Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
336_6M080100 AG KAZ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆

3 Кредит

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Сорттар. Бастапқы материалдар және оны жасау әдістері

Сорт туралы түсінік. Сорттарды шығу тегі мен шығару тәсілдеріне байланысты топтау. Сорттардың таралу аймақтарына бейімділігі. Сорттардың ауыл шаруашылығы дақылдары өнімін өндірудегі алатын орны. Дақылдардың болашағы зор және өнімді сорттары туралы түсінік. Өндірістік егістіктегі сорттық жүйе. Онда әртүрлі сорттардың болуы керектігі. Сорттың агротехникасы. Шаруашылықтардың егіс дақылдарының сорттарына қоятын талаптары.

Алғашқы материалдар туралы түсінік. Олардың алу жолдары және түрлері: жергілікті сорт-популяциялар, будан популяциясы, өзіндік тозаңдандырылған линиялар, индуцияландырылған мутанттар және көпполиплоидты формалар. Өсімдіктің бағалы шаруашылық белгілер мен биологиялық қасиеттерінің донорлары.

Н.И. Вавиловтың алғашқы материалдар туралы ілімі, (тұқым қуалаушылық пен өзгерткіштік жөніндегі гомологиялық қатарлар заңы, мәдени дақылдардың шығу орталықтары). Мәдени өсімдіктердің экологиялық-географиялық жүйесі. Жер жүзі өсімдіктерінің коллекциясын құру және оны селекция жұмысында пайдаланудағы Н.И. Вавилов атындағы Ресей егіншілік ғылыми зерттеу институт ғалымдарының еңбегі. Жеміс-жидек дақылдар селекциясы жұмысындағы коллекциялық бақтың орны.

2 Аналитикалық селекция

Аналитикалық селекция туралы түсінік. Қазіргі кезде будандастыру бастапқы материалдарды құрудың негізгі жолы болып саналуы. Будандастыру арқылы пайда болатын трангрессиялар мен жаңа түрлер. Будандастырудың қарапайым және күрделі түрлері (сатылы, қайтармалы, қанықтыратын). Оларды қолдану аймақтары. Будандастыру әдістемелері мен техникасы.

3 Синтетикалық селекция

Синтетикалық селекция туралы түсінік. Селекция жұмысындағы алшақ будандастырудың маңызы. И.В. Мичуриннің, Л. Бербанктің және Н.В. Цициннің жұмысындағы алшақ будандастырудың пайдалануы. Туыстық және түр аралық будандастырудың пайдаланылуы. Туыстық және түр аралық будандастырудағы қайшылықтар. Оларды жою әдістері. Буданның бірінші ұрпағының тұқым түзу қабілетінің нашарлау немесе болмау себебі және оларды жою жолдары. Алшақ будандастыруда қолданылатын биотехнологиялық әдістер. Алшақ будандастыру арқылы жаңа өсімдік түрлерінің түзілуі және селекцияда пайдалану (ауруға, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді т.б.)

4 Эксперименттік мутагенез және селекцияда қолдану

Мутациялық өзгергіштік және оның селекциядағы маңызы. Мутацияның түрлері, олардың пайда болуы және алғашқы материал ретіндегі маңызы. Мутациялық формаларды алу жолдары. Мутагендер, олардың селекцияда қолданылатын түрлері, өсімдіктерге әсер ету әдістері мен мөлшері. Мутанттық популяциялармен жұмыс істеу әдістемелері. Мутант түрлерін будандастыру жұмысында қолдану.

5 Өсімдіктер селекциясында полиплоидия мен гаплоидияны пайдалану

Полиплоидия және селекция. Полиплоидияның түрлері, олардың селекциядағы құндылығы. Полиплоидия және алшақ будандастыру. Дақылдардың органдарына колхицин мен әсер ету жолдары олардың мөлшері. Полиплоидтардағы тұқым өнімділігінің төмендеу себептері, оны жою шаралары. Гаплоидия, олардың маңызы және болашақта селекцияда қолданылуы. Гаплоидтар алу тәсілдері. Гаплоидтағы хромосом санын екі еселеу арқылы гомозиготалы линиялар алу. Гаплоидтық селекцияның болашағы.