Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

V егіншілік жүйелері

Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері. Егіншілік жүйесінің түрлері: қарапайым, экстенсивті және интенсивті.

Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері: егіншіліктің жалпы заңдылықтары, топырақтың құнарлылығы туралы ілім, топырақты эрозиядан қорғау мәселелері. Егіншілік жүйесінің тиімділігі. Егіншілік жүйелерінің негізгі буындары.

Қазақстандағы интенсивті егіншілік жүйелері: отамалы, агроландшафтық және басқалар.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. Әуезов Ә.Ә, Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. «Егіншілік», Алматы, 2005

2. Әуезов Ә.Ә., Сүлейменова Н.Ш., Уразымбетова Қ.Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2006

1. Бараев А.И., Сулейменов М.К. және басқалар. Почвозащитная система земледелия.-Алматы,1985

2. Богарное земледелие. –Алматы, 1976

3. Ерлепесов М.Н., Турешев О.Т. Орошаемое земледелие. – Алматы, 1973

4. Жаңабаев Қ.Ш. және т.б. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы, 1994

5. Жаңабаев Қ.Ш. Қазақстанда жиі кездесетін арамшөптер және олармен күрес, Алматы, 1994

6. Зенкова Е.М. Севообороты и плодородие почвы. Алматы, 1979.

7. Иванников А.В., Мұқажанов К. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. – Алматы, 2004

8. Киреев А.К., Сейтказинов Д.Т. Обработка почвы на богаре Казахстана. – Алматы, 2001

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Тұқымтану

Тұқымдық жадығат (материал) — ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі өндіргіш күштерінің бірі. Тұқымтанудың мәні және мақсаты. Басқа пәндермен байланысы.

Қазақстанда тұқымтанудың және тұқымдық бақылау қызметінің даму жолдары. Тұқым сапасын анықтайтын мемлекеттік инспекциялар. Ауыл шаруашьшығы өсімдіктерінің тұқымдық материалына сипаттама.

Тұқымдардың биологиялық және шаруашылық тым ұзақ өміршеңдігі.

Тұқым сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсерлері. Тұқымдық егісті жинаудын, биологиялық негіздері.

Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың шаралары. Тұқымдық жадығатқа (материалға) қойылатын талаптар. Тұқымның сапасына қойылатын стандарт талаптары (мемлекетгік стандарттар). Тұқымның физикалық және биологиялық қасиеттері. Егістік стандарт.

Тұқым тобы туралы түсінік, оның құжаттары және кұжат үлгілері. Сақтық және ауыспалы тұқым қоры, оларды сақтау жолдары.

Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту.

Тұқымның егістік өнгіштігі және оны жоғарылатудың жолдары. Тұқым сапасын жоғарылатудың өндірістегі озат тәжірибелері.

1 Дәнді дақылдар Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы

Астық өндірісін арттыру ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды мәселесі. Қазақстан халық шаруашылығы үшін астық өндірудің маңызы, егіс көлемі құрамы. Астық өндіру мәселесін шешу жолдары.

Күздік және жаздық дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Дән құрылысы және химиялық құрамы. Өсімдіктердің өсу және даму кезеңдері. Гүлдену және дән толысу, пісу кезеңдері. Дәннің толысуына және пісуіне кері әсерін тигізетін факторлар (егістің жатып қалуы, үсіп кетуі т.б.). Олармен күрес шаралары.

Жаздық астық дақылдар

Астық өндірісін қарқындатудағы жаздық астық дақылдарының маңызы. Жаздық бидай – негізгі тағамдық дақыл. Жоғары сапалы жұмсақ және қатты бидайлар өндірісін арттыру. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай өсіру технологиясы және егінді жинау ерекшеліктері.

Арпа және сұлы – бағалы мал азықтық дақылдар. Тағамдық, мал азықтық және сыралық арпалар және оларға қойылатын талаптар. Арпа өсіру технологиясы. Сұлының тағамдық және малазықтық маңызы. Сұлы өсіру технологиясының ерекшеліктері.

Жүгері – аса бағалы дәндік, мал азықтық және техникалық дақыл. Биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

Тары – маңызды жармалық дақыл. Тары өсіру технологиясы және өнім жинау ерекшеліктері.

Қонақ жүгері дақылының өсірілу бағыттары (дәнге, қантқа, мал азығына және техникалық мақсатқа). Республиканың қуаң аудандарындағы өсіру ерекшеліктері.

Күріш – негізгі жармалық дақыл. Күріштің маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі. Күрішті суару әдістері. Күріш өсіретін атыз әзірлеу және ирригациялық құрылыс жұмыстары. Күріштің арнайы арамшөптері және олармен күрес шаралары. Себу тәсілдері мен мөлшері. Күріш атыздарын күтіп-баптау шаралары және егінді жинау ерекшеліктері. Күріш өсірудің тиімділігі.

Қарақұмық – бағалы жармалық дақыл. Қарақұмықтың өсу ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.