Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция КАЗ.ФОӘ.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367 Кб
Скачать
☆

2.Физика сабақтарының түрлері мен құрылымы.

Мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Мұның негізін салған атақты чех педагогы Я.А.Коменский.Бұл соңғы 4 ғасыр ішіндегі ашылған ең ірі , әрі маңызды педагогикалық жаңалық болып табылады.

Оқыту формасы ретінде сабақтың өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар: кластағы оқушылардың жасы бірдей ,саны тұрақты , сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өтеді, сабақта әртүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдануға мүмкіндік бар, оқытудың сабақтық жүйесі оқушылардың сабақты меңгеруіне жақсы жағдай туғызады, әртүрлі пәндер өтіліп , оқушыларды жалықтырмайды , оқушылардың тәртібін түзеуге мүмкіндік туады.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлері бар:

1)жаңа оқу материалын түсіндіру

2)лабораториялық сабақ

3)есеп шығару

4)қайталау және қорытындылау

5)оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру

6)оқушыларды экскурсияға дайындау

7)бақылау жұмыс алу немесе оқушылардың білімін тексеру

8 )барлық мақсат біріктіріліп қойылған кешенді (комплексті) сабақ

Сабақтың мұнда жеке дара күйінде өькізілуі өте сирек кездеседі, көп жағдайда 3-5 түрлерінің элементтері бір сабақта қолданылатын “аралас” сабақтары болады.

Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдық өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мектепте оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі.

Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізілетіндігімен анықталады.

Сондықтан тиімді жасалған жоспар – тиімді өткен сабақ болып табылады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей:

  1. Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады.

  1. Сабақтың тақырыбы.

  2. Сабақтың мақсаты.

  3. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері.

  4. Сабақтың мазмұны.

  5. Оқыту әдіс-тәсілдері.

  6. Сабақ құралдары.

  7. Үй тапсырмасы.

  8. Қорытынды, сабақтың аяқталуы.

Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі – оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады.

Сабақтың әрбір құрамды болуына немесе дидактикалық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буындары мен мазмұны ашып көрсетіледі.

Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдастыруға қолайлы жағдай туғызады.

Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі.

Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу-әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б.) және оны пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны – үй тапсырмасын беру.

Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс.

Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсатқа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.

Лекция 4