Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sots_ekzamen_zhauaby.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
505 Кб
Скачать
☆
  1. Қазақстанға жаһанданудың «жақсы» және «теріс» әсерін аргументтер арқылы сипаттаңыз. Қазақстандағы жаһандану процесі неден көрінетінін сипаттаңыз

Жаһандану – бүкіл әлемнің біртұтас ортақ құндылықтарға бірігуі. Жаһанданудың объективтік құрамдастарын - ғылыми-техникалық прогресті, жаңа ақпараттық, сандық, коммуникациялық технологиялар, әлемдік экономика және оның субьектілерін білмеу, көру мүмкін емес.

Адамзат баласының ойлауы нәтижесінде пайда болған жаңа сандық технологиялар, өзге елдердің мәдениетін білу арқылы рухани баю, шексіз экономикалық сауда-саттық қатынастары секілді жаһанданудың қоғамға беретін пайдалы нәрселері - таразының екінші басындағы ұлттың жастары, бет-бейнесі, рухани күші секілді түсініктерді аударып әкетіп тұр.

Әрине, ғылымның соңғы жетістіктерін пайдаланбай технологиялық жақтан артта қалуды жою мүмкін емес. Кез келген ел өзінің даму жолында ғылымның соңғы жаңалықтары- интернет, сандық технологиялар, космостық объектілерді өз экономикасының даму мүдделеріне бағыттап, барынша көңіл аударуда. Бірақ сонымен бірге дүние дамыған сайын рухани бет-бейнесін, мәдениетін, менталитетін жоғалтып алған, жоғалтуға даяр ұлт, мемлекеттер қаншама. Демек, жаһанданудың жетегінде кету. Осы орайда Қазақстанға жаһандану қауіп пе? Әрине Қазақстан жастары әлемдік даму үрдісінен сырт қала алмайды. Бұл процестен қорқып, етек-жеңімізді қымтап, озық технологияларды қолданбау күлкілі нәрсе. Салыстырмалы түрде көрші елдердегі құрбы-құрдастарымыз, замандастарымыздың интеллектуалдық деңгейін, жоғарыда айтылған үдеріске қарсы тұрар қайратына зер салайықшы (өзбек, қырғыз). Істің ақ-қарасы болатыны секілді, жаһанданудың екі жағын да таразыға салған дұрыс. Бұл процесс Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізіп, әлемнің озық елдерінің қатарына енгізуді көздесе, келесі бір жағы жастарымыздың мәдени, рухани тұрғысынан аштыққа әкелуіне, сонымен бірге ұлттық түп-тамырынан ажырап, бүгінгі батыстың түпсіз-тамырсыз, жасанды менталитетін қабылдауға, аз ұлттың бет-бейнесін жоғалтуға әкеп соқтыруда. Ашылған кіндік пен мұрындықты, сырғалы жігіттер соның айғағы.

Яғни, жаһандану процесі бүгінгі жастардың ұлттық табиғи болмысы мен ұлттық санасының жоғалуына, құруына әкеп соғуы мүмкін.

Қай уақыт, қай кезең болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өз ісін, ұлттың өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндет бүгінгі күні де қатты назар аударуды талап етеді, қажет етеді. ХХ ғасырдағы қазақ жастары ұлттық мәдениет, төл өнер, әдет-ғұрыптармен сусын қандырып, әлемде өз бейнесі мен орны бар елге айналу орнына нашақорлық, жезөкшелік пен неше түрлі атыс-шабыс, порнографиялық өнімдермен сусындап, сонымен өсуде. Бес саусақ бірдей емес, көпке топырақ шашуға да болмас.

Американдықтар өз жастарын алуан түрлі құбыжықтар, қансорғыш кейпіндегілермен тәрбиелесе, түркі халқы жас жеткіншектерін қанішер кейіпкерлермен тәрбиелемеген. Бұл нені көрсетеді? Бұл Америка деген жеке ұлттың жоқтығын, оның түп-тамыры мен менталитетінің құрамды екендігін, ұлттық нышанда еліктеп өсер бейнелердің жоқтығын айғақтайтын тағы бір дәлел. Батыстың өздері көрмейтін боевиктерімен сусындап жүрген жастардан, өсіп келе жатқан еліктегіш жеткіншек ұрпақ өзінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық өнерінен бірте-бірте қол үзіп, адамдық қасиеттерден жұрдай етіп қана қоймай, мәңгүрттікке апаратын шетелдік ұятсыз әдебиеттер, жауыздық пен қанішерліктің жастар арасында таралуын насихаттайтын туындыларға ет үйретіп, соны мәдениетке балап бауыр басып алды.

Мәдениет - біздің жастар түсінігіндегі түнгі клуб пен дискотека емес, мәдениет – салт-дәстүр, тіл, діл, тарих, музыка, әдебиет т.б. Сондықтан біз жастардың төл мәдениетті сақтап, дамытуын қадағалаған жөн. Бұл жаһандануға жұтылмаудың жалғыз амалы. Қоғамымыздың жастарының парасат биіктігі мен рухани деңгейінің мықтылығы жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ. Біліммен қаруланған, экономикасы мен демократиясы дамыған елдердің бүгінгі таңда әлемдік аренада өз мәдениетін, тілі мен ділін сақтап қалғанын, жаһандануға қарсы тұрарлық қайраты бар екенін өз көзімізбен көріп, куә болып отырмыз. Бұның сыры аталмыш өз әдет – ғұрпын сақтауға тырысқан өркениетті елдерде жастарына БАҚ- да көрініс табатын жаһандану сипаттарын реттеп отыру жұмысын қоғамдық кеңестер атқарады. Міне, осындай бақылау мен ұлттық рух, патриотизмді жастайынан сіңіріп, болашағына кепіл бола алатынына сенім білдіреді.

Сондықтан да бүгінгі жаһандану уақытында жастарды осындай рухани азғындаудан шығатын жолдарды қарастыру күн тәртібіне шығып отырған күрделі мәселелердің бірі. Бұл ретте ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап, аманат ретінде қалдырып кеткен жер тұтастығы, бодандық жағдайында біраз әлсіреген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дін, тіл тарихы мен руханият тұтастығы еліміз үшін, оның «қожайыны» - жастар үшін аса маңызды жауапкершілік екенін естен шығармауымыз керек.

  1. Әлеуметтік топтар құрамы уақыт өте ауысып отырады. Адамдар топтан әртүрлі себептермен кетеді, яғни тұрғылықты мекен-жайын өзгертуіне, жасына байланысты, мамандығын ауыстыруына және т.б.; олардың орнына жаңа адамдар келіп отырады. Осы өзгерістерге қарамастан әлеуметтік топтар біртұтас жүйе ретінде жұмысын тоқтатпайды. Әлеуметтік топтардың мұндай тұрақтылығы қалай түсіндіріледі? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. «Әлеуметтік топ», «әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым» ұғымдарына салыстырмалы талдау жасаңыз.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:

-ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;

- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген

Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден ж..тыс (ресми топтардың шеңберінде қалыптасатын) және әлеуметтік-психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін.Типологияның маңызды түрі шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ -мүшелерінің өзара байланысуларының жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады.Отбасы ғана емес, өзіміз құрамына кіретін басқа көптеген бастауыш және екінші топтар да біздің өмірбаянымызда маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады: құрбы-құрдастар топтары, дос-жарандар, әуесқойлар үйірмелері, спорт командалары - біз дәл осылар арқылы замандастарымыз бен отандастарымыздың кең қауымдастығында қалыптасқан дәстүрлердің, нормалардың және құндылықтардың барлығын игереміз. Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейдіӘлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда “әлеуметтік топ” ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін).Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл “белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ. Формула қысқа әрі нұсқа, бірақ түпкілікті емес. Себебі “ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.Қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады. Мұндай мәнінде “ұйым” деген сөзбен,

  1. Ф.Энгельс бойынша «Бұл отбасының түрі ер адамның билігіне негізделгендіктен балаларының ата-тегі күмән туғызбайды, ал бұл дегеніміз алдағы уақытта балалар мұрагер ретінде әкесінің мүлкін иеленуі тиіс» деген тұжырымдама айтқан болатын. Аталып отырған отбасының түрін сипаттаңыз? Қазіргі қоғамға қандай отбасының түрі сай және неліктен? Өз жауабыңызға дәлелдер келтіріңіз.

Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы). Менің ойымша аталып отырған отбасының түрі-патриархалды. Патриархат(гр. pater – әке, archo – басқару, билеу) – алғашқы қауымдық қатынастардың ең көп тараған формасы. Патриархат тұсында қоғамда, шаруашылықта, үйде, ер адамдардың рөлі үстем болды; алғашқы қауымдық кұрылыс кезінде матриархат формациясының құлдырауынан кейінгі оны ауыстырған формация.Патриархалдық отбасы - ең жақын туыстардың бірнеше ұрпағынан тұратын,бірлесе шаруашылық жүргізетін, ер адам отағасы ретінде абсолюттік билікке ие болатын отбасы.Қазіргі қоғамда патриархалды отбасы басым дегенімізбен,Бұқаралық ақпарат құралдарында отбасылық өмірді жақсы, ұнамды жағынан көрсету азайып барады. «Отбасы» сөзінің «тұрмыстық зорлық-зомбылық», «көзге шөп салу», «баласын тастап кету» сияқты ұғымдармен байланыстырылатын кезі көп-ақ. Содан да, жастарда теріс түсінік пайда болып, қорқыңқырап қалған сияқ-

ты.Көңілге қонатыны, Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қалпына келтіруге күш салу жөніндегі әңгіме жоғары мінберлерден күн құрғатпай дерлік көтеріліп жүр. Депутаттар тарапынан бір кездегі «бойдақтар салығын» қайта жаңғырту, 21 жастан бастап отбасын құруды насихаттау жөнінде ұсыныстар білдірілді.

Тарих бетіне көз жүгіртсек, неке институтын жоққа шығаруға талпынған қадамдар бірнеше рет орын алған. Кеңестер одағының «күн көсемі» Лениннің өзі бастапқыда еркін, ашық қарым-қатынасты жақтап, кейін «отбасы – мемлекет негізі» деген қағиданы енгізді емес пе? Онысы тегін емес. Қай елде болмасын, мемлекет негізін қалайтын, сенімді, тұрақты күш отбасы болып табылады. Ал, жоғарыда келтіргендей, жай ғана бірге тұратын, анда-санда жолығатын некелердің барлығының орнын, түптеп келгенде, дәстүрлі отбасы түрі басатын болады.

Отбасылық қарым-қатынас ұғымы мәнін өзгертіп, деградацияға ұшырай бастаған Америка мен Еуропа елдерінің одан ұтып отырмағаны әмбеге аян. Бір жыныстық неке, жынысын өзгерту, бірнеше мәрте ажырасу – батыстық идеологияның қол жеткізген «жеңісі» және жемісі! Жағдайдың ушыққаны соншалық, Англия мектептерінде гей-балаларға арнап бөлек әжетханалар ашыла бастаған. Оны қойып, 13 жасар Эльфи Паттен қаршадайынан әке атанғаннан кейін британдық оқу орындары жыныстық қатынасты балаларға 5 жастан бастап түсіндіру жөнінде шешім қабылдаған. Ал, керек болса! Сонда, біздің қит етсе үлгі тұтып, аузымызды ашып жүргеніміз кімдер?!

Қысқасы, неке және отбасы институтын нық қалыптастыруға маңыз беретін уақыт әлдеқашан жетті. Бүгін қимылдамасақ, ертең кеш

  1. Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Ауытқымалы мінез-құлықтың әр түрін жеке-жеке сипаттаңыз және өзара салыстырыңыз. Олардың әрқайсысы қандай әлеуметтік бақылауды қажет етеді. Өз жауабыңызға нақты дәлелдемелер беріңіз.

Ауытқымалы мінез-құлықтың үш түрін атауға болады: девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық.Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1.Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.Наша сату және тарату.Бұл алғашқы екеуінде бақылауды негізінен әлеуметтік институттар жүргізеді.

Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

жанұяда берекенің болмауы;

ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

тәрбие берудегі кемшіліктер;

өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары.Бұған бақылауды мемлекеттік құқық қорғау органдары жүргізеді.

Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық,суицид т.б. жатады.Девианттық мінез-құлықтың келесі түрі ретінде, біз – деликвентті мінез-құлықты айтуымызға болады. Яғни заңға қайшы іс-әрекеттердің барлығы немесе қылмыстар, социологияда ерекше атау алады, ол деликвентті мінез-құлық деп аталады. Құқықтық жәен моральдық нормалар олардың орындалуы мемлекеттік биліктің беделді маңызды және қатысты қарым-қатынасты реттейді. Оларды бұзу қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, және қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Құқықтық нормаларды бұзатын мінез-құлықтар, зиянды заңға қайшы болып табылады. Қоғамдық қатынасатрға шектіретін зиянның деңгейін анықтай келе әлеуметтік жиынтықатрдың, топатр мен жекеелген азаматтардың қызығушылығы, сол сияқты әлеуметтік нормалардың бұзылуының түрлерін ауытқитын мінез-құлық түрлерін ажыратуға мүмкіндік туады, оларды келесі жіктерге бөлеміз: деструктивті міенз-құлық, ол тек тұлғаның өміріне зиян тигізеді де қоғам өміріне жалпымен қабылданған моральдық нормаларға қатысы болмайды,(жинақтыылқ, фанатизм, конформизм,мазохизм), ассоциалды мінез-құлық, ол тұлғаға, әлеуметтік топтарға, қоғамға жәен әлеуметтік нормаларға қаарма-қарсы келеді (ішімгерлік,нашақорлық, өзін-өзі өлтірушілік);заңға қарсы мінез-құлықтар(қылмыс және басқа да заң бұзушылықтар.Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.Наша сату және тарату.Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлықтан өзгешелігі, девианттық мінез-құлықтың деликвенттік мінез-құлыққа қарағанда кеңірек түсінік ретінде қарастырылады. Девианттық мінез-құлық деликвентті мінез-құлықты өзінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Девиация-нормалардың кез-келген бұзушылықтарын айтамыз. Ал делинквенттік-ол тек қана қылмыстық жауапкершіліктерді алып жүретін мінез-құлық актілеріне жатады. Ауытқулардың осындай түрлерге бөлінетіндігіне қарап негізделген саясат құруға болады, ол практиканы профиалктикаға бағыттап отырады. Және де барлық аутқуларды жою емес тек қана негативті аутқуларды жоюға көмекетседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]