Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

8 Дәнді бұршақ дақылдары

Халық шаруашылық маңызы және азық белогын көбейтудегі дәнді бұршақ тұқымдас дақылдардың алатын орны. Олардың малазықтық және агротехникалық маңызы. Қазақстанда ас бұршақ, ноқат, жасымық, май бұршақ, мал азықтық бұршақ өсірілетін аудандар. Өсірудің интенсивті технологиясы. Дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды басқа дақылдармен араластырып себу жолдары, маңызы.

9 Сүрлемдік дақылдар

Жем-шөп қорын жасауда сүрлемдік дақылдардың маңызы. Сүрлемге салудың мән-мағынасы. Жоғары сапалы сүрлем салудың жолдары. Негізгі сүрлемдік дақылдар – жүгері, күнбағыс, қонақ жүгері. Олардың биологиялық және өсіру агротехникалық ерекшеліктері. Басқа да, әдеттен тыс сүрлемдік дақылдар (құлқайыр, мақсары, гүлтәжі, перко, рапс т.б.). олардың өсіру технологиясы.

10 Тамыр жемісті, түйнек жемісті және бақша шырынды мал азықтары

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда шырынды мал азығының маңызы. Мал азықтық тамыр жемістілер. Қант қызылшасы және мал азықтық қызылша. Олардың халық шаруашылық маңызы. Биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.

Мал азықтық сәбіз, шалқан, тарна. Мал азықтық маңызы және өсетін аудандары. Оларды өсірудің агротехникалық негіздері. Тамыр жемістілерді қоймаға салу және сақтау жолдары. Тамыр жемістілердің сабағы мен жапырағын пайдалану. Түйнекті жемістілер. Мал азықтық маңызы. Картоп пен жер алмұртының мал азықтық құндылығы, өсетін аудандары, сорттары, өсіру технологиясы.

Мал азықтық бақша дақылдары. Олардың мал азықтық құндылығы, таралуы. Мал азықтық қарбыздың, асқабақтың, кәдінің биологиялық ерекшеліктері және өсіру технологиясы.

11 Мал азықтық шөптер

Екпе шөптердің азықтық ерекшеліктері мен маңызы. Олардың топырақ құнарлығын арттырудағы рөлі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер- жоңышқа, түйе жоңышқа, сиыр жоңышқа, беде, мүйізбас шөп. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер – еркек шөп, қылтықсыз арпабас, жима тарғақ, тарлау, бидайық, субетеге, шалғындық қарабас, субидайық. Олардың малазықтық құндылығы, биологиялық ерекшеліктері, тарауы және өсіру технологиясы.

Біржылдық бұршақ тұқымдастары (сиыр жоңышқа, сераделла, парсы бедесі, ноқат, жасымық, вигна, сары үрме бұршақ, егістік бұршақ, бөрі бұршақ) және астық тұқымдастары (судан шөбі, атқонақ, қонақ тары, күздік қара бидай, сорго-суданка буданы, біржылдық үй бидайығы).

12 Мал азығын дайындау және сақтау технологиясы

Шөп дайындаудың және кептірудің теориялық негіздері. Әртүрлі пішен дайындаудың технологиясы (пішен-престелген, ұсақталған, түйіршіктер т.б.).

Пішендеме. Оны дайындауда қойылатын талаптар. Дайындау технологиясы. Сүрлем салу, оның сипаттамасы.

Мемлекеттік стандарт бойынша мал азықтары сапасын анықтау.

13 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы

Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығының маңызы. Шабындық- жайылым өсімдіктерін тұқым алу үшін өсіру әдістері. Көпжылдық шөптерден тұқым алу жоспары. Тұқым шаруашылығында интенсивті технология қолдану. Әдеттен тыс өсімдіктердің тұқымын өсіру ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Тен А.Г. Кормопроизводство. Москва, 1982 г.

2. Можаев Н.И., Серекпаев Н.А. Кормопроизводство. Астана, 2007г.

3. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника, М., Колос, 2003

4. Жуковский П.М. Ботаника. М., Колос, 1982

Қосымша әдебиеттер:

1. Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. Москва, 1989г.

2. Асанов К.А. Пастбища и экология. Алматы, 2000г.

3. Аубакиров К. Пойменные и лиманные луга Казахстана. Алматы, 2002г.

4. Жамбакин Ж.А. Пастбища Казахстана. Алматы, 1995г.

5. Часовитина Г.М. и др. Полевое кормопроизводство в Казахстане. Алматы, 1986г.

6. Ларин И.В. и др. Луговодство и пастбищное хозяйство. Ленинград, 1990г.

7. Андреев Н.Г. Малораспространенные кормовые культуры. Москва, 1991г.

8. Суворов В.В., Воронова Н.Н. Ботаника с основами геоботаники. Л.,Колос, 1979.

ЕГІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМШАРУАШЫЛЫҒЫ