- •Лекция № 1 – 2 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі(фоә) – педагогикалық ғылым.Оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.Физиканы мектепте оқытудың негізгі міндеттері
- •Оқу материалын күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау
- •2.Физика сабақтарының түрлері мен құрылымы.
- •Физика сабактарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттерді, плакаттарды, кестелерді, диапозитивтерді, диафильмдерді және түрлі модельдерді пайдалану
- •Лекция № 6
- •Лекция №7 Жаңа педагогикалық технологиялар
- •Лекция №8 Оқытудың ақпараттық технологиялары және физиканы оқытудың негізгі сатысы
- •4.Кластан тыс эксперименттік маңызы және оны ұйымдастыру тәсілдері.
- •Лекция № 10 Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемесі
- •3.Лабораториялық эксперименттің маңызы және түрлері.
- •Лекция № 11 Физика бойыгша зертханалық сабақтар
- •Лекция № 12 Физикалық есептерді шығару.
- •Лекция № 14-15 Физика бойынша өтілетін экскурсиялар,факультативтік курстар.
- •Лекция № 1.Заттың құрылысы туралы бастапқы мағлұматтар. Қозғалыс-күштер
- •Молекула туралы дәлелді қалыптастырудың кезеңдері.
- •Молекула туралы алғашқы ұғымдарды түсіндірудің әдістемесі.
- •Масса , күш , салмақ ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі. Ұғымдарды методологиялық тұрғыдан талдау.
- •Лекция № 3 Атом құрылысы және электростатика элементтері
- •Лекция № 6 Денелердің қозғалыстары мен өзара әсерлесу заңдылықтары
- •Үйкеліс күштері. Сырғанау үйкеліс күші. Домалау үйкеліс күші. Тыныштық үйкеліс күші.
- •Лекция № 7 Механикалық тербелістер мен толқындар
- •Резерфорд моделі.
- •Лекция № 9 Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі
- •Лекция № 10 Мектеп курсындағы молекулалақ физика және оны оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция №11 Термодинамика сұрақтарын оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция № 12-13 Мектеп курсындағы «Электродинамика» негіздерін оқыту әдістемесі
Физика сабактарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттерді, плакаттарды, кестелерді, диапозитивтерді, диафильмдерді және түрлі модельдерді пайдалану
Физикадан ойдағыдай сабақ беру үшін тек қана тәжірибелерді демонстрациялау, практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау ғана қажет емес, сонымен бірге сабактарда түрлі көрнекі құралдарды қолдану қажет. Көрнекі құралдар оқушыларда қажетті құбылыстардың, машина мен приборлардың бейнесін, ойлау белсенділігін тудырады, оқып үйренілгендерге зейін қойып ықылас аударуға, материалды жақсы меңгеруге атсалысып, оқу процесін жандандырады.
Физиканы оқып үйрену кезінде көбінесе құбылыстың өзін емес, осы құбылыстардан туатын әрекеттерді бақылауға тура келеді: кейбір приборлар күрделі болып, ал олардың ішкі бөліктері нашар көрінеді не мүлдем көрінбейді. Көптеген құбылыстарды және олардың техникалық қолдануларын өз қалпында көрсетуге тіпті де болмайды. Осының бәрі де көрнекі құралдарды пайдалануды қажет етеді. Көрнекі құралдарға көлемдік құралдар жатады (модельдер , коллекциялар, макеттер); графикалық көрнекі құралдар (таблицалар, плакаттар, монтаждар, диаграммалар, графиктер); суреттер және сынып тақтасындағы чертеждар (сызбалар); диа және эпипроекциялар; кинопроекциялар жатады.
Таблицалар, плакаттар оқушыларды күрделі приборлардың құрылысымен, машиналар мен техникалық құрылыстардың жұмысымен және сыртқы пішінімен таныстыру үшін қолданылады. Мектептегі оқыту практикасында қабырғаға ілетін және таратып беретін графикалық көрнекі құралдарқолданылады. Плакаттарда приборлардың және техникалық қондырғылардың құрылысы мен жұмыс принципін түсіндіретін, схемалар көрсетілуі, сондай ак прибордың немесе қондырғының сыртқы пішіні кескінделуі мүмкін.
Графиктер шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті өрнектеуді ең көрнекі құралдарының бірі. Оларды қазіргі заманғы ғылым мен техникада кең пайдаланады.
Сондықтан оқушыларды графиктерді пайдалана білуге уйрету маңызды. Графиктермен жұмыс істеу оқушылардың функционалдық ойлауын дамытуға ықпалын тигізеді, оларға кұбылыстарды сан жағынан зерттеуге ой салады.
Суреттер және схемалар. Физиканы оқыту , «егер оқыту үнемі түсіндірме суреттермен қоса айтылмаса, мүлде мағынасыз болып табылады, бұл мәселен, геометрияны чертежсіз оқып уйрену мүмкін еместігімен барабар». Сурет те сөз сияқты - реал нәрселердің немесе құбылыстардың жалпыланған бейнесі. Оның орындалуы бәрінен де бұрын белсенді ойлау қызметіне негізделген, жай ғана «қарау» емес, сонымен бірге мәнді мен маңыздыны «көре» білу. Сурет - бұл физикалық құбылыстарды және заңдарды оқып үйрену құралы және оқушылардың физикалық ойлауын өрістететін құрал. Суретті сала білу және сыза білу алуан түрлі кәсіп иелеріне қажетті политехникалық дайындықтың маңызды бір элементі. Суреттер мен чертеждер педагогикалық процестің түрлі жақтарына игі әсерін тигізеді, жаңа материалды түсіндіруді, оқушылардан сабақ сұрауда немесе есептің шартын жазуда уақыт үнемдейді, мұғалімнің конспектісі мен оқушылардың жазғанын оқуға ыңғайлы етіп, неғұрлым қөрнекі көрсетеді және тәртіптейді , материалды қайталауда еске түсіруді оңайлатады.
Электр тізбектерінің схемаларын сызу графиктік дағдылар тұрғысынан қарағанда оңайырақ, бірақ оның өзіне тән қиыншылықтары бар. Оқушылар шартты белгілеулерді жақсы білуі және оларды ГОСТ-қа сәйкес орындауға тиіс.
Эпипроекция.
Физиканы
оқытуда мөлдір емес нәрселерді проекциялау
жәна суреттерді эпидиаскоптың кәмегімен
экранға проекциялау
сияқты көрнекілік құралдары кең түрде
қолданылады.Оқулықтарда, журналдарда
немесе ғылыми-көпшілік кітаптарда
сабаққа керекті суреттер болса, ал
репродукцияда оның
үлкейтілген
кескінін алу мүмкін болмаған жағдайларда
эпипроекция
пайдаланылады.Сондай-ақ
эпипроекцияны кейбір ұсақ детальдарды
және приборларды
проекциялау үшін де пайдаланады.
Мәселен, балқымалы
сақтандырғыштардың құрылысын түсіндіргенде
соңынан экранға проекциялайды, бұл
кезде оқушыларға приборлардың паспорттық
деректерін көру мүмкіндігі туады.
Диапроекция. Физика сабақтарында экранға мөлдір картиналарды: диапозитивтерді, диафильмдерді және кинофильмдерді проекциялау кең қолданылады.
Диапозитивтерді физика курсында пайдалану картиналардың, схемалардың және алуан түрлі суреттердің қолданылу облысын едәуір кеңейтеді.Диапозитизтердің арнаулы наборлары 7 және 8 сыныптар үшін жеке шығарылған.
Лекция № 5
Физиканы проблемалық оқыту.Программалап оқыту.
Компьютерде оқытуға арналған оқыту,
анықтамалық,модельдеу программасы.
Физикадан проблемалық оқытуды іске асыру үшін оқушылардың алдында проблема туғыза білу қажет. Физиканы оқыту кезінде проблемалық жағдай жасаудың бірнеше тәсілі бар.
Бірінші тәсіл – оқушыларды физикалық құбылыстарды, зерттелетін фактілерді, олардың арасындағы сыртқы сәйкессіздікті теориялық тұрғыдан түсінуге ыеталандыру. Бұл олардың ізденіс әрекетін тудырады да, жаңа білімді белсенді меңгеруге итермелейді. Бұл қағида «Центрден тепкіш күштің анықтамасы және центрге тартқыш механизмдер» тақырыбына арналған физика сабағынан жақсы байқалады. ПРоблемалық жағдай жасау әдәсә ретінде тәжірибе жасап көрсету қажет.
Екінші тәсіл – оқушылар мектепте, үйде, өндірісте практикалық тапсырмаларды орындаған кезде, табиғатқа бақылау жасау барысында өмірдің тосын жағдайларын пайдалану. Мұндай проблемалық жағдайлар оқушылар алдына қойған мақсатына өз беттерімен жетуге талпынғанда пайда болады. Әдетте, оқушылар тосын жағдайдың қорытындысында проблеманы өздері тұжырымдайды.
Үшінші тәсіл – физикалық құбылыстарды түсіндіруге немесе оны іс жүзінде қолдану жолдарын іздестіруге арналған проблемалық оқыту оқу әдісі. Оған оқушылардың физикалық лаборатория мен шеберханадағы, т.б. сабақтардың кез келген зерттеу жұмысы мысал бола алады. Мәселен, «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы» тақырыбында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: егер су жүретін шүмектің тесігінің бір бөлігін су бұрынғыдан үлкен жылдамдықпен ағады. Осы құбылысты түсіндір. Оқушылар құбылысты шешудің жолын қарастырады.
Төртінші тәсіл – оқушыларды табиғатты шынай болмыс жөніндегі түсініктермен нағыз ғылыми ұғымдар арасындағы қайшылықтарды талдауға ынталандыру. Мысалы, оқушы болаттың тығыздығы судың тығыздығынан жеті – сегіз есе артық екенін жақсы біледі. Сұйықтардағы беттік керілу құбылысын зерттей отырып, олар инені су бетінде жүздіріп тәжірибе өткізеді, ол батпайды. Проблемалық жағдай туады. «Неліктен жазда биік таудың шындарында мәңгі мұз бен қар жатады?» Сұраққа жауап бері үшін, оқушылар зерттей жүргізеді.
Бесінші тәсіл – болжаулар ұсыну, қорытындыыларды тұжырымдау және оларды тәжірибе арқылы тексеру.
