Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

4 Талшықты дақылдар

Талшықты дақылдар түрлері, маңызы, жіктелуі және өсірілетін аудандары.

Мақта – республикадағы негізгі талшықты дақыл. Негізгі түрлері мен аудандастырылған сорттары. Мақта арнайы ауыспалы егісі. Мақта плантациясын суғару ерекшеліктері. Мақтаның биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы. Мақта талшығының технологиялық сапа көрсеткіштері.

Талшықты зығыр және сора. Дақылдардың өсіру бағыттары. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиялары.

5 Есірткі дақылдар

Темекі және қара темекі. Маңызы, өсірілетін аудандары және шикізат өнімділігі.

Республикада темекіні көшетте және танапта өсіру ерекшеліктері. Темекі өсірудің озық тәжірибелері және экономикалық тиімділігі.

Темекі шикізатын өңдеу және сақтау шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Әубәкіров Т.Ә., Жұмағұлов Ж.Ж. «Өсімдік шаруашылығы және селекция» Алматы, 1988

2. Жанабаев Қ.Ш. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы, 1994

3. Әрінов Қ.Қ «Өсімдік шаруашылығы» Ақмола, 1996

4. Әрінов Қ.Қ және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау» Астана, 2001

5. Жанұзақов М.М. «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда, 2008

6. Атақұлов Т.А. және т.б. Өсімдік шаруашылығы практикумы. Алматы, 2008ж.

7. Қазақстан Республикасы облыстарында ауылшаруашылық жүйесін жүргізу ұсыныстары. Алматы, 2001-2005жж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Әбуғалиев І., Әлдеков Н. Қант қызылшасы және оны өсірудің индустриалды технологиясы. Алматы, 1986ж.

2. Ерлепесов М., Амантаев А. Суармалы егіншілік. Алматы, 1988ж.

3. Қойшыбаев Ә. және т.б. Қазақстан күріші. Алматы, 1982ж.

4. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы. Алматы, 1984ж.

5. Саудабаев Т., Қыдыралиев А. Жармалық дақылдар. Алматы, 1985 ж.

6. Нұрғасенов Т.Н. және т.б. Тұқымтану, сорттану, тұқым шаруашылығы. Алматы, 2005 ж.

7. Сағитов А.О. және т.б. Справочник защиты растений. Алматы, 2004ж.

МАЛ АЗЫҒЫН ӨНДІРУ

3 Кредит

1 Шалғындық мал азығы шаруашылығы

Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері. Мал шаруашылығында шалғынның мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы. Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде шалғындық шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет елдердегі шалғынтану ерекшеліктері. Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу, суару, минералды тыңайтқыштар пайдалану, гербицидтер пайдалану т.б.

Табиғи өсімдік қауымын есепке алу, әр типтеріне ерекше құжаттар толтыру, шабындық пен жайылымдардың өсімдік сапасын анықтау. Табиғатты қорғау міндеттері.

2 Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негіздері

Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілік жүйелері және олардың жем шөптік ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру және тамыр жаю ерекшеліктері . шабындық және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу, даму кезеңі, оның ұзақтығы. Өсу мерзімі. Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы, жапырақтардың орналасу ерекшеліктері. Алшынкөк шығу ерекшеліктері.

Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері. Шалғын өсімдіктерінің ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсері. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторлары.