Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС Әдебиет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.

Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы – 1780, сонда) – ақын, жырау. Абылай ханныңақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары (“Қамыстың басы майда, түбі сайда”, “Кебеже қарын, кең құрсақ”, т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты. Өткір мінезді Тәтіқара ел билеген ханның осал жақтарын сынап, батыр-бектердің кемшін тұстарын беттеріне айтып отырған. “Кеше тоқыраулы судың бойында” атты толғауында ол “Ат құйрығын күзеңдер, Аллалап атқа мініңдер, Ханталау қылып алыңдар” деп халықты күреске шақырады. Бұдан кейін Абылай мен ақын арасы алшақтап, Тәтіқара сарайдан біржола қуылады. Жасы ұлғая келе жағдайы ауырлап, жоқшылық көреді. Алайда ақын қиыншылыққа мойымаған, ханға бас имеген.Бұған көңілін сұрай келген билерге айтқан “Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар” дейтін жыры дәлел.

2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (13 сәуір (26 сәуір) 1900, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18 сәуір 1973, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1936-1937 және 1943-1952жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы.

Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.

Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.

Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.

Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының төрағасы болып қызмет атқарады.1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.

С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.

1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды.1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.

Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі.

Екінші Дүниежүзілік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды.

«Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек онымен біткен жоқ. Аманкелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Россиядағы жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды. Сәбит Мұқановтың «Ботагөзінде» 16 жылғы көтерілістің осы жағы дұрыс көрсетіліп, шығарманың идеялық мазмұнын күшейте түсті.

Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді.

Романда бұрын үстем болып келген тап өкілдері Итбай, Мадияр, Сарбас, Құзғынбаев, Кулаковтар революция толқынына бөгет болмақ боп қанша әрекеттенсе де, кейде жанға батыра жара салса да, ақыры күйреумен тынады. Ұлы Октябрь революциясының Россия топырағындағы жеңістерінің тарихын еске алсақ, романдағы ерлік күрес, өжет қимылдардың өмірде дәл солай болғанына шәк келтірмейсің.

Романның «Ботагөз» атануы да кездейсоқ емес.

Революцияның алғашқы кезінде орысша оқып, сауатын ашқан қазақ қыздарының жалпы бостандық-теңдік, әсіресе өз жынысының теңдігі жолында аянбай іс істеп, белсене күреске араласқандары аз емес. Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиевалар - Ботагөздің прообраздары. Ботагөз революцияға, оның жолында күресушілерге табиғи түрде, өмір толқынының айдауымен келіп араласады. Ой-санасы біртіндеп өседі. Ботагөз - жаңа дәуірдегі қазақ қызының ұнамды образы. Сондықтан да ол - жастар үшін үлгі, сүйкімді қаһарманның бірі.

Жалпы образ туралы сөз еткенде Сәбит Мұқанов жасаған адам бейнелерінің ішінде оқушыларының өмір тануы үшін керегі, үлгі аларлығы аз емес. Өзінің көлемді романдарында Сәбит Мұқанов ұнамды, ұнамсыз образдардың әр алуан түрлерін жасады. Және олар бірін-бірі қайталамайды. Мысалы, Қасқырбай, Түлкібай - түсін өзгерткіш құм кесірткесіндей, қолдарынан күш кеткен кездегі үстем таптан шыққан алаяқ қу. Итбай - Қасқырбайдан гөрі әлеумет өміріне араласқан, байлық пен билікті тең ұстауға әрекеттенетін жуандардың типі десек, Әбеудің одан анағұрлым мойны озық, өз табының тілек-мүддесін терең сезініп, ішіне мұз боп қатқан кегін қалай болса да қарсы таптан қайыруды өмір идеалы еткен, ол жолда қандай жауыздықтың болсын, беті шірмікпейтін қара жүректіктің үстіне қаныпезер адам. Керекті жерінде ол міз бақпай батыл қимылдайды. Сәбит Мұқанов жасаған бұл образдар бір жағынан сол кездегі совет өкіметіне әр алуан жолдармен күресушілердің қандай болғандығын танытса, екінші жағынан олардың жаулық іс-әрекеттерінің әдістерін де оқушыларына аңғартады.

Сұлушаш - поэма. Сәбит Мұқановтың 1928 жылы драмалық оқиғаға құрылған поэмасы.

Қысқаша мазмұны

Поэмада қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздік көрген қорлығы , әсіресе адамның бас бостандығы жоқтығы суреттелген. Туындының бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегіне құрылған. Яғни осы екі жастың сүйіспеншілігі , бір - біріне деген махаббаты жырланады. Поэма Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Бұл екеуінің бірін - бірі жан - тәнімен жақсы көрген , бар жүрек лүпілімен бір - біріне ұмтылған адал , албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай — байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық, наразылық ерте оянады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені бірі—байдың қызы, бірі— құл мен күңнің баласы. Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде , ашығьш-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады.Алтайды сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып , азапта өледі. Ақын халық арасындағы аңызды алып , екі жастың орындалмаған арманын суреттейді. Сонымен қатар қазақ даласындағы өткен әділетсіздікті әшкерелейді. Кіршіксіз таза екі жанның арманына жете алмай, қыршын кетуі шынайы баяндалады.

Шығарма кейіпкерлері

  • Сұлушаш - Тілеуберді деген байдың қызы. Өте сұлу да сымбатты , ақылды қыз.Оның бойынан қайсарлықты , табандылықты байқауға болады. Жаны таза , махаббатына берілген қыз.

  • Алтай - Сұлушаштың сүйген жігіті. Еңбекке жастайынан шыныққан жас жылқышы. Батыл ,ержүрек жігіт.

  • Тілеуберді - Сұлушаштың әкесі.

  • Ермек - Алтайдың інісі.

  • Ырысты

  • Байбосын

  • Алтынай