Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС Әдебиет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.

Ақтамберді Сарыұлы (1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, — 1768— қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені)[1] —жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. “Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.

Шығармашылығы

Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы.“Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.

Зерттеулер

Жауынгерлік поэзияның үздік үлгілері - «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Отбасар орны отаудай» толғауларытағы басқа өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорына қосылады. Әуезов «Қазақ КСР тарихының» 1-томындағы (1957) «Қазақтың ауыз әдебиеті» тарауында 18 ғасырдағы жыраулық поэзияны талдай келіп:«Ақтамберді жырау эпостық жанр ақыны еді. Өзінің толғауларында ол батырлардың ерлігі мен батылдығын таңдана жырлады» деген. Ақтамберді толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың “Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” (1942), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарына енгізілген.

2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері.Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.

Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді:«Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар.«Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.

Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі...», — дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара қцдан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы...» Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы... Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде?«Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы». Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде... Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.