Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

10 Тұқым шаруашылығы

Тұқым шаруашылығы – ауыл шаруашылығы өндірісінің саласы. Тұқым шаруашылығы аудандастырылған сорттар мен будандарды және олардың жоғары сапалы тұқымын өндірудің технологиясын ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылым. Тұқым шаруашылығының міндеттері және оның егіншілік саласын қарқындатудың ролі.

Сорт пен будан-тұқым шаруашылығының негізі объектісі. Сорттық және тұқымдық сапа туралы түсінік және тұқым шаруашылығы жұмысы арқылы сорттарды жақсарту.

Өндірісте пайдалану барысында сорттар сапасының төмендеу себептері. Сорттардың тазалығын сақтау және олардың тұқымдарын жақсарту шаралары. Тұқым шаруашылығының негізі-сорттың мол өнім беру мүмкіндігін жүзеге асыра отырып, генетика, селекция, биотехнология, егіншілік, фитопатология әдістері және басқадай ғылыми жетістіктер арқылы оның шаруашылық-биологиялық белгілері мен қасиеттерін сақтау.

11 Қазіргі заман талаптарына сай дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

Тұқым шаруашылығының түрлері: элиталық және тұқым өсіру шаруашылықтары. Бұл салада ғылыми және оқу-өндірістік жүйелерді ұйымдастыру.

Селекция және тұқым шаруашылығы жұмыстарын бір жүйе ретінде топтастыру (сорт шығару, сынау, аудандастыру, алмастыру, жаңарту, тұқымның сорттық және себулік сапасына бақылау жасау, т.б.).

Егістік дақылдардың тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау.

12 Егіс дақылдарының тұқым шаруашылығында сорттық және тұқымдық бақылау

Сорттық бақылау. Егіс апробациясы және сорт егістерін тіркеу, өскен жерде және лабораторияда бақылау. Сорт тазалығының және сорт егістері санатының нормалары. Негізгі дақылдардың тұқым шаруашылығын жүргізу жүйесі.

Тұқымдық бақылау және оның міндеттері. Себуге және отырғызуға арналған материалдарға қойылатын талаптар. Тұқымның егістік сапасына белгіленген стандарттар (ГОСТ). Тұқымның физикалық және биологиялық қасиеттері. Ылғалдылықты анықтау. Түпнұсқалықты анықтау. Жұққан ауруларды анықтау. Зиянкестермен зақымдалуын анықтау. Сорт егістерінің, тұқымының және отырғызылатын материалдың құжаттамасы.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Гуляев Г.В., Гужов Ю.Л. Селекция и семеноводство сельскохозяйст-венных культур. - М.: Колос, 1973.

2. Вавилов Н.И. Теоретические основы селекции. - М.: Наука, 1987.

3. Нургасенов Т.Н. Селекция и семеноводство сельскохозяйственных культур. - Алматы, 2009.

4. Нұғасенов Т.Н., Қойшыбаев Ә.Қ. Егіс дақылдарының селекциясы. - Алматы, 1993.

5. Нұғасенов Т.Н., Қалиев Ә.Қ., Жасыбаева Г.Д. Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы тұқым шаруашылығы. - Алматы, 2009.

6. Коновалов Ю.Б., Березкин Н.А. и др. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. - М.: Агропромиздат,1987.

Қосымша әдебиеттер:

1. Гужов Ю.Л., Велланки Р.К. Тритикале.- М., 1987.

2. Закон Республики Казахстан «О семеноводстве». - Астана, 2003.

3. «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңы. - Астана, 2003.

4. Закон РК «О селекционных достижениях». – Астана, 1999.

5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚР Заңы. – Астана, 1999.

6. Коновалов Ю.Б. Частная селекция полевых культур.- Москва, 1990.

7. Абугалиев И.А. Селекция и семеноводство сахарной свеклы. - Алма-Ата: Кайнар, 1976.

8. Мамонтов В.Н. Селекция и семеноводство яровой пшеницы.- Москва, 1980.

9. Коробок В.А. Селекция и семеноводство сои в Молдавии.- Кишинев, 1964.

10. Нургасенов Т.Н., Сулейменова С.Е., Каракальчев А.С. и др. Сортоведение, селекция и семеноводство. - Алматы, 2005.