коэффициентін арттыру жолдары. Тұқым шаруашылығы жөнінде ғылыми зерттеу институтының, жоғары оқу орындарының, тәжірибе станцияларының, арнайы тұқым өсіру шаруашылықтарының алдыңғы қатарлы жаңа тәжірибелері.

Сорт тұқымын жаңарту. Тұқымды репродукциясына қарай пайдалану мерзімдері.

Өндіру жағдайларына байланысты тұқымның өнімдік қасиеттері. Сорттардың ауруларға шалдығуы мен ластануы себепті егістіктің пайдалануға жарамсыз болуы (бракталуы).

Тұқымдарды жаңарту жоспары және тұқымдық егістіктің көлемін есептеу. Сатылатын сорттық тұқымдарға үстеме ақы төлеу шарты.