Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция КАЗ.ФОӘ.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367 Кб
Скачать
☆

Лекция №7 Жаңа педагогикалық технологиялар

«Педагогикалық технология» түсінігі педагогикалық ғылымға ондаған жылдар бұрын жол ашты. Өйткені педагогикада гуманитарлық (педагогикасынан бастап) ғылым ретінде Я. А.Коменский және ежелгі дәуірдің педагогикасынан бастап қалыптасқан тәрбиелеу мен оқытудың әдістерін дидактикалық анықтауы үйреншікті және түсінікті болды. XX ғ. өзгеше қасиеттер пайда болды. Атап айтсақ ХХғ. басында техниканың қандай да бір саласының дамуына әсер етіп қоймай, оқу үрдісіне де әсер етеді. Ол оқу үрдісіне еніп, өзінің қағидасы мен заңдылықтарына көндіреді. Осылай 50 жылдары жоғары және орта оқу орындарында түрлі оқытудың технологиялық әдістері пайда болды. Ең бірінші «Омск», «Огонек», «Лингва» тренажерлары және «К-54» техникалық қүрылғылары және т.б. болды. Содан кейін кең бағытта ЭВМ-ге көшті.

Техниканың оқу үрдісіне енуімен Батыста білім алудың технологиясы жайлы сөз болды және оны техникалық оқу құралдарымен байланыстырылды. Ресейде «білім алу технологиясы» түсінігін «педагогикалық технология» терминіне дейін кеңейтті:

«Технология» сөзі (гректің - өнер, ғылым, деген мағынасын білдірді) шығармашылық үрдістерді өткізу әдістері мен амалдары туралы білімнің жиынтығы. Бүлбілімдердіңжиынтығын «жүйе» ретінде түсініп көптеген авторлар жұмыстарында оқу үрдісінің технологиясы туралы айтады.

Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық (оқыту) технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен пайдалануда әртүрлілік басым.

«Технология — өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы»,— деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген.

Педагогикалық технология — педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (Кларин М.В.).

Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М.).

Технология - дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі (Чошанов М).

  • Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы (Беспалько Б.П.).

  • Педагогикалық технология дегеніміз – жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесінің сипаттамасы (И.П.Волков).

  • Педагогикалық технология дегеніміз оқу процесін іске асырудың мазмұндық техникасы (В.П. Беспалько).

  • Педагогикалық технология - оқыту процесін еткізудегі, ұйымдастырудағы, жоспарлаудағы мұғалім мен оқушы үшін жағдай жасап, бірлескен педагогикалық қызметінің барлық бүге-шүгесі ойластырылған үлгісі - моделі (В.М.Монахов).

  • Педагогикалық технология - оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын, әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар бірлестігі, ол педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).

  • Педагогикалық технология - оқыту процесін ұйымдастыру ұйытқыларының тәуелді бірліктегі қызметінің нақты, мазмұндық көрінісі.