- •Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
- •2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы
- •3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері.
- •1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
- •2. Кенесары Қасымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістері.
- •1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
- •2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
- •3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.
- •1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
- •2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
- •3. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.
- •2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.
- •3. Көркем мәтінді талдау жолдары.
- •1. Бұқар жырау –қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
- •2. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары.
- •3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
- •1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2. Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3. Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1. Ағартушылық - демократтық бағыттағы ақын – жазушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
- •3. Батырлар жырын оқыту
- •1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.
- •3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.
- •2. Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары.
- •3. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
- •1. Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы.
- •3. Сабаққа қойылатын талаптар.
- •1. “Оғыз-наме” эпосы. “Оғыз-наме” эпосының зерттелуі, нұсқалары.
- •2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3. Драмалық шығармаларды оқыту.
- •1. Қазтуған жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауы.
- •2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы «Қамар сұлу» романы
- •Шығармашылығының ерекшелігі
- •Поэма жанрына қосқан үлесі
- •3. Үй тапсырмасын беру, бала білімін есепке алу, бағалау жолдары
- •2.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.
- •3.Әдебиет сабағы.Әдебиет мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері
- •1.Доспамбет – ерлік пен еркіндік жаршысы.
- •2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.
- •3.Поэма жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •1.Жыраулар әдебиетіндегі негізгі тақырып. Ел бірлігі мәселесі.
- •2.Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3.Оқулық.Оқулықпен жұмыс істеу түрлері.
- •2.Абай поэмалары, қара сөздері.
- •3.Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •1. “Қорқыт ата кітабы”.“Қорқыт ата кітабының” нұсқалары.
- •2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.
- •3. Жазба жұмыстарының орындалу тәсілі.
- •2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті
- •3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
- •2.Ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, дастандары.
- •3.Лирика мен поэманы жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •3.Әдебиет сабағында қолданатын жаңа әдіс тәсілдер.
- •1.Ертегілер. Анықтамасы. Шығу тегі. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер.
- •2.С.Сейфуллин шығармашылығы, лирикасындағы азаттық идея.
- •3.Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұхар –Абылай-заман» тақырыбы.
- •1.Батырлар жырындағы көркемдік тәсілдер. Бас қаһарман бейнесінің сомдалуы
- •2. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы
- •3.Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаттамсы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
- •3.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1. “Кодекс Куманикус”. Құрылысы, мазмұны, идеялық мәні.
- •2. Діни-ағартушылық демократтық бағыттың дамуы. Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы.
- •3. Әдебиетті оқытудың принциптері мен әдістері.
1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.
Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыданбастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ. Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер,аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлықсипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты. В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.
“Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[13] Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды.
М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б.
