- •Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері.
- •2. Исатай қозғалысы, Махамбет Өтемісұлы және оның шығармашылығы
- •3. Оқу процесін ұйымдастыру. Сабақ оның түрлері.
- •1. Фольклордың жанрлары.Фольклордың тарихилығы, поэтикасы.
- •2. Кенесары Қасымов қозғалысының әдебиеттегі көрінісі.
- •3. Әдебиетті оқыту әдістері.
- •1. Ауыз әдебиеті шығармаларының көркемдік ерекшеліктері және тәрбиелік маңызы.
- •2. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.
- •3. Әдеби шығармаларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескерту.
- •1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
- •2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
- •3. Көркем шығарманы оқыту мен талдаудың тәсілдері бағыттары, кезеңдері.
- •1. Ақтамберді жыраудың мұрасы.
- •2. Абай Құнанбаев шығармашылығы. Абай лирикасы.
- •3. Көркем мәтінді талдау жолдары.
- •1. Бұқар жырау –қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.
- •2. Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығы. «Қарағанды», «Миллионер» романдары.
- •3. Жанр түрлерін таныту.Эпос.Лирика.Драма.
- •1. Үмбетей жыраудың ел бірлігі, ерлік тақырыбындағы жырлары.
- •2. Ғабит Мүсіреповтің патриоттық тақырыптағы төл туындысы – «Қазақ солдаты» хикаясын жазуы.
- •3. Эпикалық шығармаларды оқыту.
- •1. Ағартушылық - демократтық бағыттағы ақын – жазушылар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
- •3. Батырлар жырын оқыту
- •1. Тәтіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» толғауы.
- •2. Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы. «Ботагөз», «Сұлушаш», романдары.
- •3. Әдебиет сабағында жүргізілетін тіл ұстарту жұмыстары.
- •1.Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағаның хан Тұрсын» толғауы.
- •2. Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, әңгімелері,драмалары.
- •3. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері.
- •1. Асан қайғы толғаулары және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. Спандияр Көбеев ағартушылық, оқытушылық қызметі. «Қалың мал» романы.
- •3. Сабаққа қойылатын талаптар.
- •1. “Оғыз-наме” эпосы. “Оғыз-наме” эпосының зерттелуі, нұсқалары.
- •2. Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3. Драмалық шығармаларды оқыту.
- •1. Қазтуған жыраудың «Бұдырайған екі шекелі» толғауы.
- •2. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы «Қамар сұлу» романы
- •Шығармашылығының ерекшелігі
- •Поэма жанрына қосқан үлесі
- •3. Үй тапсырмасын беру, бала білімін есепке алу, бағалау жолдары
- •2.М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері.
- •3.Әдебиет сабағы.Әдебиет мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері
- •1.Доспамбет – ерлік пен еркіндік жаршысы.
- •2.1930-1960 Жылдардағы әдебиет.Сәкен Сейфуллин шығармашылығы.
- •3.Поэма жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •1.Жыраулар әдебиетіндегі негізгі тақырып. Ел бірлігі мәселесі.
- •2.Ахмет Байтұрсыновтың өмір, шығармашылығы. Аудармалары. «Қырық мысал» жинағы.
- •3.Оқулық.Оқулықпен жұмыс істеу түрлері.
- •2.Абай поэмалары, қара сөздері.
- •3.Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары.
- •1. “Қорқыт ата кітабы”.“Қорқыт ата кітабының” нұсқалары.
- •2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі мен шығармашылығы, сатиралық бағыттағы еңбектері.
- •3. Жазба жұмыстарының орындалу тәсілі.
- •2. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті
- •3. Шығарма, оған қойылатын талаптар. Шығарманың негізгі түрлері.
- •2.Ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны мен шығармашылығы, дастандары.
- •3.Лирика мен поэманы жанры,оның түрлерін,көркемдік жүйесін таныту.
- •3.Әдебиет сабағында қолданатын жаңа әдіс тәсілдер.
- •1.Ертегілер. Анықтамасы. Шығу тегі. Жануарлар туралы ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер.
- •2.С.Сейфуллин шығармашылығы, лирикасындағы азаттық идея.
- •3.Жыраулар поэзиясын оқыту. «Бұхар –Абылай-заман» тақырыбы.
- •1.Батырлар жырындағы көркемдік тәсілдер. Бас қаһарман бейнесінің сомдалуы
- •2. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы
- •3.Сабақ үлгілері мен түрлерінде тіл дамыту, сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары.
- •1.Айтыс. Зерттелу тарихы. Жанрлық сипаттамсы. Айтыстың мазмұны мен тақырыбы.
- •2.Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.
- •3.Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына талдау жасау.
- •1. “Кодекс Куманикус”. Құрылысы, мазмұны, идеялық мәні.
- •2. Діни-ағартушылық демократтық бағыттың дамуы. Нұржан Наушабаев өмірі мен шығармашылығы.
- •3. Әдебиетті оқытудың принциптері мен әдістері.
1. Жиембет әрі батыр, әрі жырау.
Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. Жиембет алған бетінен қайтпайтын қайсар, бірбеткей, өжет адам болған. Хан-әкімдерге бас имей, айтарын батыл да ашық айтқан, бас кетер деп тіл тартпаған. Жиембет толғауларынан жыраудың ерлік істері мен өрлік мінезі, ерен батырлығы мен қайтпас қайсарлығы айқын көрінеді. Мысалы,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайындай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре мен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайыңдай, –
деп, жолбарыс пен аюдай, асау тайындай, бекіре мен жайындай, қарағай мен қайыңдайдеген теңеу сөздерді пайдалана отырып, өзінің асқақ бейнесін жасаған.
16 жасынан хандар, билер,батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Жиембет бидің Есім ханмен бұл достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсарөжет би Есім ханның кейбір озбыр жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейді. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды. Мұны білген хан оның соңына түсіп, куғынға салады. Жиембет жыраудың «Әмірің қатты Есім хан», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Қол-аяғым бұғауда», «Басы саудың түгел-дүр» деген толғаулары бар.
2. Ыбырай Алтынсарин – педагог, ағартушы, аудармашы.Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ағартушылық еңбегі. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады. Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып абайсыз да бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көріп: - Әй түлкі батыр, неғылып тұрсың? - депті. Түлкі айтты: - Ой неғыласын, батыр, жаным рахат тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,- деді. Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға түскенде, түлкі-екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді.
Бақша ағаштары
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. - Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы. - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы. - Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
