- •Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
- •2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы
- •3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері.
- •1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
- •2. Кенесары Қасымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістері.
- •1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
- •2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
- •3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.
- •1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
- •2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
- •3. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.
- •2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.
- •3. Көркем мәтінді талдау жолдары.
- •1. Бұқар жырау –қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
- •2. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары.
- •3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
- •1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2. Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3. Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1. Ағартушылық - демократтық бағыттағы ақын – жазушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
- •3. Батырлар жырын оқыту
- •1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.
- •3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.
- •2. Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары.
- •3. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
- •1. Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы.
- •3. Сабаққа қойылатын талаптар.
- •1. “Оғыз-наме” эпосы. “Оғыз-наме” эпосының зерттелуі, нұсқалары.
- •2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3. Драмалық шығармаларды оқыту.
- •1. Қазтуған жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауы.
- •2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы «Қамар сұлу» романы
- •Шығармашылығының ерекшелігі
- •Поэма жанрына қосқан үлесі
- •3. Үй тапсырмасын беру, бала білімін есепке алу, бағалау жолдары
- •2.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.
- •3.Әдебиет сабағы.Әдебиет мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері
- •1.Доспамбет – ерлік пен еркіндік жаршысы.
- •2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.
- •3.Поэма жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •1.Жыраулар әдебиетіндегі негізгі тақырып. Ел бірлігі мәселесі.
- •2.Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3.Оқулық.Оқулықпен жұмыс істеу түрлері.
- •2.Абай поэмалары, қара сөздері.
- •3.Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •1. “Қорқыт ата кітабы”.“Қорқыт ата кітабының” нұсқалары.
- •2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.
- •3. Жазба жұмыстарының орындалу тәсілі.
- •2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті
- •3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
- •2.Ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, дастандары.
- •3.Лирика мен поэманы жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •3.Әдебиет сабағында қолданатын жаңа әдіс тәсілдер.
- •1.Ертегілер. Анықтамасы. Шығу тегі. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер.
- •2.С.Сейфуллин шығармашылығы, лирикасындағы азаттық идея.
- •3.Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұхар –Абылай-заман» тақырыбы.
- •1.Батырлар жырындағы көркемдік тәсілдер. Бас қаһарман бейнесінің сомдалуы
- •2. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы
- •3.Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаттамсы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
- •3.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1. “Кодекс Куманикус”. Құрылысы, мазмұны, идеялық мәні.
- •2. Діни-ағартушылық демократтық бағыттың дамуы. Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы.
- •3. Әдебиетті оқытудың принциптері мен әдістері.
3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланылатын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де,мкңыздысы да шығарма жұмыстары. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:
1.Бала біліміне бақылау,білім деңгейін тексеру.
2.Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.
3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздену, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
4. Оқушылардың қабілеті дарынына ісер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
« Шығарма» деген сөздің негізінде « шығару» деген ұғым жатады ( Яғни, ойдан шығару, ойлап шығару).
Көркем туындыны « көркем шығарма» дейміз.
«М.Әуезовтың шығармаларын оқимыз» - деп жатады.
Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады.Бұл жұмысты мектептегң шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десен те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл оқу процесіндегі бірден-бір жеке дара орындалатын жұмыстардың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытыныдысы сол көркем туындыны не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар»деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.
Шығарма жазуда басшылыққа ал:
Таңдаған тақырыбынды әбден ойла.
Жоспардың тақырыбына байланысты нақты жасалсын.
Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын.
Пікірлердің,ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта:
А) Тақырыптан ауытқыма;
Ә) Кіріспенің тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын.
Б) Пайымдауың, дәйек сөзің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынсын.
В) Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайдаланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын
Г) Негізгі болімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта.
Д) Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазылсын. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін,соңғы пікір-жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді.
Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала дайында,ізде,оларды іріктей отырып,ең негізгісін сұрыптап ал.
Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара:
а) Сөйлемдердің тиянақты,ойлы болсын. Шұбалаңқылықтан сақтан.
ә) Әдемі айшықты сөздерді пайдалан. Бұл - шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет.
б) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралымын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады. Сонан соң керегіңді пайдаланасың. Емілелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық - шығарма үшін ең маңызды мәселе. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұқыпты жаз әрі әрбір әрпің айқын, еркін оқуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін.
5-6-сыныптарда, әсіресе, шағын шығарма - суреттеме, шығарма - сипаттама, шығарма - кескіндеме т.б. жаздыруға болады. Бұлар-көркемөнер туындылары бойынша жазылатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар.
Көлемі шағын болып келеді, бірақ нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мысалы: «Амангелді» портреті бойынша шығарма - кескіндеме жазуға болады (екеуінің негізінде). Мүсіндеме, сәулет өнері шығармаларында суреттеме, табиғат көрінісі, т.б бойынша жазылады. Мұғалім бұл тапсырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша жұмыс жүргізеді (ауызша суреттеу деген сияқты), шығармаларда қандай сөз тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады,-соған бағыт-бағдар беріледі. Бұл шығарма арқылы оқушылардың көркем тілін дамытудың бір ұтымды тәсілі-көп болып талқылау, олардың өздеріне пікір айтқызу. Мұғалім өзі тексеріп, талдау жасап келгеннен кейін, шығармаларды (қалауы бойынша)оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар аударады, өздеріне ұнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады. Шығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жұмыс түрлері де бар. Екеуін де тиімді, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім көп нәрсені ұтпақ. Бұл әдістерді жоғары сыныптарда пайдалану дұрыс. 5-6-сыныптарда еркін тақырыпта («Менің сүйікті кітабым», «Ардақтайық та құрметтейік Ананы!»,т.б), 5-7-сыныптарға өздері оқып жатқан көркем туындылардың жанрына байланысты жазуларына болады. Мысалы, ертегілерді оқып болған соң, өз қалаулары бойынша ертегі, мысал, әңгіме (қарасөзбен) жаздыру, пікір жаздыру сияқты, т.б. іздендіру. Біріншіден, мұндай шығармалар балалардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілеті, дарынына әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5-7-сыныптарда өздері оқып жатқан әдеби тақырыптарға жазылатын шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар:
І. Мұндай шығармалар өздері оқыған бір көркем туындыны негізге алады. Сыныпты, ондағы балалардың жасын ескере отырып, мұғалім жазатын тақырыпты ойластырады, ауыр-жеңілін сұрыптайды. Кейде бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып береді. Бұл өте тиімді. Бір ғана тақырыпқа қамап қою оқушының мүмкіндігін, тіпті ынтасын, дарынын тежейді. Шығарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі-оқушының өз қалауы, өз тілегін ескеру болып табылады. Зорлап тану немесе сес көрсету, әсіресе, шығарма сияқты күрделі жұмысқа, шығармашылық жұмысқа келмейтін нәрсе. Шығармаға баулу үкіні желпіндіріп, қыран баптағанмен бірдей. Мысалы, 5-сыныпта «Керқұла атты Кендебай» атты ертегісіне мынандай тақырыптар ұсынуға болады: «Кендебай – сүйікті ертегім», «Кендебай жеңісі - әділеттің жеңісі». «Кендебайдың мен сүйетін мінездері» т.с.с. Сондай-ақ «Бай баласы мен жарлы баласына»: «Асанның өзіме ұнамайтын іс-әрекеті», «Үсеннің тапқырлығы», «Жарлы баласы бай баласын қалай асырады?» т.с.с.
ІІ. Қай тақырыпқа қай жанрға шығарма жазылсын, мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргізуі керек. Қарапайым шығарамадан күрделіге қарай бірте-бірте баулу керек. Мысалы, 5-6- сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, не ақын жазушы стиліне шығарма жаздыру дұрыс емес, себебі олардың әдеби туындыларды талдауды талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.
Ғылым- әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс-тәжірибесі бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры-ел тағдыры», «Жариялылық-бақыттың басы».
2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады.
3. Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгімелеріндегі деталь, штрихтың маңызы».
4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар:
а)Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сараның айтысы.
ә) «Абай жолы»эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.
б) Бақтығұл қылмыскер ме,әлде әділдік іздеуші ме? т.б
Мысалы,соңғы шығарма тақырыбы жаттандылықтан сақтандырады. Әдетте мектептерде әдеби кейіпкерлерге мінездеме көптеп жазылады: «Үсенге мінездеме» немесе «Абай бейнесі»дегендей. Ал бұл шығарма тақырыбы Бақтұғыл бейнесі, іс-әрекеттің маңызы,басты мәселелерін ғана назарға алып тұр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздыруға оның ең негізгі мәселесі сөзге арқау болуы керек. Нақтылық,тұжырымды, ойын дәлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен дұрыс.
№ 20 БИЛЕТ
1.Махмұт Қашқари. “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегі. Еңбектің зерттелуі, құрылысы мен мазмұны.(Келімбетовтан қарау керек)
Диуану лұғат-ит-түрк - Қашғарлы Махмұд 1072-1074 ж Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921)қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзініңтүркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Түркі тайпаларының қоныстануын және көршілес басқа халықтардың орналасуын көрсететін сөздіктегі карта.
Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.
Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы
Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен.
"Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.
