Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505 Кб
Скачать
☆
  1. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретінде негізгі идеяларын қарастырыңыз

Огюст Конт (1798 - 1857) - француз философы, әлеуметтанушысы, ғылым әдіснамашысы, әлеуметтанудың ғылым ретінде негізін салушы, философиядағы позитивтік мектепті құрушылардың бірі. Ол алғаш рет «Әлеуметтік» сөзін 1839 жылы «Позитивті философия курсының» 47 дәрісінде қолданады.Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.

  1. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін жіктеңіз

Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетшизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]