Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

Күздік астық дақылдар

Түрлері, маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Күздік дақылдардың күзде және көктемде даму ерекшеліктері. Қысқа төзімділіктің физиологиялық негіздері. Күздіктердің қыс және көктемнің қолайсыз жағдайларына ұшырау себептері және оны болдырмау шаралары. Күздіктердің қыстан шығу жағдайларын бақылау.

Күздік бидай. Бидай дәнінің белоктылығын жоғарлату шаралары. Күздік бидайды суармалы және тәлімі жерлерде өсіру ерекшеліктері.

Күздік қара бидайдың маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру технологиясы.

Күздік арпа. Өсірілетін аудандары және өнімділігі.Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Дәнді бұршақ дақылдар

Дәнді бұршақ дақылдарының астық өндірісін қарқындатудағы және мал азықтық белок проблемасын шешеудегі орны. Атмосферадағы азотты фиксациялаудағы дәнді бұршақ дақылдарының ролі. Дәнді бұршақ дақылдарына сипаттама.

Ас бұршақ – республикадағы негізгі дәнді бұршақ дақылы. Тағамдық және мал азықтық құндылығы. Ас бұршақ формалары және түрлері. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Май бұршақ – бағалы белокты және майлы дақыл. Өсірілетін аудандары және өнімділігі. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Үрме бұршақ және жасымық. Тағамдық маңызы. Түрлері. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиялары.

Ноғаттық және ноқат. Маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі. Құрғақ аудандардағы өсіру ерекшеліктері.

2. Тамыр, түйнек жемістілер және бақша дақылдары

Тамыр жемістілер түрлері, маңызы, өсірілетін аудандары және өнімділігі.

Қант қызылшасы – негізгі қант өндіруші дақыл. Қант қызылшасы тамыржемісінің қанттылығын және қант шығымдылығын жоғарлату жолдары. Биологиялық ерекшеліктері және суармалы жерлерде өсіру технологиясы. Қант қызылшасын тұқымға өсіру ерекшеліктері.

Картоптың маңызы, өсірілетін аудандары және түйнек өнімділігі. Биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиялары. Картоп жинау әдістері. Картоп өсірудің озық технологиялары мен экономикалық тиімділігі.

Бақша дақылдары. Халықшаруашылығындағы маңызы, тағамдық құндылығы. Қазақстандағы бақша шаруашылығы. Өсірілетін аудандары және өнімділігі.

Қарбыз, қауын және асқабақ – морфологиялық ерекшеліктері. Түрлері, шаруашылықтық сипаттамалары. Өсіру ерекшеліктері.

3 Майлы және эфирмайлы дақылдар

Майлы дақылдардың маңызы, өсірілетін аудандары және тұқым өнімділігі. Майлы дақылдар майларының сапа көрсеткіштері.

Күнбағыс – бағалы майлы дақыл. Түрлері, жіктелуі, топтары. Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы және өнімді жинау ерекшеліктері.

Мақсары қуаңшылыққа, ыстыққа және тұзға төзімді майлы дақыл. Өсірілетін аудандары және өнімділігі. Өсіру технологиясы.

Рапс, қыша және майлы зығыр – бағалы майлы дақылдар. Түрлері, биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиялары.

Майкене – бағалы техникалық май беруші дақыл. Түрлері, биологиясы және өсіру ерекшеліктері.

Жер жаңғағы – жоғары майлы дақыл. Биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы.

Эфир майлы дақылдар. Көп түрлілігі және пайдалану аясы. Біржылдық және көпжылдық формалары. Республикада кездесетін эфир майлы дақылдар (кориандр, анис, мята және т.б.) биологиялық ерекшеліктері және агротехникасы.