Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС Әдебиет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.

1930-1960 жылдардағы әдебиет.Отызыншы жылдар ішінде біздің елімізде іске асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер қазақ поэзиясының дамуында жаңа дәуір туғызды. Поэзияның тақырыптары да, қаһармандары да жаңарып, жанрдың ішкі мүмкіншіліктері кеңейіп өсті. Сөйтіп, поэзия жаңа көркемдік-стильдік ерекшеліктерге ие бола бастады. Мұның өзі поэзияның өмірге батыл араласып, қоғамдық өзгерістерге жедел үн қосып отыруымен байланысты еді. Бұл жылдардағы поэзияның ең көрнекті тақырыптарының бірі – индустрияландыру тақырыбы болды. Ел ішінде салынып жатқан өндіріс орындары, темір жол құрылыстары, осы жолдағы табыстар мен қызу еңбек – алдымен ұшқыр өлеңнің назарына ілікті. Қазақ ақындары бұл тақырыпқа арнап көптеген өлең, поэмалар жазды. Өндіріс тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің идеялық мәні бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақырып, қалың бұқараны творчестволық еңбекке жігерлендіруге үгіттеумен байланысты болды. C.Сейфулиннің «Қалаушылар жыры», «Тоқу фабригінде», І.Жансүгіровтің «Алтын қазан», «Екпін күйі», С.Мұқановтың «Қарағанды», «Конвейер», Қ.Әбдіқадыровтың «Екпін», А.Тоқмағамбетовтың «Түрксиб түйіскенде», Т.Жароковтың «Бесжылдықтың бағасы», Ғ.Ормановтың «Шеңбер», «Мыс қала», Ә.Тәжібаевтың «Айнабұлақ», Ө.Тұрманжановтың «Байғыз» тағы басқа өлеңдері бүкіл одақтық социалистік өндірістің екпінді қарқынына үн қосу мақсатымен ғана жазылған емес, Қазақстанның индустрияландыру саласындағы жаңалықтарын нақты суреттермен бейнелеу тұрғысында да пайдалы қызмет еткен шығармалар болып табылады. І.Жансүгіров Қазақстанның кен байлығын алтын қазанға балап, соны пайдаға асырып жатқан халық күшін мадақтаса, С.Мұқанов өлеңдері ақынның Қарағандыда болған кездегі ой-сезіміне, әсерлеріне құрылады. Осындай әсер Ғ.Орманов пен Ө.Тұрманжановтың Балқаш жайлы өлеңдерінде де байқалады. А.Тоқмағамбетов пен Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаевтардың қуатты өлеңдері Түркістан – Сибирь темір жолының іске қосылуына арналған. Бұл тақырыпты әр ақын өзінше шешті. Қазақ поэзиясының отызыншы жылдар ішінде көр жырлаған тақырыптарының бірі – ауыл шаруашылығын коллективтендіру, колхоз құрылысының нығаюы, шаруалар санасындағы өзгерістерді бейнелеу болды. Сол кездегі негізгі кәсібі ауыл шаруашылығымен байланысты болған қазақ шаруаларын жаңа социалистік құрылыс жолына үндеу, жер игеру мен мал шаруашылығы саласында үздік табыстарға жетуге шақыру сияқты үгіт өлеңдер жиырмасыншы жылдардағы осы тақырыптас лириканың дәстүрін жалғастыра түсті. Сонымен бірге бірқатар ақындар ескі үгіт сарынымен кете бермей, ауыл еңбекшілерінің өміріндегі өзгерістерді, оның жан-сезімін көңіл-күйін көрсетер жаңа лирика жасады. С.Сейфулиннің «Даладағы жаңа күй», «Тракторшы», Б.Майлиннің «Коллективтің жырын айт», «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз», І.Жансүгіровтің «Егінші», «Қойшының ойы», С.Мұқановтың «Малшының мақтанышы», Ғ.Ормановтың «Темір ат», Ә.Тәжібаевтың «Қарлығаш» сияқты өлеңдері осы саладағы бірсыпыра жақсы ізденістерді танытады. Бұларда ауыл адамдарының ойлары мен істері, техниканы игеруі мен жаңа мамандыққа ие бола бастауы лирикалық жылылықпен, көркем образдармен бейнеленеді.

Сәкен Сейфуллин шығармашылығы 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы басшыларының бірі болған. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.

Ақтар көтеріліс жасап, Ақмола совдепшілерін тұтқынға алған. Сәкен Сейфуллин атаман Анненковтың «азап вагонынан», 1919 жылғы сәуірдің 3-де адмирал Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. 1920 жылғы мамырдың 7-де Ақмолаға қайтып оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болған. Осы жылғы қазанның 4-де Қазақ Кеңес Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің Бірінші Құрылтай съезі делегаты болып қатысқан, Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланған. Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық жасаған. «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, Қазақ КАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, БК(б)П Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметтерін атқарған. Осы кезде жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты.

С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді.

С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зерттеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М.Қаратаев., К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармалары туралы С.Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин» пьесасы, Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі,Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағанбетов, Қ.Бекхожин, тағы басқалардың поэмалары, Е.Ысмаиылов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, тағы басқа ғалымдардың әдеби зерттеулері, естеліктері жарық көрген. 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Алматыда атылды. 1958 жылы ақталған.

С.Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады. 1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді.