- •Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
- •2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы
- •3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері.
- •1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
- •2. Кенесары Қасымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістері.
- •1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
- •2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
- •3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.
- •1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
- •2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
- •3. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.
- •2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.
- •3. Көркем мәтінді талдау жолдары.
- •1. Бұқар жырау –қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
- •2. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары.
- •3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
- •1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2. Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3. Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1. Ағартушылық - демократтық бағыттағы ақын – жазушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
- •3. Батырлар жырын оқыту
- •1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.
- •3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.
- •2. Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары.
- •3. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
- •1. Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы.
- •3. Сабаққа қойылатын талаптар.
- •1. “Оғыз-наме” эпосы. “Оғыз-наме” эпосының зерттелуі, нұсқалары.
- •2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3. Драмалық шығармаларды оқыту.
- •1. Қазтуған жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауы.
- •2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы «Қамар сұлу» романы
- •Шығармашылығының ерекшелігі
- •Поэма жанрына қосқан үлесі
- •3. Үй тапсырмасын беру, бала білімін есепке алу, бағалау жолдары
- •2.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.
- •3.Әдебиет сабағы.Әдебиет мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері
- •1.Доспамбет – ерлік пен еркіндік жаршысы.
- •2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.
- •3.Поэма жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •1.Жыраулар әдебиетіндегі негізгі тақырып. Ел бірлігі мәселесі.
- •2.Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3.Оқулық.Оқулықпен жұмыс істеу түрлері.
- •2.Абай поэмалары, қара сөздері.
- •3.Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •1. “Қорқыт ата кітабы”.“Қорқыт ата кітабының” нұсқалары.
- •2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.
- •3. Жазба жұмыстарының орындалу тәсілі.
- •2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті
- •3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
- •2.Ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, дастандары.
- •3.Лирика мен поэманы жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •3.Әдебиет сабағында қолданатын жаңа әдіс тәсілдер.
- •1.Ертегілер. Анықтамасы. Шығу тегі. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер.
- •2.С.Сейфуллин шығармашылығы, лирикасындағы азаттық идея.
- •3.Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұхар –Абылай-заман» тақырыбы.
- •1.Батырлар жырындағы көркемдік тәсілдер. Бас қаһарман бейнесінің сомдалуы
- •2. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы
- •3.Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаттамсы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
- •3.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1. “Кодекс Куманикус”. Құрылысы, мазмұны, идеялық мәні.
- •2. Діни-ағартушылық демократтық бағыттың дамуы. Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы.
- •3. Әдебиетті оқытудың принциптері мен әдістері.
3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) - өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы.
Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.
Қазақ әдебиетінде көркем очерктер Ш.Уәлихановтың сапарнамалық очерктерінен басталады (мыс., “Жоңғария очерктері”, “Ыстықкөл сапарының жазбалары”, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқановтардың көркем очерктері). Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры кеңестік дәуірде дамыды (Ғ.Мүсіреповтің ана туралы новеллалары). Эпостық жанрдың шағын түріне жататын әңгіме жанрында қазақ қаламгерлері жемісті еңбек етті. Әуезовтің “Қорғансыздың күні” (1921), “Қыр әңгімелері” (1925), “Қаралы сұлу” (1925) әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бұл жанрды еур. биікке көтерді. Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, т.б. бұл жанрда өндіре жазды. Эпостық орта көлемдегі түрі – повесть қазақ әдебиетінде шынайы көркемділікпен игерілді. Қазақ повестерінің классик. үлгілері ретінде Әуезовтің “Қилы заман” (1928) және “Қараш-қараш оқиғасы” (1928) повестерін атауға болады. С.Сейфуллиннің “Жер қазғандары” (1928) қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына арналған тұңғыш повесть. Эпостық шығармалардың поэзиялық жанрына эпикалық поэмалар жатады. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары эпик.-филос. поэманың классик. үлгілері болса,Шәкерім Құдайбердіұлының “Жолсыз жаза”, Мағауия Абайұлының “Медғат – Қасым”, Әбдірахман Абайұлының “Дағыстаны” романтик. сипаттағы эпик. поэмалар қатарынан орын алады. С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір” поэмалары реалистік поэмалардың озық үлгілері. Кеңестік дәуірде Сейфуллин, І.Жансүгіров поэмалары бұл жанрды сапалық жаңа биікке көтерді. Эпостық шығарманың мол мүмкіндігін толық танытатын жанр – роман. Бұл жанрда жазылған С.Көбеевтің “Қалың малы” (1912) қазақ романдарының төл басы болып есептеледі. Кеңестік дәуірдегі алғашқы қазақ романдары қатарында 20-жылдары жазылған Ж.Аймауытовтың “Қартқожа”, “Ақбілек”, “Күнікейдің күнәсі”, Сейфуллиннің тарихи-мемуарлық “Тар жол, тайғақ кешу” (1927), Мұқановтың “Адасқандар” (1928), Жансүгіровтің “Жолдастар” (1935) романдарын атауға болады. Қазақ әдебиетінің дамуы барысында роман жанры сан алуан қырынан дамыды. Соның нәтижесінде қазақ романының тарихи (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), тарихи биограф. (Мұқанов, “Аққан жұлдыз”, Шерхан Мұртаза, “Қызыл жебе”), тарихи (І.Есенберлин, “Көшпенділер”, М.Мағауин, “Аласапыран”; Ә.Кекілбаев, “Үркер”; С.Сматаев “Елім-ай”; Ә.Әлімжанов, “Жазушы”), тарихи-филос. (Кекілбаев, “Аңыздың ақыры”), әлеум.-психол. (Әуезов, “Өскен өркен”), роман-хроника (Есерберлин, “Алтын Орда”), роман-новелла (Ә.Нұршайықов, “Ақиқат пен аңыз”), публицистик. (Әлімжанов, “Көгілдір таулар”), роман-эссе (Қ.Салғарин, “Алтын тамыр”) түрлері дүниеге келді. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы қазақ әдебиетіндегі Эпостық жанрдың жеткен биігін әлем әдебиетінде айқын танытты. 2) Ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін генеол. тұрғыдан, эпик. сипатта жан-жақты суреттейтін жанрлар тобы. Қазақ ауыз әдебиетінде бұл жанрдағы шығармалар мейлінше мол ұшырасады. Оларды төмендегідей топтарға жіктеуге болады. Қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар.
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармаларөлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтынЛирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбеттолғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімінжыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
Махаббат Лирикасы
Көңіл күй Лирикасы
Табиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері -арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиеттекең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар.
Драма– (гр. dramo — әрекет) —
1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуіріндеАнглия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Джордж Байрон, Александр Александрович Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.
Драма — көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі. Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар өлең түрінде де, қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді. Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны катарсис, яғни күйіне отырып күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр;
2) Драмалық шығармалардың бір жанры (қ. Драматургия). Трагедия бас кейіпкер әрекетінің азаппен аяқталуын көрсетуге, комедия адам қылығы мен әлеум. өмірдегі келеңсіз көріністерді әжуалауға құрылса, драма адамдар мүдделері арасындағы қақтығыс, шиеленіскен тартысқа құрылады. Осы қақтығыстың сипатына, әлеум. мән-маңызына байланысты зерттеушілер қазіргі қазақ драмаларын қаҝармандық драма (мысалы, Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобландысы, 1945; Сәкен Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлары”, 1922, т.б.), саяси-әлеуметтік драма (мысалы, Әуезовтің “Еңлік — Кебегі”, 1917, т.б.), тарихи-ғұмырнамалық драма (мысалы, Әуезовтің “Абайы”, 1950; Мүсіреповтің “Ақан Сері — Ақтоқтысы”, 1972, т.б.) деп бөліп жүр.
№ 7 БИЛЕТ
