- •Әлеуметтануды ғылым ретінде айқындаңыз, әлеуметтану объектісі және пәнін сипаттаңыз
- •Әлеуметтанулық теориялар құрылымы мен теориялық және эмпирикалық деңгейін анықтаңыз
- •Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін көрсетіңіз
- •Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы мен ерекшелігін ажыратып негіздеңіз
- •«Әлеуметтік құрылым» түсінігіне анықтама беріңіз. Әлеуметтік құрылымның элементтерін атаңыз
- •Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндегі «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». Категорияларына талдау жасаңыз
- •О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретінде негізгі идеяларын қарастырыңыз
- •О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін жіктеңіз
- •Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын және негізгі еңбектерін сипаттаңыз
- •Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесі мен негізгі ойларын қарастырыңыз
- •М.Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануын негіздеңіз
- •М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясын түсіндіріңіз
- •Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдерін көрсетіңіз
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі негізгі қызметтерін пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеуді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз.
- •Жанжалдың негізгі қыметтерін анықтаңыз және сипаттаңыз. Жанжалды реттеу әдістерін құрастырыңыз және оның әлеуметтік салдарына болжам жасаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағанды кесте арқылы құрыңыз.
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі негізгі қызметтерін пайымдаңыз
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.Мәдениетті жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – мәденит әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқартын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың мәдени қызметін, мәдени деңгейін, мәдени салада бұл топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени дәрежесін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың,мекмелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін, мәдени қызметкерлердің жағдайын және іс-қызметін, т.с.с. зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім, ғылым, этникалық, және көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелердің (театр, кино, мұражай, кітапхананалар) дамуын болжап, жоспарлайды.Мәдениет әр түрлі деңгейдегі қоғамдық өзара байланыста қандай да бір нақтылы формада қызмет атқарады. Мәдениет болмысының бұл нақтылы формасын көрсету үшін социологияда субмәдениет түсінігі қолданылады. Субмәдениет - бұл көбінесе оларды алып жүретіндердің ойлауы мен өмір стилін анықтайтын, өздерінің комплекстерімен, әдет-ғұрыптарымен, нормаларымен, ерекшеленетін автономды тұтастай білім. Психологиялық жағынан қарасақ жастардың психикасының зардап шегуі соңында өкінерлік жағдайларға әкелетінін де ұмытпау керек. Жастардың субмәдениетінің біздің елде таралуы Батыстан кем емес. Ол күнделікті өмірден де көрініс тауып жатыр. Қазақстанда жастардың субмәдениетінің типологиялық анализін жасауда ғалымдар субмәдениеттің жаңа көріністері көбінесе Алматы, Қарағанды, Павлодар секілді жастар қалаларында кең тарағандығын айтады. Қазақстанда жастардың субмәдениетін топтастыру өте қиын, қазірде оны зерттеу төмен деңгейде. Сонымен қатар жаһандану үрдісі елімізді мүлдем басқа кеңістікке әкеткендей. Батыстың және Ресейдің рухани құндылықтарын сіңіре отыра жастар күнделікті өмірде Отандық БАҚ, бағдарламаларды қолдануда төмен дәрежеде. Себебі бәрімізге белгілі жастарымыз «қара роктың» патшасы Макл Джексонның фанаттары, сонымен қатар Отандық телеарналарды қараудан, өзіміздің дәстүрлі әндерімізді тындаудан гөрі Муз-ТВ, Эм-ТИ-ВИ, НТВ және т.б Ресейлік, шетелдік телеарналарды тамашалауды жөн көреді. Компьютерлік ғасыр, Интернеттің үстемдік етуі кезеңінде жастар субмәдениетінің жаһандану процесі жүреді. Сондықтан да қызығушылықтарына, білім деңгейлеріне байланысты белгілі бір жастар ұйымдары пайда болып жатыр. Қазақстандағы жастар субмәдениетінің мынадай топтамасын ұсынуға болады:
- Ойын сауықтық - рокерлер, рэперлер, металлистер, эмолар, готтар, байкерлер;
-Беделді адамдардың, элита, саяси шеңбердегі өкілдердің, әртістердің, жалпы өнер адамдарының балалары да белгілі бір субмәдениетті құрайды.
-Діни субмәдениет. Бұл топқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестіктердің табынушылары кіреді. Қазіргі кезде дінге байланысты жастардың көзқарасының адасушылық жолда болуы бәрімізді қатты алаңдатуда.
- Студенттердің субмәдениеті. Қазақстан қоғамының білімді және белсенді бөлігі. Бұл топқа 17-22( кейде 25) жас аралығындағы жастар кіреді. Студенттік кезеңде жастардың әлеуметтік, саяси көзқарастары қалыптасып, тұлға ретінде өзіндік мінездемесін орнықтырады. Университет қабырғасы, жатақхана студентке болашақтың үлкен бір терезесін ашып, жол сілтейді.
Осы аталған жастардың субмәдениеттерінің өзіндік дүниеге көзқарастары, құндылықтары бар. Психолог мамандардың айтуынша, біздің қоғамда бейформальды топтардың пайда болуы бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, бұл құбылыстың пайда болуы рухани тәрбиенің жоқтығынан деуге болады. Ата-ана қамқоры мен назарының аздығынан жастар өздеріне ұқсас қызығушылықтары бар ортаны табуға тырысады. Солай бір-бірін тауып, бейформальды топ құрады. Олар кішкентай мемлекет іспеттес.Контрмәдениет – субмәдениеттің ерекше бір түрі. Контрмәдениет – үстемдік етуші мәдениеттің құндылықтарын жоққа шығаратын субмәдени бағыт. «Контрмәдениет» терминін ең алғаш қолданған американдық әлеуметтанушы Теодор фон Роззак болды. Ол контрмәдениетті дәстүрлі мәдениетке қарсы қоятын өнердегі жаңа ағымды білдіру үшін қолданған еді. Түрлі зерттеулерде контрмәдениетке ежелгі әлемдік діндердің қалыптасу кезеңдерін, утопистердің коммуналары мен большевиктердің қозғалысын жатқызады. Контрмәдениеттің айқын мысалы ретінде оқшауланған қылмыстық топтарды айтуға болады. Олар әрдайым «дамып» отырады, әрі шыншылдық, еңбекқорлық, отбасылы өмір сияқты жалпыға ортақ құндылықтарды «басынан аяғына дейін» идеологиялық түрде өзгертіп бұрмалап жібереді. Жастар контрмәдениеті дәстүрлі құндылықтардан бас тартып, оларды контрқұндылықтармен алмастыруды талап етеді. Өз-өзіңді көрсетудің еркіндігі, жаңа өмір сүру салтына ілесу, жазалау шараларын жою, әрі әуес, қиял, елес туғызған кез келген сезімге сену, бейвербальді қатынас жасауға иек арту – мұның барлығы контрмәдениеттің басты құндылықтары. Жастар контрмәдениетінің басты ұраны – қайырымдылық, әдет-ғұрып атаулыдан аулақ жүретін бақытты адам. Міне сондықтан контрмәдениет ұсынған, алдын-ала жоспарланған адам көп жағдайда адамгершілік заңдарына қайшы келетін барлық тыйымдарға және моральдік беделді тұлғаларға өшпенділікпен қарайды, сондай-ақ ондай адамдардың психикасында адамзатқа ортақ өнегелілік, руханилық тәрізді құндылықтар механизмі әлі қалыптасып бітпеген.
