Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505 Кб
Скачать
☆
  1. М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясын түсіндіріңіз

Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін.Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді.Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді.Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу.Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде.

  1. Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдерін көрсетіңіз

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және әлеуметтану идеяларын қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Әлеуметтану ойы қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршыл-дық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;

2.Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев. Қазақстандағы әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1938) білім (білім беру) әлеуметтануы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады. Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдары-ның еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттûң еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді; 2) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3) ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады. Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде. Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі. Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

адам, оның әлеуметтік мәні;

білім, білім беру, ғылым;

әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;

Қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]