- •Әлеуметтануды ғылым ретінде айқындаңыз, әлеуметтану объектісі және пәнін сипаттаңыз
- •Әлеуметтанулық теориялар құрылымы мен теориялық және эмпирикалық деңгейін анықтаңыз
- •Әлеуметтанудың атқаратын қызметтерін көрсетіңіз
- •Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы мен ерекшелігін ажыратып негіздеңіз
- •«Әлеуметтік құрылым» түсінігіне анықтама беріңіз. Әлеуметтік құрылымның элементтерін атаңыз
- •Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндегі «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». Категорияларына талдау жасаңыз
- •О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретінде негізгі идеяларын қарастырыңыз
- •О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін жіктеңіз
- •Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын және негізгі еңбектерін сипаттаңыз
- •Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесі мен негізгі ойларын қарастырыңыз
- •М.Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануын негіздеңіз
- •М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясын түсіндіріңіз
- •Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдерін көрсетіңіз
- •Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері мен бағыттарын анықтаңыз
- •Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі қарастырыңыз
- •Отбасы әлеуметтік институт ретінде айқындаңыз
- •Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін негіздеңіз
- •Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының зерттеу объектісі мен пәнін анықтаңыз
- •Тұлға әлеуметтануының қалыптасуын және тұлғаның әлеуметтенуі мен кезеңдерін сипаттаңыз
- •Білім беру орындары әлеуметтік институт ретінде пайымдаңыз
- •Мәдениет әлеуметтік институт ретіндегі негізгі қызметтерін пайымдаңыз
- •Діннің қоғамдағы рөлі мен оның қоғамда алатын орны, қызметтерін бейнелеңіз
- •Экономикалық әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырыңыз және "Экономикалық адам" түсінігін айқындаңыз
- •Саяси әлеуметтанудың объектісі, пәні, қызметі мен құрылымын негіздеңіз
- •Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы мен оның құрылымы мен функцияларын бейнелеңіз
- •Әлеуметтанудағы сауалнама әдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына мысал келтіре отырып талдаңыз
- •Анкеталық әдістің негізгі маңыздылығын, артықшылығын, кемшілігін, қолдану салаларын сипаттаңыз. Анкета құру техникасын көрсетіңіз
- •Бақылау әдісі, оның кезеңдері, негізгі сипаттамасы, түрлерін айқындаңыз
- •Іріктеу жиынтығының мәнін, жасалауын, квоталық және кездейсоқ іріктеуді мысал келтіре отырып жіктеңіз
- •Эксперимент әдісінің жүргізілу аясын және қолдану жолдарын қарастырыңыз
- •Ч. Ломброзо және у. Шелдон концепцияларының девиантты мінез-құлық әлеуметтануының дамуына қосқан үлесін бағалаңыз.
- •Жанжалдың негізгі қыметтерін анықтаңыз және сипаттаңыз. Жанжалды реттеу әдістерін құрастырыңыз және оның әлеуметтік салдарына болжам жасаңыз
- •«Аномия» түсінігіне толық анықтама беріңіз. Аномия қоғамға неліктен қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бұл құбылыс Қазақстанда байқалды ма және осы ситуациялардың салдарын анықтаңыз
- •Қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың қалыптасуына Абай мен Шәкірім мұралары қалай ықпал етті, нақты дәлелдемелермен сипаттаңыз.
- •Қазіргі кезде пайда болып отырған отбасының жаңа түрлері және оның қоғамдық дамуға, жалпы қоғамдық ортаға әсерін талдаңыз
- •Отбасы ұғымының құндылығына жан-жақты талдау жасаңыз.
- •Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтермен дәлелдеңіз
- •Сауалнама әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын 2 бағанды кесте арқылы құрыңыз.
- •Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •Қоғамда әлеуметтік теңдік және теңсіздік мәселелері талдануы керек па? Өз пайымыңызды талдаңыз және Қазақстандағы әлеуметтік теңдік және теңсіздікке мысал келтіріңіз.
- •Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз
- •Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.
- •Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •Сұхбаттың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін екі баған бойынша фактілер арқылы көрсетіңіз. Сұхбаттың түрлерін, өткізу формасын және негізгі талаптарды сипаттаңыз
- •Сіздің айналаңыздағы адамдардың тұрмыстағы мінез-құлқын сипаттаңыз және девиантты болып саналатын әрекеттерді көрсетіңіз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз
«Әлеуметтік құрылым» түсінігіне анықтама беріңіз. Әлеуметтік құрылымның элементтерін атаңыз
Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі.Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социологтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды. Әлеуметтік құрылым-қоғамның ішкі құрамы,оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне :
1.өзара тығыз байланыста,қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар;
2.қоғам мүшелерінің бірігуі,топтасуы негізінде пайда болып дамып отыратын әлеуметік қауымдастықтар.
3.сол қоғамда қалыптасқан белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.
Әлеуметтік құрылым басты элементтері: индивидтер,әлеуметтік институттар ,әлеуметтік қауымдастықтар және топтар.Әлем қауымдастығы әлеуметтік құрылымның үш түрін біледі:
1. Орта таптың күшті топтары ұстап тұрған демократиялық нарықтық қоғам. Онда әлеуметтік топтардың бөлінісі орталық бөлігі дамыған (орта топтар), жоғары тап (бай элита) пен кедейлер тобы полюстері онша үлкен емес ромбты елестетеді.
2. Нашар дамыған, бірақ нарықтық экономикаға аяқ тіреген әлеуметтік құрылым үлгісі. Эйфель мұнарасын еске түсіретін пирамида түрінде (кедей топтар орналасқан кең ауқымды үлкен табан).
3. Бұрынғы социалистік елдердің қабатталу моделі табаны аса үлкен үшбұрышты еске түсіреді, оның көп ауданын “еңбекшілер” қабаты, ал төбесін - “билік адамдары” алып жатыр. Орта тап іс жүзінде жоқ.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретіндегі «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт». Категорияларына талдау жасаңыз
Қоғам адамдардың өзара әрекеті мен бірлестігінің барлық тәсілдері мен формаларының жиынтығы.Қоғамның жүйе ретіндегі негізгі элементтері –әлеуметтік институттар, әлеум.қауымдастықтар, әлеум.ұйымдар,әлеум.тап, топтар, қабаттар,адамзат индивиді.Әлеуметтік қауымдастық-белгілі бір ортақ белгілері бар,яғни мүдделері құндылық бағдарламалары,атқаратын қызметі,іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн:Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпирикалық тіркеуге және тексеруге болады.Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады.Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді.Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Әлеум.ұйым-белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған және ережелердің ресми құрылымын биліктік қатынастармен,еңбек бөлінісімен шектеулі қабылдауымен сипатталатын ұжым түрі.Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар :
1. Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады. Демек, әлеуметтік ұйым оған кіретін мүшелерінің әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі өзара байланысқан жүйесін білдіреді.
2. Әлеуметтік ұйымдар тұтас бір әлеуметтік жүйені білдіреді. Ал тұтас жүйе өзбөліктерінен үлкен болады. Сондықтан ұйымның әр түрлі элементтерін біріктіру базасында ерекше ұйымдық немесе синергетикалық әсер жасалады.
