Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505 Кб
Скачать
☆
  1. Қазіргі қоғамдағы жастар арасындағы девиантты мінез-құлықтың көбейу салдарына әлеуметтану ғылымы тұрғысынан сипаттаңыз.

Мінез-құлық проблемасы-психология-педагогигалық проблемалардың өзекті прблемалардың бірі. Деструктивті процестер,әртүрлі қоғамдық сфераларды қозғағанда, өздерінің арасында тек қана үлкендердің емес сондай-ақ жасөспірімдердің арасындағы қылмыстарға әкеп соғуда. Статистика көрсеткіші бойынша 50% заңбұзушылық жасөспірімдер мен ересектердің арасында. Девианттік мінез-құлық әлеуметтік шамадан тыс екендігін көрсетеді кейінгі кезде ондай мінез социологтардың, педагогтардың, психологтакрдың, медицина қызметкерлері мен заңқорғаушы органдардың назарының ортасында.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің ортасында шылым шегу, нашақорлыққа салыну, ішімдікке салыну еліміздегі өзгерістердің болуының себептері салдарынан. Француз социологі Эмиль Дюркгейм қоғамдық ортаның жағдайын бейнелегенде, индевидтердің қылықтарында нақты қадағалаудың болмауы, тек моральдік вакумның, бұрынғы шамалар, құндылықтар жаңа қатынастарға сәикеспейтіндігін айтады.Осы сипаттаман Қазақстанға да толықтай жатқызуға болады. Ата-аналар, педагогтар, психологтар, медицина және полиция қызметкерлері жас жеткініншектермен жұмыс істейтін адамдар жастардың өз істеріне жауапты және денсаулықтары жақсы дамып ер жетуін қалайды.Бірақ, көптеген жастар балалық шақтан ересектер өміріне сәтті өту үшін қажетті айналаның кері әсерінің және тәжірбиенің жоқтығынан зиян әдеттер мен жағдайлардың құрбаны болады. Жасөспірімдер моделінің теріс мінезі жиі басқа мәселелерге әкеп соғады, олар мынадай, мектептегі үлгерімнің төмен болуы, өтірік айту, ұрлық жасау, вандализм, наркомания, алкогольге әдестену. Соңғы уақыттарды бұл тізімге Интернет жүйесі - тәуелділік, әуес ойындар, тіркелмеген топтар мен секталарға тәуелді бөлу сияқты жаман қасиеттер қосылуда. Кейін болған істі жөндеудің қйын екендігін одан көрі профилактика өткізудің әлде қайда жеңіл екендігіне көпшіліктің келісетіні мәлім.Өкінішімізге қарай біздің қоғамымыза әлі күнге дейін жастар арасында девиантты мінез-құлыққа байланысты прафилактиканың жеткіліксіз екендігі байқалады.Бар айтылған әлеуметтік проблемалар (нашақорлық, ішімдікке салыну, қияли дөрекі мінездер т.б) осылардың неліктен болатындығын ойлауға мәжбүр етеді.

  1. Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.

Әлеуметтендіруді бірінші және екінші әлеуметтендіру деп екіге бөледі. Бірінші әлеуметтендіру адамға өзінің тікелей қоршаған ортаның, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған – туыстарының, достардың, құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарыныі, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмыстағы тікелей басшының және т.б. тікелей ықпал жасауымен байланысты. Тұлғаның алғашқы қалыптасуы мен дамуында бірінші әлеуметтендірудің рөлі аса зор. Екінші әлеуметтендіруді екінші қатардағы әлеуметтік топтар (шағын немесе ірі), құрылымдар мен ұйымдар және мекемелер тікелей және жалпы формада, көбінесе бір екі бағытта жүзеге асырылады. Мұндағы қатынастар көбіне институциооналдық сипат алады. Екінші әлеуметтендірудің агенттері мемлекет пен оның органдарының (әскер, полиция, сот, прокуратура, т.б.), кәсіпорындардың, жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың, радио, теледидар, баспасөз және т.б., басшылары және ресми өкілдері болып табылады. Екінші әлеуметтендіру жақсы кемеліне келген, есейген шақта өте маңызды. Бұл тұста адамның әлеуметтік мәртөбесі мен рөлі негізінен анықталады, енді соларды жүзеге асыруға және ішінара өзгерістер жасауға көңіл аударылады. Әлеуметтендірудің бірінші және екінші агенттерінің қызметін өзара байланыстыруы мен үйлестіруді қамтамасыз ету аса маңызды. Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында баларды ересектер мен әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырылады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата-аналар атқарады. Осы сатыда ата –аналар мен балалар арасындағы өзара қарым – қатынастар олардың бір – біріне деген жақындық, жауапкершілік, ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.

Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар

1. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы сипаттама

2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы

3. Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалы

4. Мезафактор және олардың адамға ықпалы

5. Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызы

1. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторларға жалпы

сипаттама

Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы,

ӛндірістік, саяси т.б. кӛрінеді.

2. Мегафактор және оның адамды әлеуметтендіруге ықпалы Балалар, жасӛспірімдер, жастар ӛзара қарым – қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуына азды – кӛпті әсер ететін түрлі жағдайлардан ӛтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы

күштерін 4 топқа біріктіреді.

3. Макрофактор және оның әлеуметтендіруге ықпалы

Әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін, соның ішінде жеке адамдарға да әсері күшті екінші фактор - макрофактор (грекше – зор деген сӛз) деп аталады. Оған ӛлке, қоғам, ел, этнос, мемлекет кіреді. Ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде ӛмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.

4. Мезафактор және олардың адамға ықпалы

Адамға әсер ететін факторлардың үшінші тобына мезафакторлар (мезо -

орташа) жатады. Мезафакторларға тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы. Сондай-ақ халық ӛмір сүретін аймақ, ауыл, қала, шағын қала, аудан және бұхаралық ақпарат құралдары - радио, теледидар т.б. және соған байланысты субмәдениет немесе мәдениетке жақын жерде орналасқан даму тендециялары бар елді мекен кіреді.

5. Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызы

Тӛртінші - микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен отбасы, кӛрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар. Микрофакторлар яғни, «кішкене» деген сӛздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіреді. Бұған адамның отбасы, кӛрші қолаң, құрбылар, сыныптастар, курстастар, бірге жұмыс істейтіндер, қоғамдық мемлекеттік, жеке меншік мемлекеттер кіреді де олар микроәлеуметтер құрайды.

  1. Субмәдениеттің қалыптасуын тудыратын себептерді көрсетіңіз. Адамның қандай да бір субмәдениетке жататынын көрсететін белгілерді атаңыз. Контрмәдениет басым түсетін қоғамның әлеуметтік топтарды мысалға келтіріңіз. Өз жауабыңызды дәлелдермен тұжырымдаңыз

Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды. Субмәдениетке готтар, фэндом, хиппи, растофары, металист және панктер т.б ағымдар осы мәдениетті құраушы өкілдері жатады. Жастардың субмәдениетіне сондай-ақ протест, эскапизм тән боп келеді. Эскапизм дегеніміз – шындықтан қашу, яки, басына түскен қиындықтан қашқандар көбіне осы мәдениет өкілдеріне еріксіз еріп кететінге ұқсайды.

Субмәдениеттің мынадай түрлерін жіктеп көрсетуге болады:

1. Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ;

2. Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ;

3. Интернет-субмәдениеті – Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ тіл табысқандар;

4. Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара ашқанымыз соншалық, соңғы кезде облыс, республика орталықтарында оның өкiлдерi бас қосуды дағдыға айналдырды. Мәселен, Павлодар қаласында 3 жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында субмәдениет өкiлдерi арнайы фестивалiн өткiздi. Бұл шараға республиканың түкпiр-түкпiрiнен жастар арадай жиналды. Бiле бiлсек, мұндай жиындар қауiптi екенiн ескерiп, қоғам алаңдауы қажет.Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады. Контрмәдениет – субмәдениеттің ерекше бір түрі. Контрмәдениет – үстемдік етуші мәдениеттің құндылықтарын жоққа шығаратын субмәдени бағыт. «Контрмәдениет» терминін ең алғаш қолданған американдық әлеуметтанушы Теодор фон Роззак болды. Ол контрмәдениетті дәстүрлі мәдениетке қарсы қоятын өнердегі жаңа ағымды білдіру үшін қолданған еді. Түрлі зерттеулерде контрмәдениетке ежелгі әлемдік діндердің қалыптасу кезеңдерін, утопистердің коммуналары мен большевиктердің қозғалысын жатқызады. Контрмәдениеттің айқын мысалы ретінде оқшауланған қылмыстық топтарды айтуға болады. Олар әрдайым «дамып» отырады, әрі шыншылдық, еңбекқорлық, отбасылы өмір сияқты жалпыға ортақ құндылықтарды «басынан аяғына дейін» идеологиялық түрде өзгертіп бұрмалап жібереді. Жастар контрмәдениеті дәстүрлі құндылықтардан бас тартып, оларды контрқұндылықтармен алмастыруды талап етеді. Өз-өзіңді көрсетудің еркіндігі, жаңа өмір сүру салтына ілесу, жазалау шараларын жою, әрі әуес, қиял, елес туғызған кез келген сезімге сену, бейвербальді қатынас жасауға иек арту – мұның барлығы контрмәдениеттің басты құндылықтары. Жастар контрмәдениетінің басты ұраны – қайырымдылық, әдет-ғұрып атаулыдан аулақ жүретін бақытты адам. Міне сондықтан контрмәдениет ұсынған, алдын-ала жоспарланған адам көп жағдайда адамгершілік заңдарына қайшы келетін барлық тыйымдарға және моральдік беделді тұлғаларға өшпенділікпен қарайды, сондай-ақ ондай адамдардың психикасында адамзатқа ортақ өнегелілік, руханилық тәрізді құндылықтар механизмі әлі қалыптасып бітпеген.

  1. Әлемнің әртүрлі елдерінде байқалатын ұлтаралық менсінбеушілік пен этникааралық жанжалдардың негізгі себептерін факторлармен түсіндіріңіз. Ситуацияны талдай отырып, осы себептердің алдын алатын әдістерді айқындаңыз

Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.

Шығу себептері

Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесін¬де туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін).

Реттелу жолдары

Этникааралық қақтығыс¬тардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ.

Егер этникааралық қақтығыстың ал¬дын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себеп¬термен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.

Этноконфликтология

Этноконфликтология - этникалық, этникааралық қақығыстарды зерттеуші ғылым саласы. Қақтығыстанудың аса маңызды бөліктерінің бірі этникалық қақтығыстардың шығу заңдылықтарын, дамуын, алдын алу, реттеу, шешімін табу мәселелерін қарастырады. Ол этнос өкілдерін қиян-кескі қаталдыққа, төзімсіздікке, күш қолдануға жетелейтін бөлінудің, жіктелудің, конфронтацияның алдын алып, тығырықтан, түйықтан шығудың жолдарын қарастырады. Қазіргі этноконфликтологияның аса маңызды мәселелерінің бірі ықтимал қақтығыстарды алдын ала ескертіп, болжам жасау және жағымсыз салдарын төмендету жолдарын қарастыру болып табылады.

  1. Қазақстандағы діни деңгейдің қазіргі жағдайына талдама беріңіз және дінге деген қызығушылықтың арту себебін анықтаңыз. Терроризм қаупі бойынша болжам жасаңыз. Ішкі және сыртқы факторларды талдаңыз

Бүгінгі күндері саяси терроризм барған сайын қылмысты іспен астарласып жатады. Оны мақсаттарынан, мотивтерінен, методтарынан, формаларынан ғана ажыратуға болады. Олар өзара бірігіп әрекет етеді, бір-біріне қолдау көрсетеді. Кей жағдайларда қылмыскер саяси мақсаттарын жасырып, өзін террорист етіп көрсетеді. Латын Америкасында перуандық, колумбиялық террористік ұйымдар наркомафиямен шатысып жатады. Саяси бағыттағы террористік ұйымдар кей жағдайларда финанс пен материальдық ресурстарды алу үшін қылмыс методтарын пайдаланады: контрабандамен айналысады, заңсыз түрде қару, наркотиктер сатады. Сомалиде терроризм теңіз қарақшылығымен бірігіп кеткен. Корсикада террористік топтар Сициилік мафиямен тығыз байланыста әрекет етеді (10).

Терроризм қоғамның қауіпті әлеуметтік құбылысы ретінде барған сайын аумағы кеңеюде, көп адамдар тартылуда. Құбылыс жаппай болып бара жатыр. Ойластырылған және жүзеге асырылатын операциялардың ауқымы едәуір қаржыны, материальдық ресурстарды, дамыған инфрастуктураны қажет етеді, әртүрлі мамандарды тартады, арнайы дайындықты, оны дайындайтын оқу орындарының болуын, арнайы мектепті және полигондарды, әртүрлі техникалык құралдарды, қаруды, агентураны, күтетін, қызмет ететін персоналдарды, осындай толып жатқан қажеттіліктерді талап етеді.

Терроризм барған сайын қорқытудың жаңа түрін іздейді, аумағын кеңейтеді, қатігезденеді. Террористер әрекеті шектен шығып кетті, олар ешнәрседен аянбайды. Мысалы, Жапонияның метросында болған жағдай. Шетелдік эксперттердің сипаттауы бойынша, террористер алдын-ала жаппай жою қаруын бірнеше рет байқап көрген, қаруды дайындап, сонан соң ядролық мекемелердің ішіне кіруге тырысады, атом злектр станцияларына қарсы немесе атом қондырғыларына қарсы диверсия ұйымдастырады. Кейбір елдердің қоғамында талан-таразға салу, халықтың байлығын тонау сияқты алуан-түрлі ой-пікір таратылады

Осылайша, терроризм адамзат баласының өмір сүру проблемасымен, мемлекеттердің қауіпсіздік қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Әлеуметтік, этникалық, діни радикализм мен экстремизмнің ең шектен шыкқан формасы ретінде ол өз мақсаттарына жету үшін еш нәрседен аянбайтынын дүниежүзінің әр жерінде бой көрсетіп жатқан іс әрекеттері дәлелдейді. Халықаралык масштабта терроризм қауіпті эпидемия ретінде тарады. Сондықтанда террористер әлеуметтік, ұлттық, діни және басқа қақтығыстарды шешуде санкциялық тәсілге баса назар аударады. Осындай қылмыстык құбылыстар тенденциясы дүниежүзінде жыл сайын өсе түсуде: терактілер 80-жылдары 500-ден 800-ге дейін болса, 90-жылдары 900-ден де асып тұр (11) (Криминологтар жылдан-жылға терактілер жақсы ұйымдастырылып, соңғы техниканы, қаруды, байланыс жүйесін қолданатындығын атап көрсетеді.

Терроризм наркобизнеспен және басқа қылмысты құбылыстармен тығыз байланысып, біртұтас болып барады. Радикальдық элементтер қолдарына финанс құралдарын шоғырландырған сайын терроризм қаупі өсе түседі. Планетаның бай адамдары террористік ұйымдардың спонсорлары, жақтаушыларына айналады. Соның нақты дәлелі -араб миллиардері Усама бен Ладен. Олар Жер шарының қай жерінде болса да, қандай масштабта болса да қаржыландыруға дайын. Соғыс қимылдарынан кейін профессионалдар-боевиктердің көп мөлшерде пайда болуы өте қауіпті екенін Шешенстан тәжірибесі көрсетсе де, Таяу Шығыс, Ауғаныстан, Босния, Тәжікстан, Косова сияқты "отты" жерлерде осы қайталанып отыр. Олар ақша үшін кез келген елге, обьектіге, ұлтқа қарсы теракті жасауға әзір.

Өзінің мәні жағынан халықаралық қылмыс болып табылатын терроризм актілері халықаралық құқық тәртіптеріне түзей алмаитындай нұқсан келтіреді. Осы жағдай дүние жүзі мемлекеттерінің аймақгар масштабында бірігіп күш жүмылдыруын талап етеді. Қазіргі халықаралық право универсиальды және регионалдық сипатта бірқатар халықаралық конвенция қабылдады. Осылардың негізінде халықаралық терроризмге қарсы күресте мемлекеттердің өзара ынтымақтасуы құқықтық реттелген. II- дүниежүзілік соғыс алдында Ұлттар Лигасы эгидасымен терроризмді болдырмау және террористік әрекеттер үшін жазалау Конвенциясы мен Халықаралық сот (1937ж.) құру туралы Конвенция жасалған болатын. Бұл құжаттар қабылданып, жүзеге аспаса да, халықаралық -құқық нормаларды үйлестіру қажет екендігі туралы жалпы ұғым қалыптасты.

Универсиальды сипаттағы актілерге жататындар: 1963 жылғы қылмыстар және басқа актілер жөніндегі Конвенция; 1970 жылғы азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерге қарсы күрес туралы Конвенция; 1988 жылғы теңіз кеме кәсіпшілігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы Конвенция; 1979 жылғы аманаттар басып алумен күресу туралы Конвенция; 1980 жылғы ядролық материалдарды физикалық қорғау туралы Конвенция; 1973 жылғы адамдарға қарсы қылмысты болдырмау және халықаралық қорғауды пайдаланытын дипломатиялық агенттерді жазалау жөніндегі Конвенция; 1976 жылғы терроризммен күрестуралы Европалық конвенция; 1979 жылғы терроризмге қарсы Европалық конвенцияны қолдану жөніндегі Дублин келісімі. Халықаралық Қауымдастық терроризмді қандай жағдайда көрініс берсе де айыптайды. 1985 жылы 9 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осы мәселе бойынша декларация қабылдады. Ал 1994 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-шы сессиясы халықаралык терроризмнің жолын кесу шаралары жөніндегі Декларациясында, қалың көпшіліктің арасында террорлық атмосфера туғызатын қылмыстық әрекеттерді идеологиялық та, нәсілдік те, этникалық та, діни де мотивтердің ешқайсысы ақтай алмайды деп атап көрсетті (12). Галифаксте өткен "жетеудің" кездеуінде, оған Ресейде қатысқан, терроризммен күресте жан-жақгы ынтымақтасудың нақты шаралары туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес 1995 жылы 12 желтоқсанда Оттавада "жетілік" елдерінің сыртқы саясат пен кұқык органдарының басшыларының конференциясы өткізілді. Онда терроризмге қарсы күресте осы елдердің саяси міндеттері анықталған Қорытынды декларация қабылданды (13).

Қазіргі терроризммен күрес дүниежүзілік қауымдастық бірлігіне сүйенген ғаламдық болуға тиіс. Осы жағдайды әлемнің алдыңғы қатарлы саясаткерлері мен талдаушылары мойындап отыр. Көптеген елдер басшыларының, оның ішінде Ресей де бар, Египетте 1996 жылы 13 наурызда өткен кездесуінде терроризмге қарсы халықаралык бірлесу айқын көрініс тапты. Терроризмге қарсы күресуге қатысушылар мен бақылаушылардың көпшілігі "Интерпол" тәрізді халықаралық терроризмге қарсы арнайы күштер құру қажет деп қазіргі терроризмде ұйымдасқан қылмыстың барлық белгілері бар. Елдегі қылмыстық заңдарға сүйене отырып, халықаралық практикада да, терористік акті жасаушыларға нацистік соғыс айыптыларына қолданылған зандарды, ережелерді қолдануға болады. Бұл террористік ұйымның немесе топтың әр мүшесі ұйымның барлық қылмысына жауап береді дегенді білдіреді. Терроризм туралы істі қарағанда оған дем берушілер, ұйымдастырушылар туралы мәселені жете тексеру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]